Ақ босағаОтбасы

ТҮСТЕР ҚҰДІРЕТІ

Пәтеріңізге қандай түстер қажет екендігін білгіңіз келе ме? Түстер сыры туралы мақаламызға көз жүгіртіңіз. Дизайнерлерді белгілі дәрежеде психолог деп те айтуға болады. Өйткені олар түстер мен түстерді қабылдау туралы көп дүниені меңгерген. Ал, интерьер мен адам мінезін зерделей келе, әр бөлмеге қажетті түсті таңдау кез келгеннің қолынан келе бермейді. Өкінішті. Себебі түрлі түстер арқылы баспана мен оның иесінің көңіл-күйін өзгертуге әбден болады.

Шығармашылық: Қызыл сары

Қызыл сары – қиял мен шығармашылық қарымды серпілтеді. Егер өз күшіңізге және рухыңызға сенімді болғыңыз келсе интервьерде дәл осы түсті таңдаңыз. Қызыл сары – күлкі мен мереке түсі.

Қызыл сары акценттер: балалар бөлмесінің бір қабырғасы, компьютер алдындағы төсеме, балалар бөлмесіндегі сабақ оқу тақтайшасы;

Денсаулық, табыс және көркейу: жасыл

Қанық жасыл түс сауығудың телгісі. Өз өзіңізді жеңіл, ыңғайлы әрі жас сезіну үшін жасыл түсті қолдануға болады. Оған қоса жасыл түс табыс шақырады. Жаңа бастаулар, өмірдегі табыстар мен өсімді білдіретін негізгі табиғи түс. Айтулы түспен сіз өз мүмкіндіктеріңіз бен таланттарыңызды аша түсесіз және өз өзіңізді бағалай түссесіз. Ал, жасыл түс мүмкіндігінше сізге табыс әкеледі.

Жасыл түсті акценттер:

Ас бөлмеде көбірек уақыт өткізетін болсаңыз ыдыс-аяқ, шәйнек, түрлі орамалдар. Ал, қызметтігі жандар үшін жұмыс істеу орныңыздағы орындық, кіре беріс есік және әмиян;

Тыныштық: көгілдір

Көгілдір түс ішкі жан дүниенің үйлесімін сыйлайды, ақыл-ойды тыныштандырады. Ашық көгілдір түс үйіңізге – жеңілдік, ара қарым-қатынасқа – тепе-теңдік әкеледі. Егер көгілдір киім кисеңіз немесе айналаңызды көгілдір түсті дүниелермен көмкерсеңіз артық ашуланудан, ұрыс-керістен арылып, баспанаңызға тыныштық орайды.

Көгілдір түсті акценттер:

Төсектің бас жағы, бөлменің төбесі, қосымша аксессуар ретінде көгілдір маржан тастар;

Зейін: сары

Сары түс зейін мен назарды арттырады. Оның үстіне сары реңктері ми рецепторларын тез белгі беріп, ақыл-парасатты арттырады, қажетсіз артық ойлардан арылтып, жағымды әңгіме өрбітуге көмектеседі.

Сары түс акценттері:

Қағаз салғыш концелярия дүниелері, күнделік, блокнот немесе кітап қабы;

Сезімталдық: бордо

Бордо түсінің түрлі реңктері ынтызарлықты оятады. Ол сезімдеріңізді оятып, өзө дене бітіміңізді жақсы көруді үйретеді және толыққанды өмір сүруді еске түсіреді. Өз ойыңызды, өз сізімдеріңізді ашық білдіруге кедергі келтіретін эмоциялық блоктардан арылу үшін бордо түсін қолданыңыз.

Бордо акценттері:

Жатын бөлмедегі пуфик, түңгі шамдардың шілтердері, кресло немесе креслодағы жастықшалар;

Тәртіп: қою көк

Қою көк әрекетке тән. Ол ақыл-ойды тазартып, өміріңіздегі ең маңызды дүниелерді көруге әсер етеді, ығы-жығы болған қажетсіз дүниелерден арылтады және өмірдің ұсақ-түйегіне назар аудармауға үйретеді.

Қою көк акценттер:

Үстел үсті шамы, үлкен табақ, түрлі дүниелер салатын себеттер;

Рухтану: күлгін

Ашық күлгін – ұстамдылық пен руханияттың символы. Ол сізге діттеген мақсаттарға жетуге көмектеседі. Күлгін – бар мәселеге басқаша қарауға, артық эмоциядан арылуға және істің мән-жайына үңілдіруге көмектесетін даналық пен парасаттылықтың символы. Өмірде барлығы бір бірімен байланысты екендігін еске түсіре отырып, күлгін түс гуманизм, аяушылық пен рақымдылық сезімдерін оятады.

Күлгін акценттер:

Қонақ бөлмесіндегі бір қабырға, жамылғылар, жастықшалар, күнделік;

Күш-қуат: қызыл

Қанық қызыл – қайсарлық пен ер жүректік стимуляторы. Егер сізге өз өзіңізге деген сенімділік жетіспесе айтулы түсті қолданыңыз. Алайда, құлашыңызды артық сермеуден аулақ болыңыз, асыра сілтеген қызыл түс бойыңызды еркін ұстауға кедергі келтіреді.

Қызыл акценттер:

Қонақ бөлмеде тәттілер немесе жеміс салатын әдемі ыдыс, сурет жақтамасы, шәй ішетін үстелі;

Махаббат: қызғылт

Қызғылт – жүректерді ашады. Жұмсақ әрі нәзік қызғылт түс махаббат түсі болып саналады. Ол жаныңыздағы жанның нәзіктігі мен эмоциялық жайлылығын сезінуге септігін тигізеді. Айтулы түсті өзара түсінісушілік пен махахаббат болса екен деген жерлерде қолданыңыз.

Қызғылт акцент:

Телефон, қызғылт түсті шам, бөлме қабырғалары, аспашам, қызғылт шарап;

Бақыт: қызыл сары және сары

Сары мен қызғылт сары түстердің қосындысы өмірге деген махаббатты оятады. Айтулы түстер сары уайым мен күйзелістен арылтып, ең қызық шақтарын көруге көмектеседі.

Қызыл сары және сары акценттер:

Асүйдегі орамалдар, диван жастықшалары, асүйдегі ыдыс-аяқ;

Тыныштық: ақық түсті (қанық көк)

Демалыс пен тыныштықты аңсасаңыз сізге ақық түсті интерьер ыңғайлы. Ұйқыңыз қанбаса, ұйқысыздың меңдесе немесе шаршауыңызды басқыңыз келсе – айналаңызды ақық түсті заттармен көмкеріңіз.

Ақық акцент:

Көрпе, жатын бөлменің едені немесе едендегі кілемше, перде, төсектегі немесе дивандағы жастықшалар;