1. Бетке арналған жақпамайды аз ғана мөлшерде алып, саусақты суреттегі сызықтар бойымен жүргізесіз
2. Домалақ айналымдар арқылы иық тұсынан бастап мойынға массаж жасаймыз. Құлақ тұсына дейін жету керек. Шамамен 10-15 рет қайталаймыз. Бұл беттегі ісіктерді қайтаруға ықпал етеді
3. Мұрын мен ерін айналысындағы қатпарларды кетіру үшін бет сопақшасынан көзге дейінгі аймаққа баяу қимылмен массаж жасаймыз. Бұл әдісті де 10-15 рет қайталаймыз
4. Әжімдердің ерін айналасында болмауы үшін массаждың пайдасы зор. Иек тұсынан бас-тап, мұрынға дейін дөңгелектеп саусақтарымызды жылжытамыз. Одан кейін мұрын мен маңдайға қарай бағыттаймыз. Ол қас арасындағы әжемдерді кетіреді.
5. Көз тұсындағы әжемдерді кетіру үшін оның айналасын баяу массаж қимылдары арқылы уқалаймыз.
6. Қабаққа арналған массаж оның салбырауынан сақтайды. Ол үшін саусақ ұштарымен қастың төменгі бөлігін уқалаймыз. 10 реттен артық жасасаңыз нәтижесі жақсы болмақ.
7. Мойындағы әжімдерді азайту үшін құлақ тұсынан иыққа дейінгі аймақты массаж қимылдары арқылы сергітеміз.
МАССАЖДАН КЕЙІН БЕТТІ ЖУЫП, АРНАЙЫ МАСКАЛАРДЫ ЖАҒЫП
20-30 минут ТЫНЫҒУ КЕРЕК! Осы сәтте бет сергіп, оның жаңа болмысы пайда болады.
Массажды ұсынған – жапон массажының халықаралық дәрежедегі шебері Назым Мукайяма. 20 жыл Жапонияда тұрған шебердің бұл салада 15 жылдық тәжірибесі бар. Ол Жапонияның Осака қаласындағы Косметология және жапондық массаж академиясын бітірген. Қазақстандағы тұңғыш жапондық массаж мектебі мен салонының негізін қалаушы. Бетке, денеге нүктелеу арқылы жасалатын шиацу массажының шебері. Сондай-ақ, Назым бетке және денеге арналған бірнеше массаж түрінің авторы.