Cән мен сұлулықNewsБет күтімі

«Желілік маркетингке» сенім жетіспей ме?

Сымбат Сманова ‒ «Gemma Kazakhstan» компаниясының «Рубин» директоры, кәсіпкер әйел, ана, блогер. Сымбат «Gemma» компаниясына қадам басқан жандарға қажетті кеңестерін ұсынып, желілік кәсіптің қыр-сыры туралы әңгіме өрбітті.

«Желілік маркетингке» еті үйрене алмай, үрке қарайтындар көп. Бәрі адамдардың сана-сезіміне
байланысты. Көпшілік бұл бизнесті пирамидамен шатастырып жатады. Жоқ! Пирамиданың жүйесі бөлек. Қаржы пирамидасында артыңнан екіадам алып келесің, ол жақта салған ақшаңа өнім де алмайсың, құр босқа шығын шығарып, уақытыңды да текке жоғалтасың. Ондай компаниялар бар-жоғы 4  5 жыл өмір сүреді де, кейін өздігінен жоғалып кетеді. Міне, осындай қаржы пирамидаларынан
зардап шеккен адамдар қазіргі таңда желілік маркетинг дегенді ести сала, ат тондарын ала қашады.

Желілік маркетинг ‒ әлем елдерінде бар үрдіс. Мәселен, Жапония, АҚШ, және т.б. көптеген шет мемлекеттер желілік маркетингтің арқасында өмір сүріп, жағдайларын жасап отыр. Тіпті, танымал бизнесмен Д.Трамп: «Егер мен Американың президенті болмағанда, желілік маркетингті таңдар едім», –  деген екен. Сол себепті әлем сенген маркетингке сенім артып үйрену керек. Бизнеске алғаш келуім  «Gemma» компаниясына алғаш 2020 жылдың ақпан айында келдім. Әрине, бастапқыда «Бұл істі алып кете аламын ба, жоқ па?» деген сауал көкейімді тесіп, бойды қорқыныш сезімі билегені рас.

Бұл бизнесте мені ең бірінші қолдаған жолдасым мен енем. Алғашында мен компанияның өніміне емес, маркетинг жоспарына сендім. Бәріне белгілі‒ желілік маркетингке алдымен жарна салу қажет. Қаражат жағы қиындық тудырғандықтан жан-жақтан ақша іздеуге (2300$) кірістім. Жинап қойған ақшам жоқ болғандықтан күйеуім қолыңдағы бар қаржысын берді. Қалған  ақшаны енемнен сұрауға бекініп, екі рет барғанымда бетімді қайтарды да, тек үшіншісінде ғана «Жақсы» деп өтінішімді орындады. Енем маған сеніп, қаржылай қолдау көрсетті.
Мен өнімнің алғашқы жарнасын салғанымда компания қолыма бір қорап «Gemma» өнімін ұстатты. Менің міндетім оны сату еді. Сату құны да арзан емес ‒ 42 000 теңге. Кәсіпті қол етерде карантиннің нағыз қызып тұрған кезі болатын. «Кәсібім тоқтап қала ма?» деп алаңдадым. «Қарапайым ха-
лық Үкіметтен 42 500 теңге ала алмай, қиналып жатқанда, мен қалай бұл ақшаға косметика сатамын?» деп те өзімді сөктім. Жоқ, бәрі керісінше болды, карантинде жұмысым тоқтамады. Қандай жағдай болмасын, әйел адам жас көрінгісі келеді, әдемі болғысы келеді.
Менің көзім жеткені: әйел заты өз күтіміне ақша үнемдемейді екен. Бұл компанияда өнімді өз бағасымен сатып аласың және сатылым бағасымен сатасың. Сонда саталымнан бөлек, тағы пайда көруге болады.

Gemma» – ең үздік жыл бренді

Бүгінде дәстүрлі бизнеспен айналысу ‒ тәуекел етумен бірдей. Алда не күтіп тұрғанын болжай алмайсыз. Дәстүрлі бизнеске жарна салсаңыз, оның қашан қайтатынын да білмейсіз. Сіз оны айналдыра бересіз, қайтарып алып, қайтадан саласыз. Үстінен көретін пайдаңыз да мардымсыз. Ал желілік маркетингте сіз бір-ақ рет жарна саласыз да, бизнестен орын са- тып аласыз, одан кейін сатумен айналыспасаңыз да болады. Тек қана адам жинап, көтеріле бастайсыз. Яғни, командаңызбен бірге тауар айналымын жүргізесіз. Менің қарамағымда қазір 1000-нан аса адам бар, олардың ішінде Бішкек пен Мәскеу қалаларынан тіркелгендер де жетерлік. Біз бірінші рет Мәскеудің үстінде тұрмыз.

