Жан әлеміӨзіңді дамыт

ИШАРА Өзіңді қимылыңнан таны!

Ишара, дене-қимыл, тіпті адамның кез-келген әркеті оның психологиялық күйіне байланысты. Сіздің қол сермеуіңіз нені білдіреді? Сұхбаттасушымен сөйлесу барысында біздің қимылымыз үнемі сөзімізбен ұйқаса бермейді. Ал, бұл құпияны қалай ашуға болады?

Жүріс-тұрыс. Кез келген зейінді адам жүру мәнеріңізден сіздің қандай екеніңізді ұғына алады. Егер өзіңізді қолы бос емес кейіпте танытқыңыз келсе, онда үнемі асыға алдыға қарай жүріңіз. Сондай-ақ, жүру барысында қадамыңызды серпілтіп тұрғаныңыз жөн. Сонда сізді шығармашылық, белсенді тұлға деп есептейтін болады. Ал, өзіне нық сенімді адамның жүрісін тез айырып тануға болады. Олар табанын басып, аяқ ұшын домалата жүреді.

Денені дұрыс бұру. Егер сіздің сұқбаттасушыңыз бір емес бірнеше адамды құраса, біз ең тартымды әңгімелесушіге бұрылып қарайтынымыз рас. Я болмаса, құрметтің белгісі ретінде жетекшіге қарап бұрылатынымыз тағы бар.

Жақындап келу. Әдетте біз тартымды адамдарға жақын болуға тырысамыз.

БЕТ ӘЛПЕТ

Көзі жұмулы. Сұқбаттасушының әңгіме барысында көзін уқалап, оны қолымен жауып, қабағын түсіре бастағаны – естіген қауіпті ақпараттан сақтанғысы келетінін білдіреді.

Қасты жоғарыға көтеру. Бұл белгі – болған оқиғаға қызуғышылық танытқаныңызды көрсетеді. Ал, қабағыңызды түйсеңіз, сіздің қорықаныңызды, яки ұялып тұрғаныңызды айқындайды.

Ілтипат. Әңгімелесуші бетіне түскен шашты алып тастауын күнделікті көреміз. Ал, сіз мұндайды байқадыңыз ба? Бұл оның қобалжулы екенін айқындай түседі. Я болмаса, наздану арқылы сіздің ілтипатыңызға ие болғысы келеді.

Ерінді тістелеу. Ернін жалап, тістелейтін адам күйзелісті халде екенін айқындау қиынға соқпайды. Ол мұндай әрекетке өзін жұбату үшін барады.

Шынайы күлкі. Күлкіде ерін емес көзіңіз жадырап, шаттыққа толы болады! Дегенмен, сіз жұмыста өзіңізді ұстамды ретінде көрсеткіңіз келсе, аз күлуге тырысқан абзал. Шектен тыс күлу – әріптестер алдында сіздің бойыңыздағы салмақтылық қасиетін жояды.

Басты изеу. Сұхбаттың қызықты әрі оны мұқият тыңдап отырғаныңызды білдірткіңіз келе ме? Ендеше, оған кішкене басыңызда изеп, оның бір сөзін қалт жібермейтін кейіп танытыңыз.

Көз. Сізге қарама-қарсы отырған адам бір минутта 6-8 рет көзін ашып жұмуы әбден мүмкін. Бұл оның қатты қобалжып отырғанын білдіреді екен.

Мұрын. Өтірік айтып тұрған адамды мұрнынан тануға болады. Мәселен, шындықты жасырып, алдап тұрған адам мұрнын қаси бастайды.

Көзқарас. Көзқарас арқылы сіз оны қызықтырасыз ба, әлде қызықтырмайсыз ба айыруға болады. Егер сұқбаттасушы сізден көз алмай қарап тұрса, ол сізді алдап тұрғаны. Соған қарамастан, сізге қарап, оны жасырғысы келетінін білдіреді.

Көзқарасын тез ауыстыру бір-бірін ұнататын жандар арасында көптеп кезедеседі. Ал, ержігіт сізге қарап, бірден көзін алса, сіз оған ұнайсыз дегені. Алайда, ол сіздің жауабыңыздан хабардар емес. Тез көз қарастың ауысуы «жоқ» деген сөзден қорыққанды білдіреді.

Изеу. Өз қызығушылығыңызды басыңызды бірнеше рет изеу арқылы білдіре аласыз. Егер бірден 3 рет изесеңіз, әңгіменің соңы болмайды. Сондықтан, тезірек бітіргіңіз келетін сұқбатқа басыңызды бір рет қана изесеңіз жеткілікті.

