Бет күтіміСұлулық

Ерінбеңіз! Сұлулық тұрақтылықты сүйеді

Қыз-келіншектердің дені өзімді дамытамын, мансапқа қол жеткізіп, қаржылық тәуелсіздіктен арыламын деп жүгіріп жүріп, оның ақысы ретінде күйзеліске тап болады. Бұл ең бірінші денсаулыққа, одан кейін сұлулығыңызға жасалған қастандық. Күресудің жолы - жалғыз. Өзіңізге жаныңыз ашыса, барлығын ысырып тастап, таза ауада тынығыңыз, қаншама түн қанбаған ұйқыңызды қандырыңыз!

311Қаралымдар

Түнгі күтімнің маңызы зор

 Егер бетіңізге көмек көрсеткіңіз келсе, түнгі процедураларды қолға алыңыз.

  • Жұмыстан үйге келгенде қатты шаршап тұрсаңыз да, бет терісінін тазалауға 5 минутыңызды арнаңыз! Бет терісі құрғақ әйелдер суды қажет етпейтін арнайы бет тазалағыш сүт немесе кремді қолданғаны абзал. Май бездері шамадан тыс жандар теріні терең тазарту қажет. Мәселен, гель немесе құрамында аз ғана пайыздық мөлшермен салицил қышқылы бар көбікті суды қолданған дұрыс.
  • 30 жастан кейін ұйықтар алдында бет терісіне арналған құралдарды пайдалануға тырысыңыз. Күндізгі кремдерге қарағанда, түнгі кремдер қалыпқа келтіріп, нәрлендіретін қоспаларға бай болады, ұйықтап жатқанда қажетті дәрумендердің орнын толтыруға барынша зор мүмкіндік алады.
  • Ауа ылғалдандырғыш құрғақтыққа жол бермей, теріге гидробалансты сақтап тұруға көмектеседі. Әсіресе, қыс мезгілінде ауаның ылғалдығына аса мұқият көңіл бөлу керек.
  • Ұйықтар алдындағы ішкен бір кесе шайыңыз азанда бетіңізді сүйкімсіз ісікке айналдырары анық. Ұйықтар алдында 2-3 сағатқа дейін сұйықтық ішпеуге тырсыңыз.

 

15 минут ішінде…

 Күні бойы жұмыстан шаршап немесе мазасыз түндерден соң бет терісіне сергектік беретін, үй жағдайында қолдануға болатын бірнеше қулық бар екенін білесіз бе?! Ол үшін:

  • Салқын сумен жуыныңыз. Жылы судан бет өз серпінділігін жоғалтады.
  • Түймедақ қайнатпасын дайындап, арнайы қалыпқа құйып, мұздатқышта қатырыңыз.
  • Макияж жақпас бұрын арнайы дайындалған мұз кесектерімен бір сүртіп алсаңыз, терінің қуаты мен қан айналымын күшейтеді.
  • Көздің астындағы пайда болған дорбашалардан кішкентай бір реттік пакеттегі шай жақсы көмектеседі, үккіштен өткізілген картоптан жасалған арнайы маска көздің қызарғаны мен қою қара шеңберін біржолата жоқ қылады.
  • Сондай-ақ, жеміс-жидек пен көкіністерден әзірленген маскалардың әсері ерекше. Әсіресе, бетті ағарту үшін өте тиімді. Егер теріңіз аса сезімтал болмаса, онда маскаңыздың құрамына бір шымшым ас содасын қоссаңыз да болады.