News

Айсәуле Бақытбек енесімен түскен суретті желіге жүктеді. Баян Алагөзованың құдағиы кім болды екен?

Күні кеше ғана Айсәуле Бақытбек өзінің инстаграм парақшасында болашақ қайын енесімен түскен суретін салды. “Мен үшін жақындарымның мені түсінгені маңызды. Айтқың келген сөз жайында жүз ойланып, мың толғанғанды ұнатпаймын. Отбасымызда бір-бірімізге деген сенім ұялаған, ашық қарым-қатынас құрып үйреніп қалғанбыз. Ер азаматымның да отбасы өте керемет. Бұл жайт мені қатты қуантады. Мына бір суретте екі бірдей анамның жанында тұрмын. Расымен әдемі трио болып тұрмыз ғой?! Ал, сіз енеңізбен қандай қарым-қатынастасыз?”- деп оқырмандарына сауал тастады. 

Сурет Holanews кешіне арналған жиында жасалды. Кеш қонақтарының арасында Айсәуленің енесі де жүрді. Ол бүгінде болашақ енесімен өте жақсы қарым-қатынаста екенін айтып өткен. Оны суреттен байқауға да болады. Баян Алагөзова инстаграм парақшасында құдағиымен түскен суретті жариялап үлгерген.

Ал, Айсәуленің болашақ қайын енесі кім десеңіз, ол бүгінде “Қазақстандық онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты” шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры – Диляра Хайдарова. 

Естеріңізге сала кетсек, жастардың үйлену тойы келер жылдың наурыз айына жоспарланып отыр.