News

Бастаңғы: Тұңғыш рет қазақша жазатын блогер қыз-келіншектерге арналған кеш өтті

Осы аптада "Сырласу" журналының ұйымдастыруымен "Бастаңғы" ұйымдастырылды. Бастаңғыға қазақша жазатын блогер қыз-келіншектердің басын қосқан болатын.

Бастаңғыны “Сырласу” журналының бас редакторы Кәмшат Әкімқожақызы ашып берді. Кештің жоспарымен таныстыра отырып, мақсатымыз “Қазақша жазатын блогерлердің нарықта сұранысын арттыру”,- екенін алға тартты.

Кәмшат Әкімқожақызы және Құралай Қалиева

Одан әрі сөзді психолог Құралай Қалиева алды. Ол жалпы отбасындағы әйелдің алар орны жайлы тоқталды. “Ер адамның табысты болуына әйел, әйелдің энергиясы, сұлулығы, нәзіктігі тікелей әсер етеді”, – деді психолог ханым.

Renion Park мейрамханасы ұсынған тағамдар
Адель Смит Thomas шаңсорғышымен таныстырып жатыр

Penion Park мейрамханасы ұсынған түрлі тағамдардан дәм тата ортырып, блогер қыз-келіншектер Thomas неміс шаңсорғышының таныстырылымын тамашалады. Аталмыш брендтің амбассадоры Адель Смит тауардың артықшылықтарын егжей-тегжейлі атап өтті. Таныстырылым соңында тыңдармандарының қаншалықты мұқият екенін анықтау мақсатында, өз айтқан сөздерінен сұрақтар қойып, дұрыс жауап берген жанға компания атынан естелік ретінде жып-жылы көрпешелер тарту етті.

Renion Park мейрамханасының бас аспазы Иван Миронов шеберлік сыныбын өткізуде

Кеш “Сүйіктіңмен романтикалық кешкі асты ұйымдастыру” тақырыбына арналды. Осы орайда, Renion Park мейрамханасының аспаздары дәмді ас әзірлеуден шеберлік сыныбын көрсеткен болатын. Шеберлік сыныбы кезінде дәмді салат пен екінші ас дайындалды. Бас аспаз Иван Миронов ұсынған мәзір жиналған қыз-келіншектердің көңілінен шықты.

Александра Глиева L’Occitane өнімдерімен таныстырып тұр

Романтикалық кеш кезінде үй ішінен хош иіс аңқып тұрса, қандай керемет. Осыны ескерген нағыз прованстық өнім L’Occitane өзінің үйге арналған жұпарларымен таныстырды.  Таныстырылым барысында өнімге қызығушылық танытқан қыз-келіншектер ойларындағы сұрақтарын қойып, компания өкілі Александра Гилевадан нақты жауап алды. Сонымен қатар, L’Occitane компаниясының қыздары қонақтарымызға керемет көңіл-күй сыйлады. Олар ұсынған қолға арналған массаж әрбір қыз-келіншектің көңілінен шыққаны анық.

Аягүл Рамазан L’Occitane бұрышында

Сүйіктіңмен өткізетін әдемі уақытты көбікті шарапсыз елестету мүмкін бе? Әрине, жоқ! Мұндайда Marengo-ның дәмі ерекше шараптарын ұсынар едік. Ерекше деп сенімді түрде айта аламыз. Себебі, бастаңғыға келген қонақтарымыздың да көңілінен шығып, олардың жоғары бағасын алған еді. Мұндай сұлу да кербез арулар тек жақсы дүниені мадақтайтыны анық.

Ahmad Tea ерекше шай салтанатын өткізді
Адель Смит және Марина Гяурова

Әрбір қонақ шақырған соң “Өзіміз отырып шай ішейік”,-дейтін әдетіміз бар ғой. Көнеден келе жатқан бастаңғы дәстүрімізді қайта жаңғыртқан кезде біз дәл осы ерекшелігімізді де ұмытпадық. Ahmad Tea қонақтарымызға ерекше шай салтанатын ұсынды. Құлпынай мен кілегей дуэтінен тұратын дәмді шайды шай дайындауды кәсібіне айналдырған маманның қолынан ішкен де, ішпеген де арманда. Маманның айтуынша: “Шайды тым қызартып ішуге болмайды. Қою шайдың дәмі болмайды”. Ahmad Tea компаниясының өкілі Марина Гяурова кешке жиналған қонақтарымызға арнайы сыйлығын да дайындап келіпті. Сонымен қатар, блогер қыз-келіншектердің барлығына L’Occitane, Marengo компанияларының атынан естелік сыйлықтар табысталды.

Қонақтарымызға естелік сыйлықтар табысталуда

Кеш соңында бір-бірімен енді танысқан, бұрыннан таныс блогер қонақтарымыз суретке түсіп, ұйымдастырушылар мен қатысушы бренд өкілдеріне алғыстарын айтып тарқасты. Тек қазақша жазатын блогер қыз-келіншектерге арналған мұндай шараның тұңғыш рет ұйымдастырылып жатқанына қуанып, болашақта  жалғасын тапса деген тілектерін білдірді. Әрі қарай суреттер сөйлесін!