лайфхак
Жан әлеміӨзіңді дамыт

Лайфхак: Психологиялық 9 қулық

Өз-өзіне сенімді адам айналасындағылардың бәрімен достық қарым-қатынаста болады. Егер сіздің қасыңызда адамдар өздерін жайлы әрі қауіпсіз сезінсе, сізбен барынша ашылып сөйлеседі. Сондықтан адам өзінің достыққұмар және қарым-қатынасқа ашық екенін білдіріп үйрену керек.

Лайфхак – бүгін адам өмірін жеңілдетудің бір түрі. Ал, психологиялық лайфхак турасында не білесіз? Ендеше, адамға жақсы әсер қалдырудың оңай жолдарын оқып шығыңыз!

Біз бәріміз басқалардың көзіне өз қалпымыздан біршама жақсы және қызықты көрінуге тырысамыз. Алайда, оған кейбірінің өз-өзіне деген сенімі немесе харизмасы жетіспейді. Осы тұста біз сіздерге кез келген жерде әңгімені өрбітіп әкете алатындай бірнеше психологиялық лайфхак ұсынамыз.

1. Көзбен байланыс

Әңгіме барысында 50−70% уақыт адамның көзіне қараңыз. Көз алмай қадалып отырудың қажеті жоқ. Өйткені бұл өте ыңғайсыз көрінеді. Мұндай әдетті дамыту үшін әуелі адамның көзінің түсін есте сақтаудан бастаңыз. Себебі көзге қарап сөйлеу ол адамның әр сөзінің сіз үшін маңыздылығын білдіреді.

2. Дене қалпы

Арқаны тік ұстаңыз. Денені тік ұстап үйрену үшін басыңызға кітап қойып, қайта-қайта жүріп, жаттыққан дұрыс. Алғаш танысқан адам сұлбаңызға қарап сізге деген алғашқы бағасын беріп үлгереді.

3. Дене қимылы

Бір адаммен сөйлескенде онымен бетпе-бет тұрып алмай, жанында 30 градус бұрыш жасап тұрған дұрыс. Мұндай қалып адамдарды бір-біріне жақындастырады. Сондай-ақ, әңгімелескенде қолды көкіректің үстіне айқастырып алмаған дұрыс. Ол сіздің әңгімеге, қарым-қатынасқа жабық екендігіңізді білдіреді, -дейді психологиялық лайфхак ұсынған психолог мамандар.

4. Позитив болу

Бұл лайфхак өзгелерден қиынырақ. Әйткенмен, бір жағымсыз сөзге ең кемінде үш позитивті сөзді қосып отыруға тырысыңыз. Көңілді адаммен әңгімелескен де жағымды емес пе?!

5. Сөйлеу жылдамдығын және қолдың күйін қадағалау

Әдетте тым дауыстап немесе тез сөйлейтін, дауысы ақырын, жай шығатын адамдар өзгенің көзіне аса түсе бермейді. Сөзіне нық адамдар әңгімелесушіге сенім ұялатады.

6. Барынша беріліп тыңдау

Сөйлеп отырған адамның эмоциясына, айтылып жатқан сөздің мазмұнына барынша көңіл аударыңыз. Сұқбаттасушының әр айтқан сөзі сіз үшін маңызды екенін білу адамды бір табан жақындата түседі.

7. Сұрақ қою

Адамға сұрақты бей-жай қоя салмай, жаңа бір нәрсені білуге талпыну қажет. Сол кезде әлгі адамның әңгімені әрі қарай өрбітуге деген ықыласын арттыра аласыз.

8. Уақыттың 30-50%-ында ғана сөйлеу

Бүкіл уақытты өзіңіз алмаңыз, басқаларға да сөйлеуге мүмкіндік беріңіз. Әйтпесе, әлгі адамды өзіңізден «бездеріп» жіберуіңіз әбден мүмкін.

9. Шындық пен қиял арасындағы теңгерімді бақылау

Үнемі мүмкін емес нәрселерді айтып отыратын адамға ешкім сенбейді. Ал, әрдайым күрделі, маңызды нәрселерді айта беретін адамды ешкім тыңдағысы келмейді.


Қарым-қатынаста қай ым-ишараны қай бағытта қолданатынын білу үшін айналадағылардың іс-қимылын, сезімін бақылаңыз. Келесі әңгімелескенде солардың бірін пайдаланып көріңіз. Осы аталған ережелерді мінез-құлыққа біртіндеп сіңдірсеңіз, оларды өз бойыңыздағы қасиетттің біріне айналдыра аласыз.