Егер уайымға бейім болсаңыз, мына психологиялық тест сізге көмектеседі. Барлық сұрақтарға «иә» немесе «жоқ» деп жауап беріңіз. Сосын тест нәтижесін бірге көрейік.
- Мен шаршамай жұмыс істей аламын.
- Қолайсыз жағдайларға қарамай, уәдемді орындаймын.
- Үнемі аяқ-қолым жылы жүреді.
- Бас ауруы мені сирек мазалайды.
- Мен өз қабілетіме сенімдімін.
- Біреуді күткенді ұнатпаймын.
- Кейде өзімді керексіз сезінемін.
- Мен бақытты екенімді білемін.
- Кез келген дүниеге назар аудара бермеймін.
- Бала кезімде берілген бұйрықтарды бірден орындайтынмын.
- Айына бір рет асқазаным ауырады.
- Бір нәрсеге жиі мазасызданамын.
- Өзгелерге қарағанда өзім сабырсыз сияқтымын.
- Мен ұялшақтардың қатарынан емеспін.
- Өмір қиындықтардан тұрады.
- Кейде өзіме қатысы жоқ дүниелерді сөз етемін.
- Мен көп жерде өзімді ыңғайсыз сезінемін.
- Болмашы нәрсеге де ренжи беремін.
- Жүрегім дүрсілдеп, жиі ентігіп қаламын.
- Барлық таныстарымды ұната бермеймін.
- Бір ой мазаласа ұйықтай алмаймын.
- Өте сабарлымын, сондықтан ренжіту оңай емес.
- Қорқақпын, түнде шошып оянатын сәттер болады.
- Барлығын шынайы көріп, жүрекке жақын қабылдаймын.
- Ашуланған кезде тіпті терлеп кетемін.
- Ұйқым тыныш емес, түнде жиі оянамын.
- Әрине, жеңілген ұнамайды!
- Мен басқаларға қарағанда сезімталмын.
- Кейбір әдепсіз, ерсі әзілдер де күлкімді келтіреді.
- Мен де өзгелер секілді өміріме риза болғым келеді.
- Асқазаным қатты мазалайды.
- Үнемі материалдық дүние үшін қам жеймін.
- Адамдардан зияны тимейтінін біле тұра адамдардан күдіктенемін.
- Қиындықтар көп сияқты, мен оны жеңе алмайтындаймын…
- Мен болмашыға абыржып қаламын.
- Уақыт өте әр нәрсеге алаңдайтыным соншалықты ұйқыдан қалдым.
- Ерегістен қашу керек деп есептеймін.
- Менің жиеркенішімді тудыратын істер бар
- Жұмысқа, не кездесуге кешікпеймін.
- Кей уақыттарда өзімді керексіз сезінемін
- Кейде боқтап жібергім келеді.
- Үнемі біреуге, не бір нәрсеге мазасызданамын да жүремін.
- «Сәтсіздікке тап боламын» деп алаңдап жүремін.
- Ұялшықтығымды ойлап қорқамын.
- Үмітсіздік те мені үрейлендіреді.
- Мен күйгелек адаммын.
- Бір нәрсе жасайтын кезде қолдарым дірілдеп кетеді.
- Ылғи аштықта жүретіндеймін.
- Өзіме деген сенімділік жетіспейді
- Суық күнде де терлеп жүремін.
- Ешкімге айтпайтын дүниелерді жиі армандаймын.
- Ішім өте сирек ауырады.
- Қандай да бір жұмысты игеріп кету маған қиындық тудырады.
- Табиғатымнан мазасызбын, тіпті бір орында ұзақ уақыт отыра алмаймын.
- Хаттарға бірден, оқыған кезде жауап беремін.
- Тез уайымға салынамын.
- Ешқашан ұялмаймын.
- Достарым мен таныстарыма қарағанда менде қорқыныш, уайым көп.
- Бүгін істеу керек дүниені ертеңге ысыратын кездерім болады.
- Бар күшімді салып жұмыс істеймін.
Тест қорытындысын есептеңіз:
✅ Мына нөмірлерді – 6, 7, 9, 11, 12, 13, 15, 18, 21, 23, 24, 25, 26, 28, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 38, 40, 42, 44, 45, 46, 47, 48, 49, 50, 53, 54, 56, 60 – «Иә!» деп белгілесеңіз 1 балл,
✅ал мына сұрақтарға 1, 3, 4, 5, 8, 14, 17, 19, 22, 39, 43, 52, 57, 58 – «Жоқ!» деген жауап берілсе 1 баллдан бересіз.
✅Ал 2, 10, 55 тармақтарға «иә» және 16, 20, 27, 29, 41, 51, 59 тармақтарына «жоқ» десеңіз, мұны «жалған» деп есептейміз. Егер осындай сұрақтардың жауаптары 5 баллға жетсе тест нәтижесін оқымай-ақ қоюға болады. Керісінше болса, нәтижеге көз жүгіртіңіз!
Тест тәтижесі:
- 40-50 балл – мазасыздықтың өте жоғары деңгейі.
- 25-40 балл – мазасыздықтың жоғары деңгейі.
- 15-25 балл – орташа деңгейдегі алаңдаушылық.
- 5-15 балл – қалыпты мазасыздық деуге болады.
- 0-5 балл – мазасыздықтың ең төмен деңгейі, сабырлық басым.
Ұқсас мақалалар: Психологиялық тест: Сізді уайымға салатын не?