Ақ босағаОтбасы

Сауалнама: Шаңсорғышты қалай таңдайсыз?

Үй тазалығында не нәрсеге көңіл бөлесіз? Шаң сүртуге ма, әлде еден жууға ма? Әрқайсысы өзінше қиын процесс екені рас. Ал, оны сіз үшін біреу жасап берсе ше? Жо-жоқ, біз Сізге «үй күтушісін жалда» деп тұрған жоқпыз! Тек заманауи техниканы дұрыс таңдасаңыз болғаны. Қазір шаңды жинап қана қоймай, еденіңіз бен жұмсақ жиһазды да жуып беретіндері бар.

 

Нарықта таңдау көп. Сонымен қоса олар туралы түрлі пікірлер де сан алуан. Сол себепті Сізге таңдау жасау жеңіл болсын деген ниетпен біз өз оқырмандарымыздың арасында кішігірім сауалнама жүргізген едік. Ендеше, назар қойыңыздар. Қажетіңізге жарап қалар.

Бота Рақышева: Таптырмас көмекші

Күйеуіміз екеуіміз үйге арналған шаңсорғышты ұзақ таңдадық, әрі оның  жуғыш болғанын қаладық. Таңдау Thomas DryBox&AquaBox Cat&Dog  шаңсорғышына түсті (дүкендегі кеңесші барлығын тәпіштеп түсіндірді, ол үшін оған жеке рахмет). Себебі екі жасар ұлымыз қояр да қоймай үйге мысық алдырған. Көктем келісімен түлей бастайтындықтан сатушының «үй жануарларының жүнін де жинайды» дегені қатты қызықтырды. Сөйтіп үйге алып келгеннен кейін, мен бірден оны «іс жүзінде» сынап көруді шештім. Қораптан алып, нұсқаулықпен танысып, үйде ылғалды тазалау қажет деп шештік. Өндірушінің барлық нұсқаулары мен ұсыныстарын орындай отырып, мен тазалауды бастадым! Не айтуға болады? Шаңсорғыш өзінің функцияларын 101% – ға орындайды десем де болады, әсіресе корпуста орналасқан сору қуатын реттеу тетігі қуантады және ол аппаратты қосу түймесі болып табылады. Суды корпуста орналасқан арнайы резервуардан негізгі шлангіге тікелей бекітілетін түтікше арқылы береді. Жалпы шаңсорғыштың артықшылығы мен кемшілігі бойынша не айтуға болады?!

Артықшылықтары:

  • Үлкен, реттелетін қуат күші
  • Жақсы, үлкен су қоры бар ылғалды жинау функциясы
  • Жағымды түс
  • Сапалы материалдардан құрастырылған
  • 8 метрлік сымдары пәтерді түгел жинауға мүмкіндік береді, жақын орналасқан тоққа қосып, ауыстырып әуре болмайсыз.
  • Әртүрлі беттерді жинауға арналған көптеген қондырма саптары бар.

Кемшіліктері:

Менің ойымшы шаңсорғыштың салмағы ауыр – 7,5 келі. Қазір жүкті болғандықтан шығар ауырсындым. Босанған соң оның еш ауырлығы жоқ. Басқа мін таппадым. Міне, бар болғаны сол! Келісіңізші, артықшылығы кемшілігінен көп қой. Сондықтан алуды ұсынамын!

Ардақ Атантай: Үйде аллергиядан құтылдық!

Егер сіз Thomas DryBox Amfibia шаңсорғышын алу керек па, жоқ па деп ойланып жүрсеңіз менің әңгімеме назар салыңыз.

Ұлым екеумізде соңғы екі жылда тұрмыстық шаң мен шаң кенесіне аллергиямыз пайда болды. Сәл шаңға жолап кетсек үнемі көздеріміз қызарып кететін болды, ал ұйықтаған кезде қышитын. Бұған мүлде мән бермеппін. Кейін аллергияның себебін анықтау барынсында дәрігерлер шаңнан екендігін айтты. Ал біз құтылу жолын іздей бастадық.

Сонымен мен перфекционист болғандықтан әлемдегі ең жақсы шаңсорғышты іздедім. Көптеген мақалалар мен жарияланымдарды оқыдым, таныстарымның пікірлерін жинақтадым. Нәтижесінде іздеу критерийлерімді қанағаттандыратын шаңсорғыштар тізімін құрадым.