«Gemma» компаниясының ТМД елдеріне келгеніне 1,5 жыл ғана болды. Статистика бойынша, Gemma Korea және Gemma Kazakhstan бар. Біз Gemma Kazakhstan болып бөлінеміз. Gemma Kazakhstan ‒ әлемдік рейтинг бойынша, ең үлкен тауар айналымын жасаған компания. Ол «үздік жыл бренді» болып саналады. Бұл өнімінің нарықта бәсекелестері жоқ. Компанияның тауар айналымында 156 түрлі өнім бар, біз олардың 11ін ғана отандық нарыққа енгіздік.

Ең бірінші, елімізге «Gemma» косметикасы кірді. Бұл 100% табиғи, таза өнімдерден жасалған косметика.

Құрамында пептидтер, 8 түрлі гексапептид, жапондық гүлдердің сығындысы, аскорбин қышқылы, лимон қышқылы, гиалурон қышқылы, коллаген бар.

Кореялық ботокс
Қазір жасым 28-де, бірақ мен әлі күнге дейін косметологқа барып көрмедім, бәрі «Gemma» өнімінің арқасында. 1 жылдан бері компания өнімдерін күнделікті қолдану арқылы бетімде қара дақ та, безеу де, әжім де жоқ.Екінші қызымнан кейін пайда бол- ған бетімдегі бөртпелер «Gemma» косметикасын қолдана бастағаннан кейін кетті. Бізге бұл өнімді қолдану тәртібін Кореядағы тәлімгеріміз Мистер Ким үйреткен болатын. Мистер Кимнің жасы 60-та. Бірақ оны көрген адам оған 40 жастан артық бере алмайды. Бет терісі ‒ тегіс әрі тап-таза. Ол ‒ «Gemma» спрейін күнделікті әрі уақытылы қолданғандығының арқасы.

 

Тәлімгеріміз бір айда 14 құты спрейді қолданған. Ең бірінші, таңертең тұра салысымен бетінізді жуып, «Gemma» спрейін себеміз. Содан кейін сарысуды беті- мізге жағамыз. Негізінен, спрейдіәр 2-3 сағат сайын бетімізге сеуіп, қолдана берсек болады. Ал 40-тан, 50-ден, 60-тан асқан адамдар спрейді бетке жиі сепкені жөн. Қазақстан мен ТМД елдерінің нарығында «Gemma» секілді лезде жақсы көрсеткіш беретін косметика жоқ. Мәселен, ботокс ‒ зиян, өйткені ол бүйрек-бауыр ауруларын қоздыруы мүмкін. Сол себепті соңғы уақытта «Gemma» «кореялық ботокс» деп те аталады. Кейбіреулер «42 000 теңге қымбат» дейді. Жоқ, қымбат емес. Өйткені, бұл екі өнім ‒ тоник, лосьон, сарысу, ылғалдандырғыш крем, күндізгі крем, түнгі кремнің бәрінің орнын басады. Бұлардың барлығын сатып алсаңыз, маркасына байланысты орташа есеппен 40-60 мың, әрі кетсе, 100 мың теңгеге дейін шығуы мүмкін. Одан да 42 000 теңгеге «Gemma» косметикасын алып, ақшаңызды да, уақытыңызды да үнемдеңіз. Бала – кедергі емес, бала – мотивация Бүгінде үш баланың анасымын. Ана атанғаннан кейін бала тәрбиесі бірінші орында тұру керек. Менің өмірлім ұраным: Бала ‒ кедергі емес, бала ‒ мотивация. «Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді» деп бекер айтылмаса керек. Біз әрекет жасасақ, Алла береді. Көп әйелдер бала туып, бір баланың артынан бірнешеуін дүниеге әкеліп, үйде отырып қалады. Ондай қыз-келіншектер күйеуіне де қызықсыз болып қалуы мүмкін және олар жолдасының мазасын қашырып, күнделікті сұрақтың астына алып жатады. Күйеуі ғана жұмыс жасағандықтан, өзіне де көп ақша құрта алмайды. Сондықтан әрекет жасап, өз бизнесіңді құруға, өзіңді барлық жағынан қамтамасыз етуге асығу қажет. «Gemma» компаниясының арқасында жарты жыл ішінде пассивті табысқа шықтым, пәтер алдым. Қазіргі күні миллионермін деп өзімді батыл түрде айта аламын. Адамдар «Бақыт ‒ ақшада емес» деп жатады, бірақ айналып келгенде бәрі қаржыға кеп тіреледі. Ақша ‒ күшті энергия. Ақшаның арқасында сен өзіңе се німді бола бастайсың. Бізге өмір бір-ақ рет берілетіндіктен, жайлы да жақсы өмір сүруге талпынуымыз қажет.