табысты
Отбасы бюджеті

Табыс табудың кілті немесе ақша формуласы

Ақша формуласы кез келген адамда бар. Бұл – дұрыс, не бұрыстығына қарамай, адамның көп ақша табуға деген талпынысы. Мысалы, аула сыпырушыдан «табысты қалай көбейтер едіңіз?» деп сұрасаңыз, ол «қосымша жұмыс тауып, көп жұмыс істеймін» дейді. Яғни, оның ақша формуласы – «неғұрлым көп жұмыс істесе, соғұрлым табыс көбейеді». Ол жұмыс күні мен физикалық мүмкіндігі шектелгендіктен, одан басқа жолды көрмейді. Енді табысты кәсіркерге барып сауал қойсаңыз, ол ақша табудың бірнеше жолын атап береді. Тіпті, қай іспен қанша табыс табуға болатынын да есептеп  бере алады. Яғни, оның ақша формуласы өте жан-жақты және егжей-тегжейлі.

Ақша формуласын дұрыс құру үшін не істеу керек?

Кейбіреулер қанша жұмыс істесе де, жағдайы сол баяғы қалпында. Бүгінге дейін жоғары лауазымға ие болып, мол табысқа қол жеткізуі керек еді. Бірақ еш өзгеріс жоқ. Мұның бәрі адамда алға ілгерілеу, табысты көбейту туралы формуланың жоқтығын көрсетеді. Егер адамда дұрыс формула болса, мансап жолында сөзсіз өседі. «Сатыдан құлаған» жағдайда да, қайта көтерілуді біледі.

Табысты арттыру үшін адам алдымен жұмыс істейтін мекемесінде немесе мамандығында жетістікке жеткізетін 10 қабілетті жазып шығу керек. Одан кейін қай нәрсені жақсарту керектігі бірден түсінікті болады. Кейде киім үлгісін өзгертіп немесе ақпарат таратып, қандайда да бір нәтижеге қол жеткізу керек болар. Енді бірде мінездің кейбір тұстарын өзгертуге тура келер. Тегін «сайқымазақ» болуды да қою керек шығар. Әр нәрсеге шағым айтып, пікір таластырудың да қажеті болмас. Сол үшін формуласыз қай бағыттың дұрыс екеніне көз жеткізу қиын.

Ақша формуласы не үшін керек?

Табысты ұлғайтуға деген ұмтылысыңызды аңғарасыз. Негізі, бәріне үлгеру үшін істелу керек істердің тізімін жасап алу керек делінеді. Бірақ одан бұрын істің қайсысы сізге мол қаржы табуға мүмкіндік беретінін біліп алған дұрыс.

Мақсаттағы әрекеттердің нақтылығын анықтайды.

Дәл қазір табыс әкелуі мүмкін 10 іс-әрекетті жазыңыз. Бұл тізімдер сіздің мол ақша табатын формулаңыз. Мысалы, тізімді былай жаздыңыз делік:

  • Ағылшын тілін үйрену,
  • ЖОО-нын бітіру және т.б

Бұл жерде «ағылшын тілін білсе, табысы соғұрлым жоғары болады» деген формула тұр. Демек, сіз ағылшын тілін үйренуге кірісесіз. ЖОО-нын бітіруім керек десеңіз, соған талпынасыз. Алайда олардың табысты болуыңызға айтарлықтай әсері бола қоймауы немесе баяу нәтиже беруі мүмкін.

Сондықтан жазылған іс-әрекеттердің тиімділігі мен маңыздылығына мұқият мән беріңіз. Ол жұмысты зерттеп, кемшін тұстарын қарастырып, басқа қандай өзгерістер енгізуге болатынын саралаңыз. Әрине, мұның бәрін бірден жасау мүмкін емес. Бұл бірте-бірте ой елегінен өткізіліп барып жасалатын дүниелер.

Маңыздылықты анықтайды.

Әлгі 10 іс-әрекеттің ішінен ең маңыздыларын іріктеп алыңыз. Яғни, қайсысын ең бірінші қолға алу керек, қайсысын кейінге қалдыруға болады соны толық түсіну керек. Бұл жерде іс-әрекеттің табыс әкелуі маңызды.

