News

«Салауатты тамақтану мектебі» сурет әлемінде

Салауатты өмір салты дегенді балалар қалай түсінеді? Қазақстанда «Салауатты тамақтану мектебі» атты балалар суреті бойынша Халықаралық көрме өтті. Шараны «Нестле Фуд Қазақстан» ұйымдастырған болатын. Балалардың туындылары әртүрлі сюжетке құрылған, дегенмен барлығы негізгі тақырып деп бекітілген дұрыс тамақтану мәдениеті аясында болды.

Көбі түрлі халықтардың ұлттық тамақтарын, өз ұлтының дәстүрлі тағамдарының суретін салса, кей балалар дәруменді натюрморттар мен көкөніс, жеміс-жидектердің шеруін суреттеген. Күрделі тақырыптар да болды. Олардың қатарында «Денсаулық қаласының тұрғындары», «Біз салауатты тамақтануды таңдаймыз» атты бөлімдер бар. Байқауға 5-17 жас аралығындағы балалардың шығармалары қатысты.

Алматылық өнерпаз балалар

19 желтоқсан күні Алматыдағы №4 гимназияда және Нұр-Сұлтан қаласындағы №2 өнер мектебінде Балалар сурет өнері бойынша Халықаралық көрменің ашылу салтанаты өтті. Салтанатты рәсімге сурет өнерінің майталмандары да қатысты. Байқау биыл бірінші рет ұйымдастырылып жатқан жоқ. Осы жылы да Нұр-Сұлтан және Алматы қаласындағы дарынды балалардың талантын шыңдап жүрген ұстаздарға алғыс хаттар табысталды.

Алматылық жеңімпаз оқушыларды марапаттау рәсімінен

Әділ-қазы алқасының мүшелері Қазақстан мен Ресейден келген қатысушылардың 1500-ға жуық жұмысын қарап шықты. Жүлдеге лайық деп Алматы қаласынан 5 оқушының жұмысы танылды. Олардың қатарында №23 мектеп-гимназиясының оқушысы Васильева Елизавета, №34 гимназияның оқушысы Маремуха Вадим, №25 гимназиядан қатысқан Құндақбаева Жания, №4 гимназия оқушысы Сесёлкина Лолита, №83 гимназиядан Сумароко Виктор бар.

Нұр-Сұлтан қаласындағы қатысушылардың суреттері
Астаналық жеңімпаздарды марапаттау рәсімінен

Нұр-Сұлтан қаласынан да бес оқушы үздік деп танылды. Атап айтар болсақ, №1 мектеп-лицейінің оқушысы Тоқтемір Дениз, №37 мектеп-лицейінің оқушысы Ержеңіс Аида, №85 мектеп-лицейінің оқушысы Мұстафя Назерке, №66 мектеп-лицейінің оқушысы Қ.Ясмин, №87 балабақшаның тәрбиеленушісі Марлен Фариза иеленді.

Адамның денсаулығы дұрыс тамақтанудан басталады. Оны бала кезден бойға сіңіру өте маңызды. «Нестле Фуд Қазақстан» компаниясы осындай шараларды ұйымдастыру арқылы балалар мен олардың ата-аналарына, ұстаздарына ой салып, салауатты өмір салтын насихаттауды мақсат етеді. Балалар ерте жастан шығармашылық арқылы салауатты тамақтанудың тәртібін, пайдасын біліп өскенін қалайды. Міне, пайдалы асты тұтына білген баладан болашақта дені сау азамат өсіп шығады.