ДенсаулықСаулық үшін

Әйел қорылы қауіпті симптом

Ұйықтап жатып қорылдау – ерлерде де, әйелдерде де қауіпті симптом. Десе де, дәрігерлер әйел қорылы аса қауіпті әрі бүкіл ағзаға зияны бар деп дабыл қағады.

Әйел қорылының себептері

Қорылдау – жүрек бұлшықеттерінің функциясын ерте кезден бұзады. Бұл көбінесе “сол жақ жүрекшенің” ұлғаюымен байланысты.

Анықтама. Сол жақ жүрекше – адамның барлық қан айналымын жүргізетін “мотор”. Ол ұлғайған кезде және қабырғалары жуандаған сәтте миокардқа айтарлықтай салмақ түседі. Нәтижесінде – жүрек бұлшықеттері тез босайды. Осылайша жүрек уақыт келе қанды толыққанды айдай алмай қалады.

Зерттеулер, айтулы процесс ер азаматтарға қарағанда қорылдайтын әйелдерде көбірек кездесетінін дәлелдеді. Қорылдайтын әйелдердің жартысынан көбісінің ұйқымен проблемалары бар. Таңертең мұндай әйел шаршап оянады. Оған қоса, ерлерге қарағанда әйелдерде апноэ (ұйықтап жатып жүрек тоқтау) қауіпі жоғары. Ал бұл – аса қатерлі симптом!

Әйелдердегі жүрек ауруын диагностикалау

Өздігіңізбен қорылдың себебін анықтай алмайсыз. Тек дәрігер ұйықтап жатқандағы қорылдың себебін біліп, жеке емдеу алгоритмдерін анықтайды. Оған қоса міндетті түрде анализ және “аппаратты диагностика” сынды диагностикалық зерттеу сараптамасын жасайды.

Есіңізде болсын! Кейде қорыл ЛОР-органдарының ауруларымен байланысты болуы мүмкін. Сол үшін міндетті түрде кешенді зерттеулер қажет. Ең алдымен кез келген жоғарғы тыныс алу мүшелерінің инфекциясын жіті емдеп, мұрындағы полип сынды ауруларды анықтаған дұрыс.