Нумерология

Нумерология: 2023 жылда сандар не жасырады?

2023 жылдың саны – (2+0+2+3=7) жеті! Нумерологияда ғана емес, қазақ халқында да «жеті» киелі сан болып есептелетіндігі көпке аян. Ал енді 2023 жылға арналған табыс кодын есептеп, сандар сырын бірге білейік!

Табыс кодын табу жолы

Табыс кодыңызды анықтау үшін туған күніңіздің барлық сандарын қосып шығыңыз, бірақ туған жылыңыздың орнына 2023 (7 санын) пайдалану қажет. Шыққан нәтижеге есіміңіздің бірінші әрпіне сәйкес келетін санды қосқан жөн. Мәселен, Мен 9 шілдеде дүниеге келдім, 9+ 7+7+7 (О әрпі) = 30=3+0=3 ағымдағы жылға арналған кодым.


Сәттілік коды


Бірлік 

Егер 1 саны шықса, сәтсіздік пен түйіткілді мәселелерден шығудың жолы – уақытыңыздың көп бөлігін үйде өткізіп, ет жақындарыңызбен тығыз қарым-қатынас құру болмақ. Айналаңыздағы адамдардың бірі сізге қолдау білдіретін болады. Алайда 2023 жылдың соңынан қарай Сіз де сол жанға жақсылық жасауыңыз міндетті.

Екілік

Мақсатқа жетудің ең ұтымды жолы – қулық. Қауіпті адамдардың жолың кеспей, жаныңызға адал адамдарды жинауға тырысыңыз. Айлакер амалдарыңыз жасырын әрі аса мұқият болғаны жөн. Өзіңізден басқа өзге ешкімге сенім артпаңыз.

Үштік

Ағымдағы жылы басыңыздан өтетін дүниелер өткен тәжірибенің қайталануы болмақ. Сіз үшін 2023 жыл қауіпті, сондай-ақ болжап болмайтындай оқиғаларға толы болады. Бәлкім, кез келген істің нәтижесі алдын ала шешілмейтін шығар. Туындаған жағдайдың соңы сәтті болуы үшін ішкі түйсіктің көмегіне жүгіну керек.

Төрттік

2023 жылы өмірдің түрлі саласына назар аудару керек. Сарапшылар уақытыңыздың басым бөлігін жеке сараптама жасаудан гөрі мүмкіндіктерді іздеуге жұмсауды ұсынады. Адамның өзін-өзі іштей жегідей жеуі тек жабырқаулы күйге әкеледі.

Бестік

2023 жылды табысты өткізу үшін үнемі жұмыс пен демалыс арасындағы тепе-теңдікті сақтауға тура келеді. Шамадан тыс жұмыс жұмыссыздық сияқты кері әсерін тигізуі мүмкін. Егер жұмыс істеуге мәжбүр болсаңыз, жылдам әрі жауапкершілікпен әрекет етіңіз. Егер демалыс күніңіз болса, демалып, бой жазуға кірісіңіз.

Алтылық

 2023 жылы сізге өмірлік маңызды шешімдерді қабылдауға тура келеді, бірақ оларды тәуекелге бармай қабылдаған жөн. Ақиқатты іздеу барысында ішкі түйсігіңіз Сізге көмек болары сөзсіз. Егер жолыңызда қиындықтар туса, ішкі дауысыңызға құлақ асудан қорықпаңыз.

Жетілік

Бұл жыл жеті санының иелері үшін сәтті болмақ. Алайда табыс көзі кішігірім дүниелерде жасырылғандығын ұмытпаңыздар. Уақытыңыздың көп бөлігін ұсақ-түйек мәселелерді шешумен өткізуге тура келетін болар, бірақ ол соған тұрарлық екендігін ұмытпаңыздар. Мотивация мен энтузиазмды жоғалтпасаңыз, сәттілік үнемі серік болады.

Сегіздік

Ағымдағы жылды қаржылық жағдай мен кәсіп бастауға арнағаныңыз жөн.  Бұл молшылықты білдіретін сан, өз қалауыңызға сай құрмет, мадақ, ақшаға қол жеткізе аласыз. Тек сүйікті істеріңізге қанша уақыт бөле алатындығыңыз маңызды.

Тоғыздық

2023 жылы тоғыз санының иелеріне қауіпті істерге бас сұқпаған дұрыс, сонымен қатар маңызды істерді кейінге қалдырмау қажет. Әр мәселені ақылмен шешіңіз. Өз ұстанымдарыңызды алға тартып, «Жақсылыққа жақсылықпен» жауап беріңіз.

Жалпы жеті саны – ашық әрі қолайлы сан. Бұл жылы саяси текетірестер, махабаттағы сәтсіздік яки қарым-қатынастағы қиындықтар шешімін табуы мүмкін.

2023 жыл оңай болмайды, тек еңбекқор адамдар ғана өз идеяларын іске асырып, оларды қомақты қаражатқа айналдыра алады. Ағымдағы жылы әйел адамдарға таныстық барысында ашық әрі шынайы болуға кеңес береміз,  ал ер азаматтарға өз сезімін білдіруге қорықпауды ұсынамыз. Осы жылы көп шығындалмай, мәселелерді тек ақылға салып шешулеріңізді сұраймыз.

Ұқсас мақалалар:

Мінез-құлық коды арқылы сәтсіз жылдарды анықтайық

Нумерология арқылы өмірлік серігіңді таны