Cән мен сұлулықБет күтімі

Қас ламинациясы. Зиян ба, пайдалы ма?

Егер осыдан бірер жыл бұрын қасқа татуаж жасау сәнді болса, бүгінде көпшілік табиғи сұлулыққа бет бұрған. Ламинация - бұл қастың пішіні мен түсін өзгерту мақсатында жасалатын сұлулық процедурасы. Оның арқасында қас клиенттің бет әлпетіне сәйкес етіп жасалады. Содан кейін қасқа ылғалдандыратын және икемді ететін арнайы сұйықтық жағады. Ламинация қастың нәрленіп, қалпына келуіне, шаштардың жылдам өсуіне ықпал етеді. Аталған сұлулық процедурасы кезінде адам ауырсынуды сезінбейді.

Көрсеткіштер:

Татуаждан және басқа да процедуралардан кейін қастардың нашарлауы;
Қас пішінінің асимметриясы;
Икемге келмейтін шаштар
Қастың бет әлпетке сәйкес келмейтін пішіні;
ашық түсті немесе тез түсіп кететін қастар;

Қарсы көрсеткіштер:

Жүктілік кезі (әр түрлі асқынулар мен кері реакциялар болуы мүмкін);
после недавних операций в области бровей, а также при наличии в рабочей зоне сыпи, раздражения, повреждений кожи (возможно усиление раздражения, воспаление).
Қас аймағында жаңадан ота жасалса, сондай-ақ бөртпе, тітіркену, терінің зақымдануы болған кезде
Көз аурулары
Ламинация кезінде қолданылатын компоненттерге аллергия бар болған жағдайда процедураны жасауға болмайды.

Процедураның артықшылығы:

Қас әдемі және табиғи болып көрінеді;

Қасқа өзге процедуралардағыдай зақым келмейді;
Қасқа қосымша күтім жасау қажеттілігі жоғалады;
Қастардың түсі қанық болады;
Процедураның әсері бірден байқалады;
Бір күннен кейін ваннаға, саунаға, хауызға және басқа жерлерге бара аласыз.
Процедураның кемшілігі:
Ламинация тыртықтарды жасырып, тым сирек немесе жоқ қастарды тез түзете алмайды (тек шаштың өсуіне әсер етеді);
Қастардың ұзындығы мен енін өзгерте алмайды;
Артық шыққан шаштарды анда-санда жұлуға тура келеді;
Процедураның әсері тым ұзақ емес, ұдайы қайталап жасатуға тура керек;.

Ламинация қалай жасалады?

Ең әуелі маман қастың ерекшеліктерін бағалап, клиенттің не қалайтынын анықтайды. Содан кейін бетті косметикадан тазартып алады. Содан кейін теріні жұмсартып, тегістейтін құрал қолданылады. Ол кейінгі жұмысты жеңілдетеді. Қас ерекше бояумен боялады. Содан соң құрамында кератині бар құрал жағылады. Ол шаштарды нығайтады. Нәтиже бір ай бойы сақталады. 1-2 айдан соң процедура қайта қайталанады.