Өзіңді дамыт

Үйде отырып табыс табуға болатын 6 жұмыс

Үйде отырып ақша тапқыңыз келе ме? Осы да сұрақ па, әрине, дейтін шығарсыз 🙂 Желілік маркетинг ұсынғалы отырған жоқпыз. Таза еңбекпен үйде, декретте отырып-ақ істеуге болатын жұмыс түрлерін жазбақпыз. Мына карантин бәрімізге оңай тиген жоқ. Жаңа мүмкіндіктер іздеп кеттік. Оқшаулау уақыты бітсе де, қаперіңізді жүрсін.Мүмкін, сізге қолайлысы табылып қалар! ⠀

1. Торт, самса, бәлішті дәмді пісіру қолыңыздан келе ме? Онда, бірінші жан-жағыңыздағы ағайын туысты хабардар етіп, таныстарыңыздың той-томалағына тапсырыс ала бастаңыз.

2. Қолөнер бұйымдарын жасауға икеміңіз бар болса, онда қазір ерекше болуға ұмтылатындар дәл осы хэндмейдке жүгіреді. Инстаграмнан парақшаңызды ашып, бұйымдарыңызды сала бастаңыз. айналаңызды хабардар етуді ұмытпаңыз. Қазір әдемі брошкалардың саудасы қызып тұр. Жасалуын жолын интернеттен қарап алыңыз.

3. Инстаграм демекші, smm менеджердің наны жүріп тұр. Әлеуметтік желінің қыр сырын меңгеріп, майын ішкен соң өзіңізге клиент іздей бастаңыз. Арнайы курс оқысаңыз да жетіп жатыр. Мынаны ұмытпағаңыз абзал, смм – күнде өзгеретін сала. Сондықтан, бір курспен шектелмей жұмыс барысында да талай қызыққа тап боласыз. Дәл осы smm-ге қатысты сұрағыңыз болса, пікірге жазып кетсеңіз болады. Біздің маманымыз @balgyn_adilbay сұрақтарыңызға жауап береді.

4. Копирайтер. Жазуға икеміңіз бар, тіліңіз шұрайлы ма? Онда дәл осы кәсіп сіздің қолыңыз. Копирайтер не істейді? Ол әлеуметтік желідегі сатылымдық посттардың мәтінін, тапсырыс бойынша блоггер, белгілі адамдардың текстін жазып береді.

5. Аударма. Қандай тіл білесіз? Аударма агенттіктеріне хабарласып, түйіндеме жіберіңіз немесе olx.kz секілді сайттарға жарнама беріңіз. hh. kz сайтынан да табуға болады. Қазір аударманың бір беті кемі 1500-2000 теңге. Соңында тәуір ақша аласыз.

6. Excel  кестелерін толтыру. Иә, мұндай да жұмыс бар. hh.kz, olx.kz сайттарынан қарасаңыз табасыз. Алдыңызға ақпараттар базасын береді, соны кесетеге салып жазасыз. Excel-мен жұмыс істеуді білсеңіз болды.

Әзірге осы! Тағы тізімді жалғастырайық па? SMM-ге, копирайтингке қатысты сұрағыңыз болса, қойыңыз! Кәсіби, білікті  маманымыз @balgyn_adilbay жауап береді. Дәл осы жерден парақшасына кіріп, сұрағыңызды қоя аласыз.