ДенсаулықДиета және фитнес

Өзіңізге күтім жасауды бүгіннен бастаңыз!

Өзіңізге күтім жасап, салауатты өмір салтын ұстануды келесі дүйсенбіге қалдырудың қажеті жоқ. Әдетте, мұндай әрекет сәтсіз аяқталады. Күтімді кейінге қалдырмай бүгіннен бастайық! Мақсатқа қарай бір қадам жасап, сұлу, сау әрі сергек болуға тырысайық. Бұл ретте бізге Herbalife Nutrition Компаниясының тамақтану бойынша сарапшысы Алмагүл Ержекенова көмектеседі.

Біртіндеп бастаңыз

 Егер сіз денсаулығыңызды қолға алуға шешім қабылдасаңыз, бір күнде диетаға отырып, спортзалда 3 сағат жаттығудың қажеті жоқ. Мәселен, жұмыс күнінің соңында серуендеп қайтыңыз немесе таңертең 20 минут жүгіріңіз. Ал түскі асқа фри орнына көкөністер қосылған салат пен піскен ет жеңіз. Осылайша сіз нәтижеге жету жолында кішігірім қадам жасайсыз.

  Сезімдеріңізге құлақ түріңіз

Басты мақсатыңыз қандай? Салмақ тастап, айналадағылардың назарын өзіңізге аудару ма, әлде ұзақ жылдар бойы сау әрі сергек жүру ме? Жас күніңізде бірінші мақсат маңыздырақ болып көрінеді, кейіннен ол екінші мақсатқа ауысады. Дейтұрғанмен денсаулық әрдайым бірінші кезекте тұруы қажет. Күйеуіңіз не айналадағылар үшін тырысудың нәтижесі қысқа болмақ. Мұндай жағдайда уақыт өте сіз өз денсаулығыңызды күтуді қоясыз. 

Кез келген іс-әрекетіңізден пайда тапқан маңызды. Мәселен, біреулер спортзалдан шығып, бойында күш-қуаттың артқанын, жаттығу кезінде бұлшықеттердің қалай жұмыс істеп жатқанын сезеді. Сол секілді тамақтан да пайда табыңыз. Мысалы, өзіңізге ұнауы мүмкін тағамдарды тауып, түрлі дәмдеуіштерді пайдаланыңыз. Дәл осындай пайда сізді қайта-қайта жігерлендіріп тұратын болады.

Тамақтану үрдісін теңдестіріңіз

Ас – денсаулықтың негізі. Соның арқасында сіздің ағзаңыз үздіксіз жұмыс істеп тұрады. Тамақтың сапасы, көлемі мен құрамына барлығы байланысты. Күнделікті рацион ақуыз, май және көмірсулардан 30-30-40 порциясы бойынша тұруы керек, сонымен қатар барлық қажетті минералдар мен дәрумендерді қамтуы қажет. Бір сөзбен айтқанда қамырдан жасалған тағамдар мен тазартылған дәнді-дақылдарды аз тұтынып, көкөністерді көбірек жеңіз. Қызыл әрі майлы еттің орнына ақшыл түсті майсыз етті таңдаңыз. Дегенмен майды мүлде ысырып тастауға болмайды. Рационда жануар мен өсімдік майлары болуы керек. Бұл нутриент әйелдер үшін аса маңызды.

Ол репродуктивті жүйе, жалпы алғанда, овуляция үшін қажет. Ақуыз жасушалар үшін құрылыс материалы ретінде өте маңызды. Адам ағзасындағы көптеген гормондар ақуыз құрылымына ие. Сондықтан ақуыздың жетіспеушілігі көптеген мәселелерге, соның ішінде ұйқының бұзылуына әкеп соғуы мүмкін. Өйткені мелатонин рецепторлары G-ақуыздарымен байланысты.

