News

 Blooming Palette топтамасы: Теңіз саяхатына аттанамыз!

Отандық дизайнерлердің саны артып, сапалы дүние ұсынып келе жатқаны рас. Олардың қатарында ShakerBay брендінің орны ерекше десек болады. Ерекше, сапалы, әдемі киімдері талай талғампаз арудың жүрегін жаулаған. Blooming Palette топтамасы да өзгеше.

Классикалық пішін мен романтикалық стильдің өзара диалогы сәтті шығыпты. Дизайнердің шифон матасын таңдап алуы да бекер емес. Ол әйел мүсініне нәзіктік үстейтін керемет мата екенін білесіздер.

Образдардың барлығы шығыс стиліндегі формасымен, принттерімен айрықша. Барлық баланстың сақталғанының арқасында заманауи әйелдің бейнесі көз алдыңызда пайда болады.

Оңтүстіктің жылы шипажайы, құмды жағажай мен денені қыздырған күн нұры! Шипажайдың мың бояулы табиғатының аясында өз арманыңды жүзеге асырудан асқан бақыт бар ма?! Өмірге құштар, көңілді кезіңізде мөлдір маталы, қанық бояулы, түрлі түске қаныққан көйлек артық етпесі анық. ShakerBay брендінің жаңа топтамасы сіздің жазғы демалысыңыздың мінсіз өтуіне жағдай жасады. Сіз тек таңдайсыз! Шектеулі топтамадан өз қалауын тапқан жан шексіз еркіндікті сезініп, өз болмысымен бетпе-бет келері сөзсіз.