ДенсаулықСаулық үшін

РАМАЗАН АЙЫ: Ауыз бекітетіндерге дұрыс тамақтану туралы диетолог кеңесі

 

Herbalife Nutrition компаниясының Тамақтану жөніндегі сарапшысы Алмагүл Ержекенова мұсылмандардың ауыз бекітуі туралы біздің оқырмандардың жиі қоятын сұрақтарына жауап берді. Көрнекілік үшін біз сіздерге арнап ақпараттық карточкалар жасадық:

 

Сәресі сау, теңгерімді әрі қоректік болуы маңызды. Ол ағзаны күні бойы энергиямен қамтамасыз етуі тиіс.

Сол жақта көрсетілген барлық тағам түрлері жылдам сіңетін өнімдер болғандықтан, одан кейін аштық  сезімі көп күттірмейді. Балық пен етті мүмкіндігінше қабылдамау ұсынылады, себебі олар қатты шөлдетеді.

Оң жақта көрсетілген тағамның құрамында ақуыз, май және ағзаға баяу сіңетін көмірсулар бар. Осы өнімдерді қабылдай отырып, дұрыс теңгерімді сақтап, ұзақ уақытқа тоқтықты қамтамасыз етесіз. Егер етсіз қиын болса, онда тартылған еттен жасалған тағамды таңдаңыз. Қуырылмаған, әрине!

Әдеттегі уақытта қоректік заттардың негізгі көзі болып табылатын түскі ас Рамазан айында болмайды. Сондықтан пайдалы элементтер нормасын екі рет тамақ ішу уақытына бөлу қажет. Бірақ ол үшін көп тағам жеу керек,  ал артық тамақтанудың арты жақсыға алып келмейді. Бұл жағдайдан шығуға қосымша дәрумендер кешені көмектеседі. Мысалы, ерлер және әйелдер үшін арнайы өндірілетін Herbalife Nutrition компаниясының Формула 2 өнімін ішуге болады. Оның ерекшелігі – қос жыныстың әртүрлі сұраныстарын ескеріп әзірленген.


Негізгі ереже – сұйықтық теңгерімін толтыру және асқазанды жеңіл «ояту» үшін тамақ ішу алдында су ішу қажет (су ішу режимі туралы ақпаратты келесі блоктан қараңыз).

Ауызашар кезінде тамақтанудағы мақсат – ағзаны артық жүктеу емес, оны барынша қанықтыру. Біріншіден, ораза кезінде артық тамақтану барлық жағынан зиянды, ал тағамға толған асқазан түніңіздің тыныш өтуі мен ұйқыңыздың қануына кері әсер етеді.  Бұл келесі күнгі көңіл-күйге де міндетті түрде әсер етеді.

Herbalife Nutrition Формула 1 Протеинді коктейль ағзаны барлық пайдалы элементтермен қанықтырады және артық тамақтанбауға көмектеседі. Сіз өз қалауыңыз бойынша оның дәмін таңдай аласыз: құлпынай, қауын, крем-брюле және басқалар. Ал салауатты ұйқы үшін Herbalife Nutrition Формула 1 Кешкі коктейлі көмектеседі. Оның құрамында L-триптофан амин қышқылы бар, ол ағзада мелатониннің синтезделуіне көмектеседі. Салауатты ұйқыға кепілдік беріледі!

Тағам консистенциясы асқазан үшін «үйлесімді» болуы тиіс. Яғни, нәзік немесе сұйық, үгітілген, температурасы да қалыпты – жылы. АІЖ қатысты ешқандай агрессия болмауы шарт – ащы, тұзды, кептірілген және қуырылған тағамдардан бас тартыңыз.

Шәйдің және кофенің құрамында болатын кофеин ағзаның регидратациясына ықпал етеді. Бұл күні бойы су ішпейтін жағдайда өте қауіпті. Бұл сусын түрлерін оң жақта көрсетілген кез келген сұйықтық түрлерімен алмастырған дұрыс. Егер шәйдан немесе кофеден бас тарту қиын болса, концентрацияны біртіндеп азайту арқылы мұны уақыт келе мүлде тоқтатыңыз. Болмаса сүттің мөлшерін көбейтіңіз.

Табиғи шырындар мен смузиді мүмкіндігінше ішпеу керек, себебі олардың құрамында қышқыл және қант көп – бұл асқазан үшін агрессивті заттар. Ауыр кезеңде өз асқазаныңызға қамқорлық жасаңыз.

Рамазан айында ауыз бекітіп, ораза ұстау – салауатты сусындарға түбегейлі өтудің керемет амалы. Сізге Herbalife Nutrition Алоэ Өсімдік сусыны немесе Сұлы-Алма сусыны ұнайтыны сөзсіз. Бұл сіздің асқорыту жүйеңізге сапалы қамқорлық жасайтын көмекшілер.

[carousel_slide id=’6815′]

Біздің көптеген оқырмандар ораза кезінде аш қарында жиі қыжылдың пайда болатындығына шағымданады.

Ораза айы қабыл болсын! Мұсылман қауымы үшін қасиетті айда салауатты (теңгерімді) тамақтану қағидаларын сақтаған дұрыс және тұз, қант және асқазанды тітіркендіретін заттарды және өнімдерді қолданбау қажет.  Ораза кезінде өзіңіздің және бүкіл отбасыңыздың рационына Herbalife Nutrition өнімдерін қосу арқылы теңгерімді тамақтана аласыз.