«Өзіңізді қинау – қателік. Тағамдар дәмді әрі жасалу жолы оңай болуы қажет. Теңгерімді тамақтану саласындағы әлемдік сарапшы Herbalife Nutrition Компаниясы Әйелдердің тамақтану бағдарламасын негізгі , кеңейтілген және жетілдірілген үш нұсқада әзірлейді», – дейді Алмагүл Ержекенова.

Біріншісіне бес өнім: 2020 жылы Қазақстандағы №1 Жыл таңдауы марапатына ие болған Формула 1 протеинді коктейлі кіреді. Ол теңдестірілген құрамы мен жеңіл әзірленетіндігі үшін жоғары бағаланады.  Небәрі 2 минуттың ішінде толыққанды таңғы, түскі немесе кешкі асты әзірлей аласыз! Әйелдер бағдарламасында антиоксидантты қорғанысты күшейту үшін Шөпті сусын, ал  су деңгейін сақтап тұру үшін Алоэ өсімдік сусыны ұсынылған. Микроэлементтердің оңтайлы деңгейіне қол жеткізу Формула 2 коктейлі сай келеді. Оның құрамы әйелдер ағзасы үшін теңдестірілген.  Сүйектердің тығыздығы мен шаш пен тырнақтың, репродуктивті жүйенің саулығы үшін ЭкстраКаль Эдванс дәрумендер кешенін ұсынамыз. Ол – кальций, мырыш және D дәруменінің қосымша көзі. Әйелдер бағдарламасының негізгі нұсқасы денсаулығын күткісі келетін көптеген қыз-келіншектерге арналған.

Босанудан кейін өзіңізге барынша мұқият болыңыз

Жүктілік пен босанғаннан кейін ағзаның қалпына келуі баяу жүреді, сондықтан жас босанған ана жаттығулар жасауға кірісерде өте мұқият болу керек.

Әуелі жай жүруден бастаңыз.

 Серуендеу кезінде балаңыз арбада ұйықтап жатқанда құры отырмаңыз.

Барынша өзіңізге қуаныш сыйлайтын жерлерге барыңыз.

Баланы жиі көтеріп жүріңіз. Бұл арқа бұлшықеттерін нығайтады.

Біртіндеп физикалық жаттығуларды арттырсаңыз болады. Дегенмен оның алдында дәрігермен ақылдасқаныңыз абзал.

Жетістіктеріңізді бақылаңыз

Салауатты өмір салтына қарай жасаған әрбір қадамыңыз үшін өзіңізді мақтауды ұмытпаңыз. Жалқаулығыңыз үшін өзіңізді жазғырмаңыз. Жетістіктеріңізді түртіп отырыңыз, алайда сандарға екпін берудің қажеті жоқ. Әрі қарай жылжып, Herbalife Nutrition Әйелдердің тамақтану бағдарламасындағы келесі деңгейіне өтіңіз.

Кеңейтілген нұсқаға Гербалайфлайн Макс кіреді. Ол май алмасу процесін (липидтер алмасуын) реттейтін,  жүрек-қантамыр жүйесін, көру қабілетін және мидың жұмысын жақсартатын Омега-3 полиқанықпаған майлар мен Е дәруменінің негізі. Ал жан-жақты нәзікжандылар үшін тамақтану бағдарламасына тағы екі өнім қосылды. Олар: Ағзаны жүрек-тамыр жүйесінің дұрыс жұмыс істеуі үшін қажет азот оксидін шығаруға ынталандыратын Найтворкс және Жасушалық активатор

Өзінің ерекше формуласы мен құрамындағы L-карнитиннің арқасында ол ағзаға майды тиімді түрде қуатқа айналдырып, келіп түсетін қоректік заттарды сіңіруге көмектеседі. Бұл белсенді әйелдер үшін таптырмас құрал.

Біздің басты міндетіміз – денсаулықты нығайтып, иммунитетті көтеру және соның арқасында қалыпқа келіп, күн сайын сергектік пен жақсы көңіл-күйге ие болу. Есіңізде болсын, сұлулықтың басты кілті – денсаулықта!