күйеуім
Жан әлеміОтбасы

Күйеуімді танымаймын

Күйеуім бөтен адам сияқты. Оны кейінгі кезде мүлдем танымайтындаймын. Үйленгенімізге 8 жыл болды, оған дейін екі жыл жүрдік. Соңғы жарты жылда ұрыс пен түсінбеушілік көп. Тіпті мені алдап жүргенін ұстап алдым. Көңілдесі бар сияқты. Телефонын қолынан тастамайды.

Дастан екеуміздің жұбымызға бәрі қызығатын. «Екеуің бір-біріңді көзқарастарыңнан-ақ түсінесіңдер», «Ол сені ылғи аялап отырады», «Осындай сымбатты жігітті қалай қолға түсірдің» деген таныстарымыз бен құрбыларым ылғи бізді үлгі тұтып отыратын. Білмеймін, әлде бір-бірімізден шаршадық па, әлде мен оны әйел ретінде қызықтырмайтын болдым ба – себебі белгісіз. Мен де оны көп қызғанатынды шығардым. Қалай қызғанбайын, бір жерге шыға қалсақ өзге қыз-келіншектерге қылмыңдайды, әріптес қыздар кеш болса да смс жазады, үйде дәретханаға барса да қолынан телефоны түспейді.  Өткенде балалар көлігінің ішіп шашып тастаған соң тазалап жүріп машинаның кілемшесінің астынан мүшақап та тауып алдым. Көзіме шөп салып жүргеніне басқа қандай дәлел қажет?! Тек қолыммен ұстап алған жоқпын әлі. Тауып алған затты көрсетіп “Мынау не?” десем “Менікі емес. Өткенде көлігімді бір әріптесім сұрап мініп кеткен, соныкі шығар” деп ант-су ішеді. Сенбеймін! Сене алмаймын!

 

Ал, жақында күйеуімді мені алдап кетіп, әріптес достарымен отырған жерінен ұстап алдым. Маған көрші қалаға іссапарға кеттім деген. Бірақ сол күні бір таныстарым оның көлігін кафеден көргенін айтты. Ерінбестен сол жерге бардым. Кіріп қалсам әріптестерімен көңіл көтеріп отыр екен. Араларында қыздар да бар. Сонымен не керек, «мені іздеп, неге әріптестерімнің алдында масқаралайсың» деп өзіме тап берді. Сол күні ұрсысып қалдық. Бір шаңырақтың астында өмір сүрсек те 2 аптадай сөйлеспедік. Қиналып кеттім. Қазір депрессияда жүрмін. Жүрегіммен сеземін – ол мені алдап жүр. Көңілдесі бар сияқты. Құрбым «оның ватсап желісін оқып көр» деп кеңес берді. Бірақ батпаймын, оның үстіне қорқыныш та басым. Егер күмәнім рас болып шықса ше? Ажырасайын десем екі баламыз әлі кішкентай, барар жерім де жоқ. Күйеуімді мүлде танымайтын сияқтымын. Бір төсекте жатсақ та, ол менен бірнеше шақырым алыста сияқты сезіледі.

Назерке, Балқаш қаласы

Редакциямызға келіп түскен Назеркенің жағдайы қазір көптеген әйелдерді мазалап отырғаны анық. Қоғамда бір тараптың опасыздығынан, алдау мен сенімнің болмағандығынан қаншама отбасының ойраны шығып, қаншама бала әкесіз тәрбиеленіп жатыр. Ал, бастапқыда бұл жағдай орын алмас бұрын басқаша әрекет еткенде жанұяны сақтап қалуға болмас па еді? Оқырманымыз Назерке “Күйеуім бөтен болып кетті. Оны мүлде танымаймын” деп айтпақшы жан жарыңызды уақытында танып-білгенде ерлі-зайыптылардың арасындағы алау сезімді сақтап қалуға болар ма еді? Сіздің ойыңыз қандай? Ал, сіз өз жарыңызды жақсы танисыз ба?

Логикаға салатын болсақ, ері мен әйелі бір біріне ең жақын адамдар. Сол себепті “құдай қосқан қосағымды өте жақсы білемін” деп ойлау қалыпты жағдай. Ал, шын мәнінде ше? Бір жастықты бөліскен жанның ішінде не бұғып жатқанын білу мүмкін бе? Айтулы жауапты біз ұсынған тесттен біле аласыз. Ол үшін берілген сауалдарға “иә” немесе “жоқ” деп жауап бергеніңіз жеткілікті.

1. Күйеуіңіз/әйеліңіз өзінің жеке құпияларымен Сізбен бөлісе ме?

 
 

2. Сіз оның ең сүйікті түсін білесіз бе? (мысалы: жасыл, қызыл т.с.с)

 
 

3. Жарыңыз өз күйзелістерін қалай жеңіп жүргенінен хабардарсыз ба?

 
 

4. Күйеуіңіз/әйеліңіздің салмағын білесіз бе?

 
 

5. Жарыңызға Сіздің қай жеріңіз немесе қандай қасиетіңіз ұнайтынын білесіз бе?

 
 

6. Жарыңызға Сіздің қандай қасиетіңіз немесе қай жеріңіз ұнамайтынын білесіз бе?

 
 

7. Сүйіктіңіздің сүйікті асын білесіз бе?

 
 

8. Жарыңыздың әлсіз жері, я әлсіз қасиетін білесіз бе?

 
 

9. Жарыңыздың қоғамдық жұмыстарын білесіз бе?

 
 

10. Жарыңыздың ең үлкен қорқынышын білесіз бе?

 
 

Вопрос 1 из 10

 

Ұқсас мақалалар:

Күйеуім бірінші әйелімен көңілдес

Күйеуім барлығымызға ортақ

Біз ұсынған тест көңіліңізден шықты ма? Ұнаса төмендегі 👇сілтеме бойынша өзіңіздің әлеуметтік желідегі парақшаларыңызда бөлісіңіздер