Ақ босағаОтбасы

Шын махаббатыңызды жолықтыруға кедергі келтіретін 3 нәрсені білесіз бе?

Ол менің жүрегімді жаралайды

Өміріңізде бір рет сәтсіз қарым-қатынастан кейін сүйіктіңізбен қош айтысқан болсаңыз, болашақта екінші жартыңызға деген сенімсіздік пен күмән пайда болуы ықтимал. Бұл – қалыпты жағдай. Алайда шындықтың көзіне тік қараңыз, бір-екі рет опық жеп қалған болсаңыз, бұл сізге лайықты жан өміріңізде енді кездеспейді деген сөз емес.

Қателесуден қорықпаңыз. Адамның өмірі тек сәттіліктен тұра алмайды.

Қиналғым келмейді

Сіз адаммен жақын әрі жиі араласқан кезде, ол сізге етене жақын бола түседі. Көптеген нәзікжандылар ер адамдарға бірініші болып ғашық болудан қорқады. Олардың пікірінше, әрдайым ерлер қауымы бірінші қадам жасауы қажет. Ондай арулар еркектерге әйелдерден тек бір ғана нәрсе қажет деген жағымсыз ойда жүреді.

Егер сіз де солай ойласаңыз, демек сізге санаңызбен жұмыс істеп, өзіңізді бағалап үйрену қажет. Есіңізде болсын, еркектер де өздері ұнатқан жанға ұнамай қалудан қорқады. Кейде олар өзін сенімді ұстағанымен бірден бірінші қадамды өзі жасай алмауы мүмкін.

Мен оған лайық емеспін

Бір қызығы, көптеген арулар сымбатты еркектер тек сұлу, мүсінді, ұзын бойлы, қыпша белді қыздарды іздейді деген сенімде.  Алайда айта кету керек, көп жағдайда еркектер тіті, өздерінің сымбатты екенін біле бермейді.

Адам шаш үлгісін, түсін, мүсінін, бет пішінін өзгерте алады. Алайда сыртқы факторларға қарағанда ішкі жан-дүние, ақыл, сана деген қасиеттер одан да маңыздырақ екенін ұмытпағайсыз. Сондықтан жиі саяхаттап, кітап оқып, көкжиегіңізді кеңейтіңіз.

Сол кезде сіз кез келген ер адамды сұлулығыңызбен де, өмірлік тәжірибеңізбен де, даналығыңызбен де өзіңізге тарта аласыз.