Мен ешқашан қарым-қатынас құрған емеспін. Жасөспірім кезімде тез ғашық болатынмын әрі өзімнің жиі шеттетілетінімді сезінетінмін.
Қазір жасым 21-де, алты ай бұрын бір жан маған бұрын-соңды болмаған ара-қатынасқа үміт берді де, сол үмітті тез өшірді. Оған көңілім ауғаны соншалық, тіпті онымен араласпасақ та, қасымда өзге біреуді көргім келмейтін еді. Алайда ол алғашқы қадамды жасауға асықпады, сондай-ақ менің әрекетіме тек «Жұмысым бар, уақытым жоқ» деп жауап қататын еді.
Бұл жауап жанымды жаралағанын енді түсінгендеймін. Мен адамдарға қызығушылық танытпайтындығымды білемін, қызығушылық танытқан күнде де сезімім біржақты ғана болады (шынтуайтында, осы уақытқа дейін маған ешкім қызығушылық танытпаған).
Өз басым жалғыз қалудан, ессіз ғашық болудан, сондай-ақ қарым-қатынастың не екенін сезіне алмаудан қорқамын.
Дәрия, 21 жаста
Дәрия, қайырлы күн! Өміріңізде қарым-қатынас тәжірибесінің жоқтығынан қатты қиналасыз әрі «ешқашан басымнан өткермеймін бе?» деп те қорқасыз. Бірақ бұл хатты зейнеткерлік жастағы әйел емес, 21 жастағы жас қыз жазып отыр, сондықтан сары уайымға салынуға негіз жоқ.
Сізде жауапсыз махаббаттың жағымсыз тәжірибесі бар, бірақ маған сеніңіз, ол – жалғыз сіздің емес, көп адамның басынан өтетін сезім. Сонымен қатар аталмыш мәселе – келешектегі махаббат үшін кедергі емес. Жыныстық жетілу кезінде ғашық болып, сезіміңіз жауапсыз қалғандықтан, сізге ол қатты ауыр тиді, іштей өзіңіздің тартымдылығыңызға күмән келтіре бастаған боларсыз. Десе де бұл – жаныңызды жегідей жейтіндей жайт емес.
13-16 жаста жасөспірімдер өмірлік жар іздемейді, олар қарым-қатынаста не қалайтындықтарын да түсіне алмай дал болады, яғни бұл «химия», демек қарым-қатынасқа негізделген қарым-қатынас деп аталады. Ересек жаста жан серігіңізді саналы түрде (кем дегенде ұмтылуға тұрарлық) таңдайсыз.
Сіз өзара қарым-қатынасқа үміт беріп, кейіннен оны өшірген ер азамат туралы жазасыз, алайда артынан онымен тіпті араласпағандығыңызды хабарлайсыз.
Шынтуайтында, адаммен араласпай, қандай үміт күткеніңіз түсініксіз
Отбасыңыздағы сенімділік қарым-қатынасы қалай қалыптасқан? Отбасыңыз толық па? Ата-анаңыздың арасындағы қарым-қатынас үйлесімді ме? Өзіңіз әкеңіз бен анаңызға сенім арта аласыз ба? Бәлкім, мәселеңізді отбасылық тәжірибеге сүйене отырып шешуіңіз керек шығар.
Махаббат – үрей мен сенімсіздікке толы кезеңде бастан кешірілетін қиын сезім. Кез келген қарым-қатынас, неке, отбасы жұптардың бірі үшін тез әрі кенеттен аяқталуы мүмкін. Себебі бұл өмірде мүмкін емес дүние жоқ. Бірақ берік, адал, жарқын қарым-қатынастар махаббат пен сыйластықсыз құрылмайды.
Жұп махаббатқа нүкте қоя алады, сатқындық жасай алады, тіпті қайтыс болуы да ықтимал. Бірақ өзіңізді сезімдерден шеттету және болашақта гипотетикалық ауырсынудан қорғау арқылы қазіргі уақытта өзіңізді толыққанды өмір сүру мүмкіндігінен айырасыз.
Сізді бұрын бірнеше рет қабылдамады, бірақ ол бүгін де, болашақта да сізден бас тартады дегенді білдірмейді
Адамдар сүйіспеншілігімізді олардың сұраныстары мен қажеттіліктеріне сәйкес келмейтіндігімізден қабылдамайтындықтарын әрі оны бөліспейтіндіктерін түсіну өте маңызды. Бірақ әлемде керемет және жаныңызға жақын серік болар адамдар жетерлік. Қабылдамау жүрекке жара салатыны хақ. Басыңыздан өткен жағымсыз тәжірибені келешекте қайталанады деп қорқудың қажеті жоқ, керісінше, одан қорытынды шығарып, әрі қарай алға жылжу маңызды.
Қазір Сіз бойжеттіңіз, кейбір мәселелерде өз ұстанымыңыз бар. Сондай-ақ, Сіз өзіңізге не ұнап, не ұнамайтындығын, сізге жұп болатын жанның қандай қасиеттері көңіліңізден шығып, ал қайсысына көңіліңіз толмайтынын білесіз. Яғни, Сіз 15 жасыңызбен салыстырғанда, осы жасыңызда берік қарым-қатынасқа әлдеқайда дайынсыз.
Бас тартудан қорықпау үшін өзіңізден күш табыңыз, адамдармен тек көңіл көтеру үшін сөйлесіңіз, барлық ер азаматтар өзіңізге жұп ретінде қарастырудың қажеті жоқ. Жанға жағымды әрі қызықты адамдармен қарым-қатынас жасаудан ләззат алыңыз, олармен ара-қатынаста өзіңізді жан-жақты көрсетіңіз. Сонда ғана айналаңызға, жаныңызға әрі дүниетанымыңызға жақын адамдар жиналады, уақыт өте келе олармен берік қарым-қатынас құра аласыз.
Ұқсас мақалалар:
Сүйіктімнен көңілім қалды: Ерлер пікірі