Жан әлемі

Қарапайым бьюти-қулықтар

Кокос майы – зақымданған шашты қалпына келтіретін керемет өнім. Егер қолыңызда мұндай өнім болмаса, тағамға арналған кокос майын қолдануыңызға болады. Оның құрамында протеин болғандықтан, шашпен қатар тері күтіміне де пайдасы зор. Бұл майды үнемі қолданып жүрсеңіз, көп ұзамай, ұшталған шаш туралы мүлдем ұмытасыз.

Шашқа арналған сепкіш

Көбіміз ыстық күндері салқындау үшін термальды су қолданамыз. Бұл суды үнемдегіңіз келсе, орнына қарапайым бүріккішті қолдануға болады. Минералды немесе тазартылған суға шай қасық тұз қосып, бүріккішке құйыңыз. Тұзды сумен бетіңізді ұдайы ылғалдандырып отырыңыз. Теңіз суы беттегі бөртулер мен түрлі кемшіліктерді жоя алады.

Сулы майлық шаштағы статикалық тоқты кетіреді

Шашыңыз статикалық тоқтың салдарынан бет терісіне жабысып, жағымсыз әсер қалдырады. Бұл жайсыз күйден арылу үшін шашты күнделікті өзіңіз қолданып жүрген сулы майлықпен сүртіп шығыңыз. Майлық шаштағы тоқты бірден жояды.

Йогуртты крем орнына қолдану

Егер, сіз күнге күйіп қалсаңыз, күйікке қарсы өнімді сатып алуға асықпаңыз. Тоңазытқышыңызда тұрған йогурт немесе қаймақ бұл мәселені лезде шешеді. Себебі, қышқыл сүт өнімдері теріні тыныштандырады. Бұйралағыш құралдардың кесірінен зақымданған шашты да йогурттың көмегімен қайта қалпына келтіруге болады.

Алма сірке суы тоникті алмастырады

Беттегі майлы жылтырдан арылу үшін алма сірке суын қолданыңыз. Егер тоник немесе лосьоныңыз таусылса, мақталы дискке сірке суын құйып, беттің майлы жерлерін сүртіп шығыңыз.

Зәйтүн майы бет бояуын кетіреді

Зәйтүн майының құрамында пайдалы элементтер өте көп. Оны тағамның қоспасы ретінде ғана емес, жуынуға арналған сүтше ретінде де қолдануға болады. Бет бояуын кетіруге арналған өнімдердің құрамында май болғандықтан, ол косметиканы лезде әрі еш қиындықсыз кетіре алады. Егер сіз сумен қатар зәйтүн майымен шайынсаңыз, теріңіз тазарып қана қоймай, нәзік бола бастайды.

Майлы жылтырды кофе сүзгішпен сүрту

Кофе сүзгішкофені тазартуға арналған қағаз іспеттес құрал. Егер үйде немесе кеңседе отырғанда теріңіз жылтырай бастаса, бетіңізді осы қағазбен сүртіңіз. Бұл бет жылтырына қарсы майлықтардың орнын басатын, таптырмас шешім.

Көк шайдың көмегімен көз асты қалталы ісіктерден арылу

Үйіңізде көз асты кемшіліктерін кетіруге арналған крем болмаған күннің өзінде, шай міндетті түрде болу керек. Шай жапырақтарының құрамында кофеин болғандықтан, ісікті лезде басады. Көк шайды суық суға салып, көздің астына 5-10 минутқа қойып қойсаңыз, қалталы ісіктерден арыласыз.

 Жабысқақ таспамен сүрмені түзу сызу

Көзіңізге сүрмені түзу сызуды үйрене алмай қойсаңыз, жабысқақ таспаны (скоч) пайдаланыңыз. Өзіңізге керек ұзындықты өлшеп, таспаны екіге қиып алыңыз. Біреуін көздің сыртқы бұрышына, ал екіншісін қабақтың үстінен орын тастап жабыстырыңыз. Пайда болған бос орынды сүрмемен бояңыз. Айтулы бұйымның көмегімен қолыңыз кідірмей, сүрмені мүлтіксіз сызып шығасыз.

Тісті ас содасымен тазалау

Бұл ертеден келе жатқан тісті ағартудың бір тәсілі. Пастаға ас содасын қосып тазалау тістің сарысын кетіріп, шай мен кофеден қалған қақты жояды.

Сұлы жармасымен шомылу

Сұлыны таңертеңгілік ас ретінде ғана емес, ваннаға арналған қоспа ретінде де қолданған өте пайдалы. Оның құрамында құрғақ теріні ылғалдандыратын май және қант бар. Қант қоспасынан пайда болатын гель тектес сұйықтық терінің ылғалдығын сақтап тұрады. Жылы суға 200-300 грам сұлы сеуіп, шайынсаңыз теріңіз айтарлықтай нәзік бола бастайды.

Вазелин әтірдің тұрақтылығын сақтайды

Егер сіз әтірді білек тұсқа себуді ұнатсаңыз – бұл сізге арналған таптырмас қулық. Әтірді қолданбас бұрын білегіңізге вазелин жағып қойыңыз. Пайда болған майлы негіз иістің ұзақ сақталуын қамтамасыз етеді.

Тіс пастасы және щеткасы тырнақты тазалайды

Бұл тәсілдің көмегімен тырнақтағы сарғылт реңктен арылуға болады. Сізге бар болғаны тіс пастасы мен щеткасы қажет. Тістеріңізді қалай тазаласаңыз, тырнағыңызды да дәл солай тазалап көріңіз. Тіс пастасының құрамында сутек тотығы бар. Ол тек тістегі сарғылт реңкті ғана емес, тырнақ бетіндегі түс өзгерістерімен де күреседі.

Тіс пастасымен күмісті жалтырату

Күміс әшекейлеріңізді тазалағыңыз келсе, арнайы тазартқыш өнімге ақша шығармай, үйдегі тіс пастасын қолданып көріңіз. Сонда сүйікті бұйымдарыңыз қайта жарқырайтын болады.

Кофе мен зәйтүн майынан жасалған скраб

Жылы кофе қалдықтарына зәйтүн майын қосыңыз. Пайда болған қоспаны скраб ретінде таза теріге жағыңыз. Кофе дәніндегі кофеин целлюлиттен арылуға көмектессе, зәйтүн майы теріні жұмсартып, ылғалдандырады.