News

Сарандық сурдлимпиадашы Белорусияда өтетін эко-марафонда Қазақстанды таныстырды

«Қарағанды облысы Саран қаласының тумасы, сурдлимпиадашы Фарид Загрутдинов «БЕЛАРУСЬНЕФТЬ» эко-марафон – 2019 жарысына қатысады»,- деп  хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

«Шара 21 сәуір күні Гомель қаласында өтті. Мен айтулы марафонға қатты қатысқым келген. Бірақ, қаржы тапшылығынан сапарға шықпай қаламын ба деп қауіптендім», – дейді Фарид. Бала күнінен есту мүмкіндігі шектеулі жанға «Tengri Bank» АҚ  басшылығы көмек қолын созды.

«Банк өкілдері маған қолдау көрсетті. Соның арқасында мен Қазақстанның байрағын мақтанышпен көтеріп бардым», – дейді Фарид. Сурдлимпиадашы Фарид Загрутдинов тек отандық спортта ғана емес, сонымен қатар шет елде де көпке танымал. ҚР спорт шебері, Қазақстан Ұлттық құрамасының мүшесі, бірнеше мәрте чемпион, София қ.(Болгария) Сурдлимпиадалық ойындарына қатысушы.

2018 жылдың 5 тамызында Екатеринбургта өткен «Еуропа-Азия» IV Халықаралық жеңілатлетика марафонында 11 мемлекеттен жеті мыңнан астам адам қатысып, Фарид 3 сағат 32 минут 44 секунд ішінде 42,2 шақырым қашықтыққа жүгірген болатын.