Дене күтіміСұлулық

Қартайтып көрсететін шаш үлгісі. Үнемі жас көрінудің жолы қандай?

206Қаралымдар

Жасыңыз отыз бестен асып қалды делік. Айтулы жаста қандай жас үлгісі жарасымды? Жөнді кесілмеген шаш пен дұрыс таңдалмаған бояу сізді 5-10 жасқа қартайтып көрсетуі мүмкін. Жас көріну үшін мұндай қателіктерді жібермеген  дұрыс.

№1 қателік. Өте қысқа шаш. Егер шашыңыз қалың әрі қайратты болса, жасартып көрсетеді деп есептелетін қысқа шаш үлгісін таңдаудың тіптен қажеті шамалы. Орташа ұзындықтағы шашпен де жас көрінуге болады. Алайда шашыңыздың қысқа болуын қатты қаласаңыз, бірыңғай тік емес, керісінше ассиметриалық бір келкі емес шаш үлгісін жасау керек.

№2 қателік. Ұзын, жайылған шаш. Жас ұлғайғанда ұзын шашты жайып жүрудің түкке керегі жоқ. Жайылған шаштар сіздің бетіңіздегі кемшіліктерді айқын көрсетеді. Егер қысқа шашты ұнатпасаңыз, әр түлі ұзындықтағы каре шаш үлгісін таңдауға болады. Бұл тұста да шаштың біркелкі емес, ассиметриялы болғаны беттегі әжімдерге назар аудартпайды.

№3 қателік. Ашық түстерге бояудан қорқу.Егер табиғи қара шашыңызды мөлдір қараға айналдырғыңыз келсе, өзіңізге тағы да жас қосып алдым деп есептей беріңіз. Оның үстіне қара түс шашыңыздың жұқа екенін, құйқаңыздың ашық түсті екенін айқындайды. Қара түс бетке көлеңке түсіріп, әжімдерді көрсете түседі. Стилистер шаштың табиғи түсінен 2-3 тон ашық түске бояуға кеңес береді. Егер қараға жақын түстер жарасатынына сенімді болсаңыз, қара шоколадқа қарағанда ашық шоколад түсін таңдауға болады.

№4 қателік. Бет пен шаштың ұқсастығы.Ашық өңді және бозарып тұратын адамдарға өте ашық түстермен бояудың қажеті жоқ. Тері мен шаштың бір түсті болып келуі сізді «сұр тышқанға» ұқсатып жібереді. Беттің терісі мен шаштың арасындағы аз ғана контраст сізге жақсы өң береді.

№5 қателік. Тосын жайларға көндігу. Әсіре қысқа шаш пен ойға сыйымсыз реңдер сізді жасартып көрсетпейді. Мамандар бұл жағдайды бастан аяқ сәнді киініп, оны макияж арқылы әсірелеумен бірдей деп есептейді. Тенденция мен сәннің құлы болып кетуге болмайтынын ескеріңіз.

№6 қателік. Жұқа шаш. Жұқа шаштар сарғайған тіс секілді өңі қаша бастайды. Жұқа шаштардың түсін сақтап қалу үшін арнайы сусабындар пайдаланған дұрыс. Ақ шаш көбейіп кетсе, көк немесе көгілдір түсті рең беретін сусабын пайдалануға болады. Әсіресе бұл кеңес аққұба адамдарға арналған.

Керек кеңес: Кекіл туралы ойланып көрдіңіз бе? Ол шынымен жасартып көрсетеді. Бірақ оның сізге жарататыныа сенімді болуыңыз шарт. Жараспаса күлкілі көрінетініңізді де ескеріңіз. Кекіл жұқа емес, қалың болуы шарт. Егер шашыңыз толқындалған немесе бұйра болып келсе, кекіл қоймағаныңыз жөн.