Жан әлемі

Жетімнің көзі жасты екен

Анашым, сен маған әлемнің жарығын сыйласаң да, аналық мейірім, шуағыңды, жан-жылуыңды бере алмадың. мен мына жарық дүниенің есігін ашар-аспастан, тастанды атандым...

Сәбилер үйіндегі өзім сияқты ешкімге жазығы жоқ бейнкүнә жетімдермен үш жасқа дейін бірге өсіппін. Анашым, мен қырық жыл бойы маған жат, бөтен жандарды туған ата-анам санап, кіндік қаным тамбаған жерді атамекенім деп, алданып жүріппін. осы жасыма дейін мен бірде құлап, бірде тұрып, бірде жылап, бірде күліп өмір кешіппін-ау. Кімге ренжіп, кімге өкпе артып, кімді кінәлап, сөгерімді де білмеймін. Өмірге әкеліп, жетімдер үйінің босағасына тастап кеткен сізге ме, әлде үш жасымнан жетімдер үйінен асырап алып, ер жеткізген өгей ата-анама ма, әлде маңдайыма жазылған тағдырыма ма, кімге өкпе артам?! мен Жетісу өңірінің алыс бір ауылында мейірім-шуаққа шөліркеп, өте жуас, қорқақ, әлсіз болып ер жеттім.

Анашым, мен қырық жыл бойы маған жат, бөтен жандарды туған ата-анам санап, кіндік қаным тамбаған жерді атамекенім деп, алданып жүріппін. осы жасыма дейін мен бірде құлап, бірде тұрып, бірде жылап, бірде күліп өмір кешіппін-ау. Кімге ренжіп, кімге өкпе артып, кімді кінәлап, сөгерімді де білмеймін. Өмірге әкеліп, жетімдер үйінің босағасына тастап кеткен сізге ме, әлде үш жасымнан жетімдер үйінен асырап алып, ер жеткізген өгей ата-анама ма, әлде маңдайыма жазылған тағдырыма ма, кімге өкпе артам?! мен Жетісу өңірінің алыс бір ауылында мейірім-шуаққа шөліркеп, өте жуас, қорқақ, әлсіз болып ер жеттім.

Көңілдері түссе – көлдей, жайшылықта – шөлдей болатын ата-анам өздерінің ұрпақсыз өтіп жатқан ғұмырларына бейнебір мен жазықтыдай, мені кіналап, ашу-ызасын да менен алатын. Тағдырдан жеген соққым аздай, талай рет ауыл балаларынан да таяқ жеп, «Сен жетімсің! Сені мына кемпір-шал жетімдер үйінен асырап алған» деген сөздерді де естідім. Алаңсыз өтетін балалық бал-дәуренім де ұзақ түнге ата-ана мейірімін аңсаумен, аялы алақанды сағынумен, жастығымды жасқа шылаумен өтетін. менің балалық шағымда көрген қиянатқорлығымды ешбір жанның басына салмасын. Себебі, әрбір сәби жарық дүниеге бақытты болу үшін келеді.

Иә, өмір бір ізді болып өтіп жатты. Әкем қайтыс болды, мен апа дейтін анам да соңғы уақыт көп ауырып кетті. Демі үзілер шақта мені шақырып алды да, тілдей қағазды ұсынып: – Балам, кешір, мен өмірден өткен соң бұл ауылдан кет! Анаңды тауып ал. мынада аты-жөні, бәрі жазылған. осындай ақиқат күні боларын біліп, сақтап жүр едім. Туған анаңды ізде! Тілімді ал, балам! Сол кезде басымнан өткерген алапат сезімді, жандүниемнің түршігіп, ақыл-ойымның қалай сергелдеңге түскенін сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Сол анамды арулап жерлеп, жетісін, қырқын өткізген соң, Алматыға келіп, дәрігерлер дайындайтын жоғары оқу орнының мұрағатына келіп, анамды іздей бастадым. Таптым. Анамды таптым. Өмірде бар екен.

 Бірақ… қалай кездесем? не деп айтамын? Кіммін деймін? Біраз уақыт бір шешімге келе алмай, ойланып та жүрдім. Ақыры үйіне телефон соқтым. – Сәлеметсіз бе, оразкүл апайды болады ма? – Сәлеметсіз бе? Кім сұрайды екен? – Ауылдан келіп едім… Апам… сәлем айтып еді… – Ағай, апам Қалқамандағы аурухананың жан сақтау бөлімінде жатыр.

Қолымнан телефон тұтқасы түсіп кетті. Жүрегім сыздап барады. Ауруханаға жеткенше асықтым. Анашым, аман болшы. Бір-бірімізден жырақта жүруімізге кім кінәлі болса да, жүзіңді бір көрсем екен… қалған ғұмырымда балалық махаббатымды сыйлап өтер ем… Алақаныңыздан ұстап, көкірегіңізге басымды қойсам, аналық жылуыңызды сезінсем екен… Ағайын, жесірін жауға, жетімін жатқа жаутаңдатпаған қазақ деген ел едік қой, бұл өмірде жетімдер ауылы аз болсыншы… Бар тілегім – осы!

Ләззат Қапышева