плазмотерапия
Cән мен сұлулықБет күтімі

Плазмотерапия – таңсық емес, таныс әдіс

Әйгерім Ілиясова, дермотокосметолог

Плазмотерапия – биоревитализация, филлер және тағы да басқа косметологиялық процедуралардан  несімен ерекшеленеді? Адамның өз қанынан плазманы ажыратып бет терісіне екпе жасау қандай пайда әкеледі? Осы және өзге де сұрақтарды дермотокосметолог Әйгерім Ілиясовадан сұрап көрелік.

 

Плазмотерапия – адамның өз қанын қолдануға негізделген емдеу әдісі. Тамырдан қан алынады, одан плазма тромбоциттермен бірге  арнайы центрифугада бөлінеді. Соңғысы қайтадан қанға еніп, коллагеннің табиғи өндірісін ынталандырады және иммунитетті арттырады.

Не себепті адамға өз қанын құю қажет?

Плазмотерапиялық  емдеу

Бұл – бұрыннан бар әдіс. Аталмыш әдіспен ХХ ғасырдың басында дәрігерлер жүкті әйелдердің иммунитетін жоғарылатып, безеу ауруларының алдын алған. Медицинада бұл «аутогемотерапия» деп аталады, яғни бұлшықет ішіне немесе тері астына науқастың веноздық қаны енгізіледі. Бірақ уақыт өте келе қызыл қан жасушаларының (эритроциттер мен лейкоциттер) емдеуге жарамсыз екендігі белгілі болған. Плазма ғана қолайлы болып табылған. Осылайша, дәрігерлер қаннан плазманы бөліп алуды және тек қажет затты енгізуді үйренген.

Процедура көрсеткіштері

Плазмотерапияның көптеген көрсеткіштері бар және бұл әдіс косметологияда ғана қолда­нылмайды. Плазмотерапия сынық кезінде, тістерді емдеу мен жарақаттан кейін қалпына келтіру барысында да қолданылады.

Косметология саласындағы негізгі көрсеткіштер:

💉 Тітіркенген терінің сезімталдығын төмендету;

💉 Күңгірт келбет;

💉Беткі әрі терең әжімдер;

💉Терінің серпімділігін жоғалтуы;

💉Пигменттер;

💉Безеуден кейінгі дақтар;

💉Лазерлік процедуралардан кейін қалпына келу немесе оларға дайындық;

💉Безеу, тыртық, созылу белгі­лерін емдеу;

💉Шаштың түсуі.

Қарсы көрсеткіштер:

Адамның өз қаны өзіне енгізілетіндіктен, қарсы көрсетілімдер болмайтындығын ескеру керек. Плазмотерапия аллергиялық белгілер мен тітіркенуді тудырмайды.

Процедураның тек салыстырмалы қарсы көрсетілімдері бар. Олар:

✅жақында болған жұқпалы ауру (коронавирус);

✅бауыр аурулары;

✅ауырсынуды басатын дәрі-дәрмектер;

✅ жүктілік.

Абсолютті қарсы көрсетілімдер:

✅қандағы тромбоциттердің жеткіліксіз мөлшері;

✅жедел жұқпалы аурулар;

✅ қант диабеті.

Мұндай жағдайларда процедураны кейінге қалдыру керек.

Плазмотерапия – ыңғайлы процедура

Маман кеңесінен кейін барлық қарсы көрсеткіштер белгілі болады. Содан соң тамырдан қан алынады. Ол 5 минут ішінде жоғары айналымда болатын центрифугалаудан кейін тромбоциттермен байытылған плазмаға және қызыл қанға бөлінеді.

Сынауық дайын болған кезде плазмотерапия тері астына және тері ішіне инъекциялар арқылы енгізіледі.

Процедура ыңғайлы, инелердің жіңішкелігінен инъекциялар көрінбейді де. Ем-шара қолданылғаннан кейін сәл қызару болуы мүмкін, тесілген жерлер байқалуы ықтимал, бірақ бірнеше күннен кейін олардың ізі де қалмайды.

Сынауықтар (түтіктер)

Заманауи клиникалардың «Сұлулық кітабында» плазмотерапияның  бірнеше түрін көруге болады әрі шатасып қалуыңыз да мүмкін. Көк, қызыл және алтын түсті сынауықтар (түтіктер) нені білдіреді? Бұл – теріңіздің қажеттелігіне байланысты нақты компоненттермен байытылған плазмалық терапия.

Сынауықтар әртүрлі әсер етеді

Көк сынауық жылдам әсер береді, оны 24 сағат ішінде байқауға болады. Қызыл сынауықтан кейін ол бірден байқалады, өйткені мұнда гель филлер (дерма толтырғыш) ретінде әрекет етеді. Дегенмен қызыл сынауықтың әсері бірнеше күннен бір жарым аптаға дейін созылуы мүмкін. Өйткені, бұл өзіндік тін және ол ферменттерімен тез бейтараптандырылады. Бірақ бір жарым аптада мұндай препараттан әжімдердің айтарлықтай азаюын байқауға болады.

Ұқсас мақалалар: Бет терісін жақсартудың жолдары