Ақ босағаОтбасы

Ерлі-зайыптылар арасындағы жыныстық қатынасты не бұзады?

Клиникалық сексолог-психолог Валентин Денисов-Мельников жұпта жыныстық қатынастың неліктен жоғалып кететінін және баланың туылуы жыныстық қатынасқа қалай әсер ететінін айтты.
Сарапшының сөзінше, жылдар өте келе ер адам жыныстық қатынасты азырақ қалайтын болады.  Ол әйелін сүйіп, қадірлесе де оны төсекте қаламайды екен.

“Бұл Жеңіл жүрісті-Мадонна деп аталатын комплекске байланысты болады. Егер ер адам әйелді өте қатты сүйсе, ол оны анасындай көре бастайды”, – дейді сексолог.

Бұл жағдайда жыныстық өмірді жандандыруға болады. Ер адам қарым — қатынастың басында жұбайының қандай болғанын еске түсіріп, оған тартымды әйелдің бейнесіне оралуға көмектесуі керек. Қарым-қатынаста жоғары нәтижеге қол жеткізу үшін екеуі де тырысуы қажет.

Баланың дүниеге келуі – ерлі-зайыптылардың жыныстық өміріне нұқсан келтіретін тағы бір фактор. Маманның сөзінше, лактация кезеңі ерлі-зайыптылардың жыныстық өміріне кері әсер ете алады.

Әйелде либидоны басатын гормондар шығады, сонымен қатар оның үнемі ұйқысы қанбай жүреді. Кейбіреулерде босанғаннан кейінгі күйзеліс те пайда болуы мүмкін.

Осы орайда отбасында кикілжіңдер туындай бастайды. Ер адам балаша өзіне аз көңіл бөлінетініне ренжитін болады.

Сексолог ер азаматтарға әйелдеріне түсіністік танытып, демалуға мүмкін беруін сұрады. Уақыт өте келе әйел адамның жыныстық қатынасқа деген ынтасы өздігінен оянуы мүмкін.