тұрмыстық зорлық
NewsОтбасы

ӨМІРДІ СҮЙ! Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол берме!

Тұрмыстық зорлық-зомбылық еліміздегі өткір мәселелердің бірі. Одан ең алдымен әйелдер қауымы, одан кейін балалар зардап шегуде. Тіпті статистикаға сүйенетін болсақ, соңғы 2 жылда тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендер саны 4 есеге көбейген. Бұл дегеніміз – әйелдер өз күйеулерінен, туыс-туғандарынан, ал балалар өз ата-аналарынан теперіш көруі көбейді деген сөз. 

Статистикаға сәйкес, елімізде:

  • әрбір үшінші отбасында тұрмыстық зорлық-зомбылық болады;
  • әрбір жетінші әйел экономикалық зорлық-зомбылыққа ұшырайды;
  • әрбір алтыншы әйел физикалық зорлық-зомбылықты бастан кешеді;
  • әрбір үшінші әйел психологиялық зорлық-зомбылыққа тап болады.

Сол себепті елде түрлі дағдарыс орталықтары жұмыс істейді және олардың жұмысын жетілдіру мәселесі бүгінгі күннің басты мәселесі болып табылуда.

ӨЗІҢДІ АГРЕССОРМЕН ҚАЛАЙ ҰСТАУ КЕРЕК, ЕГЕР ҮЙГЕ ҚИЫНДЫҚ КЕЛСЕ, ӘЙЕЛДЕР БАСПАНАНЫ ҚАЙДАН ІЗДЕУ КЕРЕК …

Ең алдымен, зорлық-зомбылықтан зардап шегетін – әйел. Бастапқыда, бала үшін, кейін “бұл енді қайталанбайды” деп үміттенген ақ жаулықтылар кейін қол көтеру мен қорлаудың қара шекпенін жамылып, өмір бойы осылай өмір сүруге мәжбүр. Неге? Не себепті?

Кез келген зорлық-зомбылыққа көз жұма қарауға болмайды! Біреуге күш көрсетіп, қол көтерген адам заң алдында жауап беруге тиіс. Дәл қазір зорлық көрсетушілердің көпшілігі ер азаматтар. Бірақ, көпке топырақ шашуға болмайды. Нағыз ер деген атқа ие көп азаматтарымыз “тұрмыстық зорлыққа жол беруге болмайды” дейді. 

Өкінішқа қарай, тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген жандар барар жер, басар тауы қалмаған кезде шарасыздықтан өз өзіне қол жұмсап жатады. Ал, бұған жол беруге болмайды.

Бүгінгі таңда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарса орталықтар жұмыс істеуде. Мониторинг тобы да құрылған. Мониторинг «Дағдарыс орталықтарының қызметін жетілдіру, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және агрессорлармен жұмыс бойынша шараларды әзірлеу және іске асыру» жобасының аясында жүргізілді.

Жобаны ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранттық қаржысына «Қазақстанның тең құқық пен тең мүмкіндік институты» ҚҚ 2021 жылдың 1 наурызынан 17 өңірде жүзеге асыруда.

Жалпы, жоба тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға және Қазақстандағы жағдайды жақсарту бойынша кешенді шаралар қабылдауға бағытталған.

Мұнда ең бірінші кезекте дағдарыс орталықтарының қызметін жетілдіру кіреді. Жобаның міндеті  – дағдарыс орталықтары мен баспаналар туралы, оларға қалай баруға болатыны және қандай көмек алуға болатыны туралы барлық ақпаратты жинақтау. Осы ақпаратты Қазақстанның әрбір қызы мен әйеліне жеткізу.

Жоба аясында Қазақстанның өңірлерінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу тетіктерін жетілдіру бойынша 1-ші Республикалық жобалық кеңсе құрылды:

  • Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бойынша инспекторлар, кәмелетке толмағандармен жұмыс жөніндегі инспекторлар, учаскелік инспекторлар, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталықтарының, баспаналардың заңгерлері мен психологтарына арналған онлайн тренингтер (қазақ және орыс тілдерінде) өткізілді. Тренингтерге 400-ден астам адам қатысты.
  • Дағдарыс орталықтарының қызметкерлері үшін онлайн вебинарлар өткізілді;
  • Қазіргі уақытта өңірлерде агрессорлардың қолынан зардап шеккендермен психологиялық жұмыстар жүргізілуде – барлығы 500-ден астам әйел мен олардың балалары көмек алады;
  • 2021 жылдың қазан айынан агрессорлармен жоспарлы жұмыс басталды. Олардың қорытындысы бойынша жоба сарапшылары агрессорлармен жұмыс және әрекет ету алгоритмі бойынша нұсқау әзірледі. Аталған нұсқау барлық өңірлерге жіберіледі және әлеуметтік желілерде таратылады;
  • Әлеуметтік желілерде, облыстық және республикалық телеарналарда орналастыру үшін 4 әлеуметтік бейне-ролик шығарылды, оның ішінде бейне-роликке қазақстандық актриса Айнұр Ілиясова да қатысты.

Ең бастысы – біздің жұмысымыздың ақпараттық қамтуы миллионнан астам адамды құрайды!

Біз диалогқа ашықпыз, бізде «ARASHA» баспанасының отбасы тақырыбы, әйелдер мен балалардың тарихы бойынша қызықты зерттеулер бар.

Біздің сайт www.gender-equality.kz