Бұдан сауатты формула құрып алмайынша, уақытты дұрыс басқара алмайтынымызды түсіну қажет. Фурмула дұрыс құрылмаса, тізімде қажетті іс-әрекеттер көрсетілмеген деген сөз. Я болмаса, тізімді дұрыс құрып, ішінен ең маңыздысын іріктеп ала алмай отырсыз.  Ақша формуласы дұрыс құрылмаса, кез келген жетістіктің арты сәтсіз аяқталуы мүмкін. Ал, дұрыс болса, табысқа тез қол жеткізуге мүмкіндік мол.

Қай кезде де іске кірісу түк қиын емес. Мұнда ең бастысы – нені, қашан және қалай істеу керек екенін ойластырып, қайсысы маңызды екенін анықтап алу. Егер сіз оны жақсы білсеңіз, іске кірісу әлдеқайда оңай болады. Бұл әдіс көптеген ақша табу саласына әсер етеді.

Формула дұрыс болмаса, табыс жолын шектейді.

Ақша формуласы – ойлау жүйесінің көрінісі. Демек, жаңа мүмкіндіктер ашады немесе табыс табудың айқын жолдарын жасырып қояды. Я болмаса, сізді нәтижесіз іспен сандалтады.

Мысал. Шағын дүкені бар саудагер «адамдарға жақсы қызмет көрсету арқылы табысты ұлғайтуға болады» деген формуланы оқиды. Сөйтеді де қызмет көрсету сапасын жақсартуға кіріседі. Бірақ арада бірнеше ай өтсе де, еш нәтиже болмайды. Неліктен? Себебі кәсіпкердің ақша формуласы аяқталмаған. Яки,

  • Адамдар қымбат тауарларды арзан бағаға сатып алу үшін басқа қалаға барудан тайынбайды. Оларға қызмет көрсету сапасы емес, тауардың бағасы маңыздырақ. Ал әлгі кәсіпкердің тауары қымбат болғандықтан, қызмет көрсетуді жақсартқанымен, айтарлықтай табысқа жете алмады.
  • Қызмет көрсету сапасын жақсарту формуласы адамның қажеттілігі дұрыс қанағаттандырылатын болса ғана жұмыс істейді. Мысалы, тауарларды дұрыс таңдау. Әлгі кәсіпкерден тұтынушы «Сіздерде мына нәрсе бар ма?» деп сұрады делік. Егер ол зат жоқ болса, оның жоқ екендігін күлімсіреп айттыңыз ба, не жай жеткіздіңіз бе маңызды емес, ол бәрібір керегін басқа дүкеннен барып сатып алады. Яғни, бұл жерде өнімдер қажеттілікке сай таңдалмай тұр.

Бұл мысалдан біз саудагердің формуланы нақты емес және тиянақсыз құрғандықтан, қанша ай тер төксе де, еш нәтижеге қол жеткізе алмағанын көреміз.

Ізденіңіз.

Нақты шешім шығармас бұрын көздеген істі жақсылап зерттеу керек. Қызмет көрсету сапасы арқылы мол қаржы тапқыңыз келсе, сатушыларыңыздың қызметін, өзіңізді бақылап отырасыз, құпия сатып алушыларды жалдап, қызмет көрсету сапасын тексересіз. Яғни, әрдайым бәрін аңдумен боласыз. Бұл әдіс дұрыс сияқты көрінгенімен, мақсатқа жетуде аса тиімді емес. Ол қиын әрі қымбат тұратын жол.

Әрекетіңізді анықтайды.

Адамның әрекет ету, не етпеуі оның табандылығына, өз-өзіне деген сенімділігіне, ол үшін қосымша ақша табудың қажет бар, не жоқтығына байланысты. Мысалы, бір айлықпен ғана күн көретін адамдар «қанша жұмыс істесем де, айлығымды бәрібір көтермейді» деуі мүмкін. Ал қосымша жұмыс істеуге уақыты да, күші де жетпейді. Мұнда адамның санасында «қанша тырыссам да, айлығым бір орында, бекер талпынып не керек?» деген формула тұр. Кейбір адамдар өзіне мол табыс алып келетін іс-әрекеттерді көре біледі және сол жолда қызмет етеді.

Қорытынды

Ақша формуласы ойлау жүйесіне негізделіп, табыс көзіне де айтарлықтай әсер етеді.  Сондай-ақ, бұл ақша табуға деген құлшынысты арттырады. Ақша формуласын барынша дұрыс және өнімді етіп өзгертсеңіз, жан-жақты қамтылған, тоқшылықта өмір сүруге мүмкіндік аласыз.