ДенсаулықСаулық үшін

ҚАТЕ ДИАГНОЗ: Дәрігерлер анықтай алмайтын 4 індет

Дәрігер қойған диагнозға күмәніңіз бар ма? Ендеше біраз ізденіп көріңіз. “Жеті рет өлшеп, бір рет кескеннің” артықтығы жоқ. Алдымен сіздің немен ауырып жүргеніңізді анықтау үшін белгілері ұқсас ауруларды сызып тастау қажет.

Кейде ең мықты деген дәрігерлердің өзі қателесіп жатады. Ауруды анықтау барысында 40%-ға жуығы әуеліден дұрыс жасалмаған диагностикаға байланысты. Бұл жерде дәрігердің өз жұмысына деген салғырттығын қоспаған күннің өзiнде тағы бiрнеше түйткіл бар. Мәселен, көптеген аурулардың белгілері өзара ұқсас. Оларды тек қана қосымша лабораториялық және аппаратпен тексерген соң ғана толық анықтауға болады. Ал, егер дәрігер өзі қойған диагнозға сенімді болып, қосымша тексерулерді артық деп санаса не істеу қажет? Егер сіз сұрақтарды дөп қойып, өзіңізді мазалайтын жайтты дұрыс жеткізе алсаңыз, сіз өзіңізге және дәрігерге көмектескенiңiз. Осылай аурудың алдын алып, тіпті өміріңізді сақтап қалуыңыз да мүмкін.

Жұмбақ ауру №1.

Сiздегi белгiлер: Бiр жағынан сезімталдықтан айырылу, екіншіден бас ауруы, бастың айналуы, көздің аяқ астынан қарауытып кетуі, координацияның немесе сөзіңіздің бұзылуы.

Дәрігер бұған не дейді: Қан тамырдағы дистония, жүйке ауруы немесе құлақтың ішінің ауруы (есту лабиринті).

Шындығында ол не болуы мүмкін: инсульт.

Қателік неден болады? Көптеген зерттеулер инсульттің 14%-ы 45 жастағы адамдардың диагностикадан дұрыс өтпегендігінен болады екен. Бұрын егде адамдардың осы ауруға шалдыққанын естуші едік, енді инсульт «жасарып» келеді. Өмірді жаңа бастаған, қажырлы жастарға дейін ауыратын болып барады.

Ишемия (қанның бір жерде азаюы) – мидағы қан айналымының бұзылуына байланысты болатын ауру. Инсульттің белгілері әртүрлі. Егер сізде аяқ астынан төмендегідей белгілер пайда болса, міндетті түрде дәрігермен кеңесіңіз. Мән бермей жүре беру сал ауруына апарып соқтыруы ықтимал, осыны естен шығармаған жөн.

Сақ болыңыз! Аяқ-қолыңыздың әлсіздігін аңғарсаңыз, көзіңізге бір зат екеу болып көрінсе, ойыңызды жинақтай алмасаң сөйлеу барысында кекештенсеңіз, сұхбаттасыңыздың сөзін естімей калатын болсаңыз дереу дәрігерге бағыт түзеңіз. Келтірілген мысалдардың барлығы мидың бір бөлігіне зақым келгендігін байқатады. Тіпті ол белгілер басында болып, кейiн жоғалып кетсе де назардан тыс қалдырмаңыз.

Жұмбақ ауру №2.

Сiздегі белгілер: Бас ауырып, құлақ шыңылдаса және желке құрысса да мән беру керек.

Дәрігер бұған не дейді: жүйке ауруы немесе орталық құлақтың ісінуі.

Шындығында ол не болуы мүмкін: асқынып кету, қимылқозғалыстың бұзылуы, жақтың астыңғы буындары зақымдануы ықтимал.

Неге қателесуіміз мүмкін? Мұндай белгілерді әдетте беттегі жүйке талшықтарының қабынуы деп қабылдайды. Буындар тістеген кезде ауырады. Тіс ауруының нәтижесінде жаққа зақым келсе немесе артрит пайда болғанда ауырады. Егер жақтағы екі ілмек қажалып, дискіге зақым келсе, асқыну пайда болады. Басыңыз бен құлағыңыз аурады. Тіпті жиі сағыз шайнап, тырнағыңызды жиі тістелейтін әдетіңіз бар болса, осы ауруға тап боласыз.

Сақ болыңыз! Дәрігер толық тексеруден өткізбей диагноз қойса, жазып берген дәрілері жағдайыңызды оңалтпаса, дантистке каралыңыз.

Ауруды анықтау барысында 40%-ға жуығы әуеліден дұрыс жасалмаған диагностикаға байланысты.

Жұмбақ ауру №3.

Сiздегi белгiлер: шаршау, тыныс алудың нашарлауы, тахикардия.

Дәрігер бұған не дейді: стресс немесе паникалық шабуыл.

Шындығында ол не болуы мүмкін: жүрек талмасы немесе жүректегі ишемия (қанның бір жерде азаюы).

Қателік неден болады? Жүрек талмасымен әйелдер көп ауырады. Тіпті, оны ер азаматтікімен салыстыруға келмейді. Әйелдердердің дәрігерлік тексеруден өтуге құлықсыздығы жүрек талма ауруы көбеюіне соқтырады. АҚШ дәрігер-ғалымдары инфаркті «әйелдерді аулаушы тажал» деп есептейді.

Сақ болыңыз! Егер дәрігер жазып берген емдомның нәтижесінде жазылмасаӊыз, жедел кардиолог дәрігерге қаралыңыз.

Жұмбақ ауру №4.

Сіздегі белгілер: Жабырқау және қатты шаршау, салмағыңыздың артып кетуі, ұйқысыздық, аяқтың қақсауы, жүруге деген құлықсыздық.

Дәрігер бұған не дейді: Депрессия немесе созылмалы шаршаудың белгісі.

Шындығында ол не болуы мүмкін: Гипотиреоз.

Қателік неден болады? Гипотиреоздің белгілері (қалқанша бездің жұмысының азаюы) бірден байқалмайды, тіпті басқа аурудың артында тығылып тұрады – қан аздық пен гипотония және депрессия да ішіне кіреді. Егер дәрігердің жазбалары тек «депрессияның» немесе «созылмалы шаршау» секілді аурулардың белгілерінің алдын алу ғана болса, гормоналды қиындықтар назарсыз қалады. Ал, сіз гипотиреозді емдемесеңіз соңы жақсылыққа әкелмейді: ол холестериннің көбейіп кетуіне әкеледі. Гипертония мен сусамыр ауруы осыдан пайда болады.

Сақ болыңыз! Жоғарыда айтылған белгілердің бірін өз ағзаңыздан аңғарсаңыз (әлсіздік, тәбеттің нашарлауы немесе керісінше әрдайым тамақтануға деген тәбет, ұйқының келе беруі, өз ойыңызды жинақтай алмау), дәрігер кеңесіне жүгініп, қалқанша безінің гормонына қатысты талдау жасауға бел байлаңыз.

Әрине, ауру-сырқаудан ада болыңыз, десе де «сақтансаң сақтаймын» дегенді жадыңызда ұстаңыз.