босану
ДенсаулықЖүктілік

Босану және одан кейінгі күтімнің 9 ережесі

Босану – оңай процесс емес. Әйел адамның ағзасында 9 ай бойы өзгерістер болады, ал босанғаннан кейін тіпті, бұлшықеттері босап, әлсірейді. Әлбетте, бұл кезде анаға ерекше күтім мен жақындарының қолдауы қажет.дәрігер

Осы орайда дәрігер Гаухар ЖҰМАТҚЫЗЫ босанудан кейінгі күтімнің 9 ережесін тізбектеп шықты. Төменде келтірілген нұсқаулыты жас босанған ана мен болашақ аналардың барлығы бірдей оқуы керек.

Сонымен, босанғаннан кейін қалыпқа қалай тез келуге болады?

1. Дем алу. Босану – әйел адамға оңай соқпайды. Сол себепті қалыпқа келу үшін мумкіндік болған кезде жатыңыз, дем алыңыз, көбірек ұйықтаңыз.

2. Жатып емізіңіз. Жатып емізген кезде белге де, жамбасқа да аз күш түседі.

Ескерту! Жатып емізу емізіп жатып ұйықтау дегенді білдірмейді. (Кей адамдар түсінбей жатыр)

3. Жыныс еріндері, аралықтағы ісіну болса салқын басуға болады. Целлофанға оралған мұзды 5-10 минут ұстасаңыз, ісіну азаяды.
4. Мейлінше жиі емізу. Алғашқы уыз бала үшін өте пайдалы және жатырдың қалпына келуіне көп көмектеседі. Емізу кезінде жатырдың жиырылуын сезінген боларсыз.

5. Іш қатудың алдын алыңыз. Ал іш кату болса, қатты күшенуден аулақ болыңыз, дәрігер көмегіне жүгініңіз.

6. Жаттығуға асықпаңыз. Босану кезінде әйел адамның омыртқасы мен жамбасына айтарлықтай күш түседі. Осыны ескере отырып, жамбас қуысы бұлшық еттеріне арналған жаттығуларды 2-3 аптадан кейін бастаңыз. Жыртылу, эпизиотомия болса 1 айдан кейін жаттыға бастаған жөн.

7. Мінсіз мүсінді аруларға еліктемеңіз. Жалпы жаттығуларды жасауға асықпаңыз, босана сала жаттығулар жасап жатқан инстаграмдағы сылқымдарға ермеңіз.
Ең алдымен қалыпқа келу керек, олай болмаған жағдайда жыныс мүшелері төмен түсіп кетуі мүмкін.

8. Ұзақ уақыт отырмаңыз. Босанғаннан кейін шектен тыс жамбасқа күш салмаған абзал.

9. Таза ауаға шығыңыз. Алайда бірден 3-4 сағатқа емес, алғашқы уақытта баламен 20-30 минут далада жүрген абзалырақ болады.

Босану процесінен кейін әйел адам шаруаға білек сыбана кіріспей, бір уақыт денсаулығына көңіл бөлуі керек. Оған ең алдымен жолдасы мен жақындары жағдай жасау қажет. Уй шаруашылығының белгілі бір бөлігін өз мойнына алса, жас босанған ананың жүгі жеңілдейтіні анық.

Әйел адам – нәзік жаратылыс, дер кезінде күтім болмаса, денсаулықты қайта қалпына келтіру қиын.