News

Сүт жайлы 5 аңыз

Қазіргі таңда Қазақстан халқының арасында күнделікті тағам рационынан сүт өнімдерін алып тастау секілді пікірлер орын алып барады. Оның тағам құрамында өзге заттар болуы жайлы болжамдардан бастап, ересек адамдардың ағзасында сүттің сіңірілмейтіні туралы қауесеттің таралуы секілді әр түрлі себептері бар.

1 АҢЫЗ: Сүт ересектерге зиян

Сүт өнімдері кез-келген жастағы адам үшін өте маңызды. Оның құрамында ағзаға қажетті заттар бар: ақуыз, май, көмірсу, дәрумендер мен минералдар. Ағарғаннан бас тарту остеопороз (сүйек ауруына) алып келеді.

2 АҢЫЗ: Пайдалы, табиғи сүт өнімдерінің сақтау мерзімі аз болады

Көбі табиғи, пайдалы сүт деп 5 күннен кейін ұйып қалатын сүтті айтады. Ойланыңызшы, ол не үшін бұзылады? Әрине, түрлі бактериялармен араласқан соң құрамы өзгереді. Олар сүтке қалай түседі? Сиырды сауып жатқан кезде, тасымалдау уакытында, сүзгіден өткізгенде және т.б. жағдайларда түседі.

Демек, зауыт фермадан қабылдап алатын шикізаттың құрамы таза болса, онда сүт өңдейтін құрылғылар да соншалықты таза болады. Қаптамасы қаншалықты сапалы болса, оған бактерия да соншалықты аз түседі. Міне, сол кезде сүт 5 күн емес, 2 аптаға дейін бұзылмай сақталады.

3 АҢЫЗ: Лактозаға шыдай алмайтын кезде айран өнімдерін пайдалануға болмайды

Лактозаға төзбеу немесе лактаза жетіспеушілігі кезінде дәрігерлер айран өнімдерін пайдалануға кеңес береді. Мысалы, йогурт. Бұл ағзаға қажетті кальций мен ақуыздың нормасын реттеп отыру үшін қажет.

4 АҢЫЗ: Ұзақ сақталатын сүттерден ешқандай пайда жоқ

Ұзақ сақталатын сүттер (жарты жылға дейін) ультрапастерленген өнімдер. Термалдық өңдеудің және қампамасының арқасында осынша уақытқа дейін бұзылмайды. Бұл сүт өңдеудегі ең заманауи әдіс. Сүтті 135-137 градусқа дейін қыздырып, 4-5 градусқа дейін салқындатады. Мұндай технология бактерияларды жоюға көмектеседі.

5 АҢЫЗ: Өндірістегі йогурт табиғи йогурт сияқты пайдалы емес

Өндірістегі йогурттың құрамында үйде дайындалатын өнімде бар барлық дәрумендер мен минералдар кездеседі. Тек өндіріс орны қышқыл сүт өнімдері бактериясының сақталу мерзіміне дейін ғана кепіл бола алады.

Сүт өнімдерінде, әсіресе йогурттарда кездесетін пайдалы бактериялар жайлы қышқыл сүт өнімдерін шығаратын Danone компаниясының Қазақстан мен Ресей елдеріндегі сыртқы байланыс пен корпоративті қатынастар менедежері Анна Жаравина былай деді:

 «Тек өндірістік жағдайда ғана барлық пайдалы қасиеттерін сақтайтын, таза йогурт өнімін алуға болады. Danone компаниясының қоржынында Activia мен Actimel секілді пробиотикалық қышқыл сүт өнімдері бар. Олардың адам ағзасына оңтайлы әсері мен пайдасы жайлы көптеген клиникалық сараптамалар жүргізіліп, дәлелденген»

 Сүт пен қышқыл сүт өнімдеріне қатысты осы және өзге мәселелер  өткен аптада Алматы қаласында ұйымдастырылған «Danone-мен таңғы ас» жобасы аясында талқыланды. “Danone-мен таңғы ас”  сүт өнімдері нарығындағы жаңалықтар мен ақпараттарды бөлісу мен талқылау мақсатында БАҚ пен блогерлер қауымының басын қосқан болатын.