Ең маңызды! Косметиканың трендтегі бояу болуы маңызды емес. Бірінші кезекте – оның тұрақтылығы мен сапасы. Сонда ғана түнібойы жайнаған жүзден нұр таймайды. Құрылымы мығым көз бояуын, суға төзімді сүрме мен далап таңдаған жөн. Ондай өнімдерді қайдан табуға болады? Ол туралы мақала барысында толық жазамыз.
Тазалық керек. Кез келген макияждың негізі – тыныққан, таза және сау тері. Тональді кремді жақпай тұрып, айраннан маска жасаған абзал. Ұлпадай тері мен нарттай қызыл бетке ыстық және салқын суды алмастырып жуу арқылы қол жеткізуге болады.
Сәйкесін таңдаңыз! Тональді кремді бет түсіне қарай таңдау керектігі аян. Көзге оғаш көрінетін кемшіліктер болмаса, жеңіл опа жаққан дұрыс. Жылды қарсы алуда аздаған жылтырлық артық етпейді. Енді сапалы тональді кремді қайдан алуға болады? Біз сізге Aden брендінен алуға кеңес береміз.Бұл бренд өнімдері өз даралығын айшықтағысы келетін батыл, өршіл қыздарға арналған. Компания қыздардың сұлулығын айқындап, армандарын жүзеге асырып, көздеген мақсатына жетуіне көмектеседі.

Тартымдылық кепілі. Далап ерекше қанық болғаны жөн. Тартымды көріну үшін ерін макияжын назарсыз қалдырмаңыз. Қарындашпен жиектеп, ашық далап жағыңыз. Ақшыл сары қарындаш барлық далаппен үйлеседі және ерінге қосымша көлем сыйлайды.
Жанарыңызға екпін беріңіз. Көз бояуының реңкі нұрлы қабықтың түсімен сәйкес келуі тиіс. Найзадай кірпіктерді жылтырақ көз бояуларымен толықтырған дұрыс. Табиғатыңыздан қайқайған, қалың кірпіктің иесі болсаңыз, жасандысына жүгірмей тек сүрме жағу жеткілікті. Қабақ бояуының сапаласын таңдаңыз. Сонда ол кеш бойы көзіңізден кетіп қалмайды. Мысалы, Aden компаниясының қабақ бояулары өзінің тұрақтылығымен талай қыздың жүрегін жаулап алды.
Aden косметикасының ерекшелігі:
- Құрамында бояғыш зат
- Синтетикалық иістендіргіш
- Парабен
- Мұнайдан
- Жануардан алынған өнімдер жоқ.
Өнім Италиядағы зертханада дайындалып, Германия, Чехия, Италия, Венгрияда шығарылады. Бұл косметиканың сапасын көтеріп, бағасына сай өнім ұсынуға мүмкіндік береді.
Мінсіздік. Ерін мен көз макияжы үйлесуі тиіс. Көз бояуына сай далап таңдалады. Қайсысына екпін беретініңізді өзіңіз таңдаңыз. Егер жанарыңызды айшықтағыңыз келсе, ерінді шиедей етіп бояудың қажеті жоқ.
Мойыл көз. Қоңыр шашты қыздарды түрлі түсті бояудың көмегімен шырайландыру оңай. Аққұба және ақсары бикештердің ажарын қоңыр қызғылт, қола және жидек түсті өңліктер ашады. Олар кофе, шоколад және кірпіш түсті көз бояуларын таңдағаны абзал. Бұларды көк, құмды және алтындай жарқын бояулармен үйлестіруге болады. Көк, қошқыл жасыл, алхоры түсті көз бояулары қара торыларға жарасады.
Аққұба ару. Сары шашты, аққұба қыз-келіншектер косметиканы көз бен бұрым түсіне сай таңдау қажет. Терінің өңін де естен шығармаған жөн. Алқызыл не қып-қызыл өңлік табиғи сұлулықты айқындай түседі.