News

DOSSO DOSSI Қазақстанда: Түркияның еліміздегі ең таңдаулы шарасы

Dosso Dossi жыл сайын әлемге әйгілі топ-модельдерді подиумға шығаратындығымен танымал. Бұл жолы «Түркияның сән самалы» Қазақстанның оңтүстік астанасында келді.

Dosso Dossi Fashion Show түрік өндірушілерінің көктем-жаз маусымына арналған мыңдаған киім түрін алып келіп, The Ritz-Carlton, Almaty қонақүйінің залын салтанатты кешке айналдырды.

Қазақстанда өтіп жатқан іс-шараға көршілес елдердің тоқыма өндірісінің мыңдаған өкілі қатысты. Атап айтар болсақ, олардың қатарында Өзбекстан мен Тәжікстан бар. «Біз Қазақстандағы тоқыма саласымен тығыз қарым-қатынастамыз. Жылдағыдай биыл да Түркия маркаларымен Қазақстандағы байланысымызды, іскерлік серіктестігімізді жалғастырамыз», – деді Dosso Dossi холдингінің басқарма кеңесінің төрағасы Хикмет Ераслан.

9 наурыз күні The Ritz-Carlton, Almaty қонақүйлерінде баспасөз конференциясы өтіп, Қазақстандағы түрік текстиліне қатысты Dosso Dossi Fashion Show көрмесі жайлы толық баяндады.

Dosso Dossi Fashion Show демалыс пен жұмысты біріктірген, Алматыда керемет кеш өткізуді мақсат еткен әлемдегі ең үлкен шара. Бұл шараның хедлайнері Hard Rock Café-де 10 наурыз күні сағат 20:30-да өтетін гала-кешке келетін Иванушки International тобының концерті болмақ. Көңілді кеш өткізуге шақырамыз.