Астрология

Астролог маманнан кеңес: Жылдық жоспарды қашан құру керек?

Арман-мақсаттарыңызды желтоқсан айында жазуға кеңес беремін. Дәл осы кезде Күн жаңа айналымын бастайды. Нақты уақытын айтар болсақ, 22 желтоқсан күні Астана сағатымен 10:19-кеткенде күн тоқырайды. Дәл осы күні ғаламшар бойынша жыл ауысады. Бұл күні болмаса, шығыс стилі бойынша Жаңа жыл басталатын 25 қаңтарда сағат 03:43-тен бастап жазуыңызға болады.

Біз Жаңа жылды тұтылу дәлізінде қарсы аламыз. 26 желтоқсан күні күннің тоқырауымен дәліз де ашылады. Бұл тоқырау оптимизмді өсіреді. Ол Мерген белгісіндегілер үшін тиімді болмақ. Мергендер үшін мансап жолындағы даму жоспарын қарастыратын уақыт келді. Әрі қарай дамуға дайын жандар үшін қызмет барысында толағай табыс болмақ.

Жылдың жеке санын есептеу

2020 жылға туған күніңіз бен айыңызды қосасыз. Мысалы, сіз 21 желтоқсанда дүниеге келсеңіз 2+1+1+2+2+0+2+0+=10, 1+0=1. Демек, сіздің жаңа жылдағы жеке саныңыз 1. 1 – Күнге тиесілі. Демек, бұл адамда жаңа бастамалар жылы болмақ. Менің саным Күнге тиесілі болған жылы жаңа жобаларды қолға алып, өмірімдегі жаңа кезеңдер басталған еді.

Жыл саны әрбір 9 жыл сайын қайталанып отырады. Сіздің 2020 жылғы саныңыз  2011 жылы болған. 2011 жылы өміріңізде қандай өзгерістер болды? Ескере түсіре отырып, жаңа кезеңде не нәрсенің өзекті болатынын ескеріңіз.

Сандардың мәнін тарқатайық

 1 – Күн. Өміріңіздегі жаңа кезеңнің басталып, жаңа жобалардың жүзеге асатын уақыты. Алға жылжу, абырой.

Түстер – қою қызыл, күрең қызыл, қызыл мен сарыны үйлестіру.

2 – Ай. Сезім, психология. Қарым-қатынасты дұрыстау. Өзгелердің қалауы мен адамдардың өкпе-ренішіне сезімталдық. Басқаларға көмектесуге бағытталған әлеуметтік жобалар.

Түстер – ақ, ақшыл, жарқыраған, маржан түс

3 – Юпитер. Даналық, білім алу, ақиқатты іздеу. Егер қыздар туралы айтар болсақ, онда ер адаммен байланысты ерекше жағдай орын алады. Ғашықтық оқиғалары басталуы мүмкін. Негізінде, көңілді өзгерістер жылы болмақ. Өршіл мақсаттарды жүзеге асыратын уақыт.

Түстер – қызғылт-сары, сары, ақшыл сары, қоңыр.

4 – Раху. Өмірдегі өзгерістер. Жаңашылдық, аңғалдық. Сырттай тұрақтылыққа талпыну. Шоқжұлдызыңызға сәйкес шалыс қадамдардың белгісі байқалғанына қарамастан әрекет етуге кеңес беремін. Бұл жерде барлығы белгіңіздің Рахудегі жағдайына байланысты болмақ.

Түстер – көгілдір. Бұл жерде де шоқжұлдызыңыздың Рахудегі орналасуына мін беріңіз.

5 – Меркурий. Байланыс, білім алу, кәсіпкерлік, сараптау, зерттеу. Өміріңізге жаңа идеялар қосуға ниет пайда болады.

Түстер – жасыл, көк-жасыл, көгілдір.

6 – Шолпан.  Жүректен шығатын, рахатқа бөлейтін, романтика мен қарым-қатынасқа толы жыл. Жалғысбастылар өз теңін табуы мүмкін. Сондықтан, жартымды жолықтырайын деп тілек тілеп жүрген жөн. Отбасы барлардың жанұясында тыныштық орнайды. Отбасы және жақын адамдардың ісімен айналысу қажеттегі туады.

Түстер – алқызыл, қызыл күрең, шұбар .

7 – Кету. Жеке, рухани даму, өз әлеміңізге үңілу, ішкі әлеміңіз бен өзіңізді сараптау алғашқы орынға шығады. «Мен кіммін?», «Не үшін өмір сүріп жүрмін?», «Мақсатым не?». Елеулі табыс алып келмейтін дүниеге уақытыңызды қимайсыз.

Түстер – ең дұрысы, өзіңіздің ішкі дауысыңызды тыңдап, қандай түсті қалайтыныңызды анықтағаныңыз жөн. Ол сізді алдамайды.

8 – Сатурн. Тәртіп, шыдам, Жол мен қалауыңызға қатысты сұрақтар. Бұл жерде шоқжұлдызыңыздың Сатурнда қалай жатқаны маңызды. Егер шаттық бойында жатса немесе патшалар тәсілімен жүрсе, онда сізге барынша әділ, шынайы болып, айтқан сөзіңізде тұру керек. Ақшаға қатысты сұрақтар туындайды.

Түстер – қара көк, қара, қара сұр, күлгін.

9 – Марс. Жаңа тыныс, алға жылжу мен жаңа кезеңнің басталуы. Белсенділік пен табандылық.

Түстер – ашық алқызыл, қызыл.

Шығыс астрологы 

Майра Тұрсынбекова