LookСән

Көктем – 2019: ақ түске басымдық беріңіз!

Күн жылынды. Енді ақ джинсыңыз бен сүттей тренчіңіз болса, емін-еркін кие аласыз. Бастан-аяқ түгел ақ киім киіп алсаңыз да жарасады. Тек аяқ киім мен аксессуарды басқа түстен таңдасаңыз жетіп жатыр.

Сіздің шабыттануыңыз үшін көше стилінде киінген сәнқойлардың суретін жариялауды жөн көрдік.  Биыл Лондон қаласында өткен Сән апталығында көзге түскен ең әдемі ақ киімдер образын назарларыңызға ұсынамыз. Өзіңізге ұнағанын таңдап, сымбатты көріне аласыз!

Ақ көйлектің ішінен сарғыш водолазка кисеңіз сәнді көрінеріңіз анық. Ақтың түрлі реңктерін үйлестіріп кие алсаңыз, нағыз талғампаз ару болатыныңызға сөз береміз. Аяқ киімізді де ақ түстен таңдап, киіміңізбен жарастырып киюге әбден болады. Өзіңізге жаңа образ ойлап табу кезінде біздің мына бір кеңесімізді естен шығармаңыз: төменде көрсетілген суреттегідей инь және ян балансын сақтаңыз! Сонда мінсіз көрінесіз.