ДенсаулықСаулық үшін

Жаттығу жасап, остеохондрозды емдеуге болады

Емдік жаттығулар – бел омыртқа остеохондрозын емдеудегі маңызды сәттердің бірі. Ол қан айналымының қалпына келуіне, омыртқаны түзу ұстап тұруға және омыртқа бұлшықеттерін қатайтуға көмектеседі.

Бел омыртқа остеохондрозы омыртқааралық дискілердің әлсіреуімен сипатталады. Көбінесе бұл ауру 45-50 жастағы адамдарда кездеседі. Ол көп қимылдамайтын өмір салтынан немесе керісінше, белге шамадан тыс салмақ түсіруден туындайды.

Остеохондроздың негізгі белгілері – арқаның ұзақ уақыт ыңғайсыз күйде болуынан және артық күш түсуінен болатын арқаның ауыруы. Бұл омыртқа аралығының қысқаруынан және омыртқааралық дискілердің шығып кетуі әсерінен болған жүйке талшықтарының қысылып қалуымен байланысты.

Бел омыртқа остеохондрозын емдеу

Остеохондрозды емдеу кешенді тәсілдерді қажет етеді. Аурудың салдары (қабыну, ауырсыну) әртүрлі ем-шаралардың немесе дәрі-дәрмектердің көмегімен кетеді. Бұл жағдайда дәрігерлердің алдына қоятын басты мақсаты – аурудың себептерін жою. Оған қоса, міндетті түрде микро қан айналым арнасын қалыпқа келтіріп,  іркілу кезеңдерін тоқтату және ісіну мен бұлшықеттерді жою керек. Ол үшін инемен, қолмен емдеудің жеңіл әдістері және арнайы жаттығулар қолданылады. Сондай-ақ, бел омыртқа остеохондрозына арналған емдік жаттығулар да оң нәтижесін береді.

Омыртқа остеохондрозына арналған 5 жаттығу

Ұсынылған кешен таңертеңгі жаттығулар үшін өте ыңғайлы:

  • Іш бұлшықетін ішке тартып, қайта жіберу. Мұны жеңіл шаршағандық пайда болғанға дейін орындау қажет;
  • Тіземен тұрып, қолды еденге тіреу. Бір уақытта арқаны ішке қарай майыстырып, басты көтеру және арқаны жазған кезде басты төмендетіңіз;
  • Шалқалай жатып, тізені бүгу және қос қолды желкеге қою. Еденде тұрған аяқтарымызды кезек-кезек өзімізге қарай тартып, итеру: 10 рет оң жақпен, 10 ретпен сол жақпен. Жауырыныңыз еденге тиіп тұруы тиіс.
  • Жастыққа немесе биік маңдайшасы бар төсекке шалқалай жату. Көкіректі жоғарыға көтеріп, арқаны ұстап тұру, ал төменгі жақты босаңсыту.
  • Арқамен жатып, аяқты өзіне қарай көтеру. Осындай күйде 5 секунд тұру.

Есте сақтар ережелер:

  • Жаттығуларды тұрақты орындау. Емдік жаттығуларды негізсіз себептер болмаса, елемей, тастап кетпеңіз.
  • Жүктемені біртіндеп арттыру. Гимнастика мақсаттарының бірі – омыртқаны нығайту, сол үшін күнде біршама жаттығулар жасау керек немесе олардың әрқайсына аздап артық уақыт бөлу керек.
  • Шамадан тыс күш түсірмеу. Бел омыртқа остеохондрозына арналған гимнастика тым ауыр болмауы керек. Арқаның төменгі жағына артық күш түсірілген жағдайда жаттығуларды тоқтатқан абзал.