News

5 айда 40 келіге арықтаған ару сырымен бөлісті

Саана Шетти 32 жасында дәрігерлердің оның қанында қант пен холестериннің жоғарғы деңгейін анықтағанын айтты. Оның сөзінше, ақхалаттылар оған салмақ тастауға кеңес берген және енді бұрынғыдан жиі сырқаттанатынын ескертіпті.

Шетти сол сәттен бастап артық салмақтан арылуға бел буған. Ең әуелі ол қанттан бас тартып, диета сақтапты. Таңғы аста карри мен сарымсақ қосылған құймақ, түскі асқа көкөністерден әзірленген рагу, кешкі асқа раги дәнді дақылы қосылған кез келген тағамды тұтынған.

Бұдан бөлек ол күн сайын таза ауада серуендей бастады.

“Енді мен әдеттегіден белсенді бола бастадым. Кем дегенде бір жарым сағат жаяу жүруге тырысамын. Оған қоса йогамен де айналысып жүрмін”, – дейді ол.

Шеттидің айтуы бойынша, арықтаудың бірден бір себепшісі – дұрыс тамақтану. Сондай-ақ ару тамақты 32 рет шайнап, асықпай жейтінін айтты.