ДенсаулықСаулық үшін

Микротолқынды пештің зиянын білесіз бе?

Қазір бәріміз «Тез-тез ысытып жіберейін» деп микротолқынды пешке қарай тамағын ала жүгіргеміз. Таңғы жұмысқа жиналатын қарбалас кезде, асығыс- үсігіс үлгермей жатқан сәтте тоңазытқышта тұрған асыңызды демде микротолқынды пешті қосып, ысыта қоямыз. Мұның барлығы тұрмысымызға етене ентіп, өзімізге қалыпты жағдай болып көрінеді.

«Әзір-мәзір» пешті ойлап тапқан адамның атына «айналайыныңызды» жаудыртып жүрген боларсыз. Асықпаңыз!

1970 жылдары енді қолданысқа ене бастаған уақытта Ресей өз елінде бұл пешті тұтынуға қатаң түрде тыйым салған. Тыйып тастауға сол кездегі ғалымдардың дәлелдері сеп болыпты. Шетелдік ғалымдар сіздің «айналайын пешіңізден » қандай кінәрат тапты? Ресей Федерациясының Тағамтану Академиясындағы ғалымдар тәжірибе жасайды: сүзгіден өткізілген суды екі ыдысқа бөліп құяды. Біріншісін, оттағы қазанда ысытса, екіншісін микротолқынды пеште қыздырады. Қайнаған сумен бірдей екі өсімдікті суарады. Нәтижесінде, микротолқынды пештен шыққан су құмырадағы гүлді қуратып жібереді. Академиктерді таңғалдырған қорытынды микротолқынды сатып алмауға сеп болатын мынадай тұжырымдар жасайды.

Біріншіден, миға зиян дейді ғалымдар. Үнемі микротолқынды пеште дайындалған тамақты тұтыну миды қалпына келмейтін ауруға ұшыратады. Адам жадындағы электрлі импульс төмендейді.

Сондай-ақ, ағза өзіне бейтаныс, қажетсіз заттарды ысырып тастай алмай қалады. Зиянды өнімдерге қарсы тұруға қарқарсызданады. Яғни, зат алмасу процесі тоқтайды. Бұл – семіздік ауруына ұшыраудың «таптырмас» жолы.

Үшіншіден, ер дамдарда әйелдердің, әйелдерде ер адамдардың гормондары көбейеді. Мұндай белгі сыраны көп ішетіндердің бойында да бар. Семіздікпен қоса, асқазан, ішек пен қандағы рак американдықтар арасында тым жиі кездесетін ауру. Олардың обырға жиі шалдығуына микротолқынды пеште тез әзірленетін тамақтарды пайдалануы себеп.

Сондай-ақ, толқынды пеште қыздырылған тамақтың ДНҚ-нің өзгеруіне, есте сақтау қабілетінің жоғалуына соқтыратын «құдіреті» бар. Югославия соғысы кезінде микротолқынды пешті жойқын қару ретінде пайдаланған. Қалайша? Ресей ғалымдарының айтқан ақылына сүйеніп, Белград қаласының тұрғындары американдық қанатты зымырандарға осы пеш арқылы тойтарыс берген деседі. Дабыл қағылған сәтте толқынды пештерін балкондарына ұзартқыш арқылы шығарып, бұғақтаушы клемманы басып, зымырандарға бағыттаған. 1,5 шақырымға дейінгі жау нысанының тас-талқанын шығарған. Олардың американдық зымырандардан айырмашылығы микротолқынды пеш болғандығында ғана. Жүздеген белградтықтар толқынды микротолқынды пештің сәулелері арқылы дұшпанына қарсылық көрсеткен. Майда көлемдегі толқындардың электростанцияларды жарып жіберетін күші болғанда, тамақтың құрамын «жарып» жіберу түк емес. Пеште орнатылған толқындар қалааралық, мемлекетаралық телекоммуникацияны және Жерге ғарыш арқылы Ғаламторды байланыстырып тұр. Мінеки, орасан күшті бойына сыйдырып, бар жоғы үйдің кішкене бөлігін алып тұрған аспап- та дайындалған тағамды жиі тұтыну ағзадағы гемоглабиннің азайып, майдың көбеюіне себепкер екен.

Баласының қарны ашып жылаған кезде сүтін не ботқасын лезде «көмекшісінің» қойнына сүңгітіп жіберетін аналар аз емес.

Мұндай әдіспен дайындалған ас ең нәзік саналатын бала ағзасына орасан зор зиян әкеледі. «Бүйрек, бауыр ауруларына шалдықтырады, уақытымен жетіліп, тілі мен аяғының шығуын кешеуілдетеді», – дейді мамандар. Ұсақ, көзге әрең ілігетін толқындардың алыпқа бергісіз күші сіздің үйіңізде болса, тұтынуға, одан әрі құтылуға асығыңыз. Мереке- ге қарсы ас үйдегі ханшайымығызға сыйлауға да асықпаңыз. Иә, қаладағы техника сататын дүкендерде микротолқынды пештің сан түрі кездеседі. Атқаратын жұмысына қарай бағалары да әр қилы. 12 мың теңгеден 50-60 мың теңгеге дейін жоғарылайды. Сатушылардың айтуынша: «Казір адамдарда уақыт тым аз, жылдамдықты жақсы көреді. Сондықтан болар, жылдам, қолдың көмегінсіз өзі дайын- дай беретін микротолқынды пеш, мультеқайнатқыштарға, буқайнатқыштарға сұраныс көп».

«…Уақыт жоқ, уақыт жоқ деп, Уақытқа бақырамыз, Осы біздер қай жаққа асығамыз».