Емерілген ерін. Егер сіздің досыңыздың еріні бір сызықта созылса, онда ол жынданып тұр деген сөз. Себебі, тыныш адам ернін осындай күйде емерілте алмайтыны айдан анық.

Жоғарыға көз тастау. Сіз туралы сұқбаттасушы не ойлайды? Бұл жағдайда сіз оның көз қимылына назар салыңыз. Егер адам сізді бұрын көргенін айтқысы келсе, ол көзін жоғарыға тастайды. Ал, сіз туралы естігенін көрсеткісі келсе, ол көзін құлаққа қарай бағыттайды.

Маңдай мен құлақты уқалау. Егер сұқбаттасушы маңдайын ұстап, құлағын уқалай бастаса, оның қорғансыз адам екенін көрсетеді. Мәселен, сіздің басшыңыз жағымсыз жұмысты тапсырғалы жатқанда сіз аталмыш кейіпті қолданады екенсіз.

ДЕНЕ

Аяқты бір-біріне қысу өзін ыңғайсыз сезінген адамның қорғаныштық позициясы болып табылады.

Аяқты иық деңгейінде қою. Мұндай тұрыс адамның сенімділігі мен өзін биік көрсетуі дегенді айқындай түседі. Ал, спорт тарапынан осында тұрыстағы адам өз дегенінен қайтпайды. Ал, қолын беліне қою, күштің пайда болғанын білдіретін тұрыс.

Қолды айқастыру. Қолын айқастырған адам өзін ортадан жапқысы келеді. Бұл ишараны қолданған адам сізден бірнәрсені жасырғысы келіп тұрғаны әбден мүмкін. Ал, аяқты айқастыру өз ойына ешкімді жақындатпауды білдіруі мүмкін. Бірақ, көптеген адамдар тоңғанда аталмыш қалыпты қолданады. Ал, кейбіреулер болса, мұны ыңғайлы санап, қолдана бастайды.

Бір аяқтан келесіге ауысу. Сіздің денеңіздің әр қимылы ойыңызбен тұспа-тұс келеді. Досыңыз аяғын бірінен келесіге ауыстыра береді ме? Бұл оның бір жағдайға абыржулы екенін айтады.

Табанның сыртқа немесе жоғары қаратылуы. Сіздің әңгімеңіз досыңызға қаншалықты қызықты екенін анықтау оңай. Егер сізбен сөйлесіп отырған адамның табаны сыртқа немесе жоғары қаратылып тұрса, ол сізден ертерек қашу амалын ойлайды деген сөз.

ҚОЛ

Сұқбаттасушы қолын арқаға қойып, қалтасына салады ма? Оның бұл әрекеті сізге толық ақпаратты жасырып тұрғанын білдіреді.

Ашықтық. Әңгімелесушіге ашық алақаныңызды жайғаныңыз сіздің жаңа ойларға дайын екеніңізді дәлелдейді. Ал, саусақтарыңыз түптеліп тұрса, сіздің жеке ұстанатын жолыңыз бар екенін көрсетеді.

Қол сермеу. Шамалы қол сермеуді білетін адамдар ортаға энергетикалық әсер қалдырады. Ал, логика мамандары сөйлеген уақытта қолдары ешқандай қимыл атқармайды екен.

Нәзік әрі сенімсіз адам әңгіме барысында тырнағын ысқылай бастайды. Дегенмен, олай көрінбеу үшін қолыңызды айқастыра ұстағаныңыз жөн.

АЯҚ

Алаңдататын ишара. Үстел астында аяқкиімді шешіп қайта кию нені білдіреді деп ойлайсыз? Айтулы ишара түрі алаңдаушылықтан арылуға септігін тигізеді. Сондай-ақ, бұл оқиғаның жағымсыз екенін ұқтырады.

Табанның ішке қарай бұрылғаны. Сіз өзіңізге деген сенімсіздікті жасыра алмайсыз. Егер табаныңыз осындай тұрыста болса, сіз жабық адам болып көрінгіңіз келетінін білдіреді.

Айқастырылған аяқ. Аталмыш тұрыста сіз үстіңгі аяқтың табаны қайда қарап тұрғанына назар салыңыз. Бұл топтағы ең жағымды сұқбаттасушыға бағытталғанын көрсетеді екен.