Мен үшін ең жақсы шаңсорғышта болуы тиіс функциялар мынадай:

  1. Шаң «тозаңдарының» қалмауы ,
  2. Салмағы 9 келіден аспауы тиіс
  3. Шаң сору әрі жуу (кейде диван мен шағын кілемді жуу керек).
  4. Сапалы тазалау (яғни, сору қуаты 1500 вт кем емес.)
  5. Ал, шу деңгейі – дәл зымырандар сияқты емес)))

Шешілді! Интернеттен барлық пікірлерді оқып Thomas DryBox Amfibia шаңсорғышына түсті. Интернеттен барлық пікірлерді оқыдым: артықшылықтары мен кемшіліктерін сараладым да шешім қабылдадым. Аламын!  Алған күні-ақ сынақтан өткізбекші болдым. Бірақ ол үшін алдымен еденді қолмен жуып, кілемшелерді сілкіп, жуынатын жердегі және есіктің жанындағы кілемшені жуып тастадым. Ал келесі күні диванның шаңын сорып, еденді тазалауға кірістім. Масқара!!! Ол тап-таза еденнен қаншама кір жинады! Бөлмеде екі шелек ауыстырдық, асхана мен ваннаны тазалағанда жеке-жеке ауыстырып отырдық (олармен әсіресе ваннаны тазалауды жақсы көремін, өйткені ол кір жуғыш машина мен ваннаның астындағы да шаңды сорады).

 

Енді айтулы құрылғының артықшылықтары мен кемшіліктеріне анығырақ тоқталғым келеді.

Артықшылықтары:

  • Тазалап болған соң бүкіл үйдің ішінде балғындық пайда болды. Тіпті жаңбырдан кейінгі тазалық дерсің.
  • Қолайлылығы. Сумен бірге қосқандағы өте үлкен салмағына қарамастан (жуу техникаларының арасында ең үлкені болмаса да), шаңсорғыш өте қолайлы және қозғалысқа жеңіл. Сіз шаң сорып жүресіз, ал ол сенімді көмекші ретінде пәтерде сізбен бірге жүреді!
  • Сапалы тазалау. Одан кейін мүлтіксіз тазалық. Шаңды саңылаулар мен бұрыштардан да сорады. Кейде еден жуғыштан кейін қалған шаш пен үгіндіні жинайды., мінсіз тазалық үшін әр түрлі тазалау тәсілдерін біріктіру керек.
  • Ламинат мен кафелді еденді де жақсы жуады.
  • Ұзын қуат сымы. Бау автоматты түрде оралады.
  • Сұйықтықтарды жинау үшін қолайлы.

Кемшіліктері:

  • Бірінші және басты кемшілігі – шаңсорғыш және барлық сүзгілерді жуу және кептіру қажет. Негізінде, бұл кемшілік соншалықты мәселе емес. Уақыт өте тез жасай бастайсың. Ал денсаулыққа пайдасы келтірілген қолайсыздықтардан асып кетеді.

Кәмшат Тілеуқабылова : Ғажайыпқа сеніңіз.

Thomas Mokko XT. Мен бұрын онсыз қалай жүргенмін, тіпті елестете алмаймын. Жуу шаңсорғышы менің үлкен көмекшім болды, енді тазалау оңай және жағымды. Оған қоса үй жинауға бұрынғыға қарағанда аз уақыт кетеді. Құрғақ және сулы тазалаулар жүргіземін, көбіне жиһаздарды тазалаймын. Өйткені енді тәй-тәй басқан балапанымыз шырындарын кез-келген жерге, диванға төгіп ала береді. Ең қуантарлығы, ауаны сапалы тазалайды, тазалаудан кейін дем алу өте жағымды.

Тағы, еденді мінсіз жуады. Бізде ламинат та, кафель де линолеум да бар. Әдеттегі  шаңсорғыштан артық дыбыс шығарады деп айта алмас едім. Суды ауыстыру үшін оңай жиналады. Таза еденнің әсері ұзаққа сақталады.

Қыздар, бұл шаңсорғыш емес! Бұл ҒАЖАП! Жатын бөлмені алғашқы тазалаудан кейін, мен аква сүзгісін аштым. Құдайым-ау, біз бұрын үйде емес қоқыста тұрғанбыз ба дедік! Төсекті тазалап көрдім. Айта кету керек, кереует велюрмен қапталғандықтан, одан шаңды тазалау үшін бүрын 2 сағат уақытым кететін. Ал, Thomas-пен біз 30 минуттың ішінде тазаладық. Қуантқаны – мен ылғалды режимді пайдаланғаныма қарамастан құрғақ күйінде қалды. Жинау аяқталғаннан кейін, жатын бөлменің ауасы жарқырап кетті!

Пікірлерді оқып отырып кішкентай пәтерге бұндай  шаңсорғыш қажет емес дегенді көзім шалған. Мен келіспеймін. Мұндай шаңсорғыш кез келген пәтерге қажет! Енді шаңсорғышты күтуге арналған шағын шолу. Әр тазалаудан кейін пайдаланылған аква-сүзгіні, шлангты және саптамаларды жуыңыз! Бұл көп уақыт алмайды. 10-15 минут жұмсайсыз. Есесіне  шаңсорғыштан шығатын құрғақ иістен арыласыз. Жинау тазалығы үшін шаңсорғышпен жиынтықта берілетін оның су құюға арналған  бөлігіне құйылатын сұйықтықты ғана емес, сонымен қатар басқаларды да қолданамын.

Қорыта айтсам, сіз де мен сияқты үй жинау процессінен ләззат алыңыз. Басқа алып-қосарым жоқ!