Нумерология

2022 жылға арналған жеке нумерологиялық болжам

Жолбарыс жылы қандай болмақ? Толық әрі нақты ақпарат алу үшін сандарға жүгінуге тура келеді. «Сандар сыры» өз жыл саныңызды есептеу арқылы он екі айға жарамды жеке ақпарат ұсынбақ.

 

Нумерология тұрғысынан Жолбарыс жылы қандай болатынын түсіну үшін барлық құрамдас сандарды қосып шығу керек. 

Нәтижесінде жылдың жалпы саны «6-ға тең» болды (2+0+2+2=6).

 

«6» – өз мақсатына жету үшін терлеп-тепшіп жұмыс істеуге дайын адамдарға табысты болмақ. Бұл сан ақша немесе күш арқылы ала алмайтын нәрсені табандылықпен алатын ақылды, өз-өзіне сенімді адамдарды қолдайды. Сондықтан жыл алға жылжу, қаржылық әл-ауқатты жақсарту, ішкі әлеует пен амбицияны жүзеге асыру үшін қолайлы. Тек бұл жерде шамадан тыс тырысу, еңбек пен демалыс арасындағы тепе-теңдікті сақтау маңызды. Әйтпесе, түрлі аурулар мен басқа да қиындықтар орын алуы мүмкін.

Ақшаға қатысты:  «6» – қор жинауға, ірі тауар сатып алуға және мәмілелер жасауға қолайлы сан. Сондай-ақ, әлемдік деңгейдегі жобаларды немесе құрылыстарды бастауда да тиімді. Жеке өмірде бақытсыз адамдар жұптарын кездестіруі мүмкін. Ал, ата-ана атануды армандайтын жандарға сәбилі болу бақыты бұйырады. Ауырдың асты, жеңілдің үстімен жүруге дағдыланған жалқау адамдарға ғана бұл жыл қолайсыз болмақ.

 

Жылдың қандай болатынын нақты білу үшін туған күніңіздің барлық сандарын қосып, оларға жоғарыда көрсетілген жыл санын қосыңыз.

Мысалы, 1991 жылдың 19 ақпанында дүниеге келген болсаңыз, мына үлгіні қолданыңыз: 

1+9+0+2+1+9+9+1+2+0+2+2=38, 3+8=11, 1+1=2. 

Яғни, бұл жағдайда жеке жыл саныңыз екіге тең болады. Өз саныңызды табу үшін екі таңбалы сандарды қосу арқылы бір таңдалы өз саныңызды есептеп шығасыз

 

Жеке жыл санының мағынасы:

 

1

1 саны шықса, онда шынымен де қуана беруге болады. Жолбарыс жылы сізге жомарттық пен қамқорлық сыйлайтыны анық. Тағдыр сыйы алға қойған мақсаттарды орындап, мақсаттарға жету үшін аянбай еңбек еткенде жаңбырша жауатын болады. Тек еріншектікке салынбаңыз, себебі жалқаулықтың салдары бәрін бүлдіріп, бар  құрметтен айырады. Сондықтан да өзіңізді қолға алып, жаңа шыңдарды бағындыруға кірісіңіз.

2

2 санының иелеріне харизма мен жақын қарым-қатынас дағдылары көмектеседі. Жыл бойы жағымды кездесулер, жаңа таныстар арқылы өзіңізге жол ашасыз. Шешендік пен туа біткен сүйкімділік Жолбарыс жылын бағындыруға және армандарыңызға қол жеткізуге көмектеседі. Шығармашылық саласындағы – музыканттарға, әншілерге, мүсіншілерге, суретшілерге, ақындар мен жазушыларға ерекше қамқорлық жасалады.

3

3 саны шыққан адамдарға сәттілік серік болады, еңбектің жемісін көргенде рахаттанасыз. Ал заң бұзып, алаяқтық жасауға және басқа да жолдармен қулыққа баруға болмайды. Тіпті ережелерді бұзу бірқатар қиын мәселелерге әкеліп соғуы мүмкін, сондықтан да тәуекелге барудың қажеті жоқ. Жылжымайтын мүлік сатып алуға, биржада ойнауға және басқа да қаржылық аспектілерге қатысты шектеулер бар. Ресурстарға ақылмен қараңыз, әйтпесе бәрін жоғалту қаупі жоғары.

 

4

«4 саны – қарқынды және қиын болады» деп болжанады. Жаздың басында жұмыстағы жағымсыз жаңалықтар мен проблемалардан шаршайсыз. Егер еңбек демалысын алмасаңыз және жақсы тынықпасаңыз, денсаулығыңызға байланысты қиындықтар басталады.

Бірақ саяхат жасауға келгенде басқаларға қарағанда әлдеқайда жолыңыз болары сөзсіз. Кез келген сапарыңыз сәтті әрі қауіпсіз болады. Іс сапарларға жиі шығасыз, десек те тек көңіл көтермей, жұмыс істеуге тура келеді.

5

5 санының иелері ескірген қағидаларды бұзып, жаңасын құруы керек. Қаншалықты қиын болса да, кез келген өзгерісті қабылдай біліңіз.

Есіңізде болсын: өміріңізде орын алып жатқанның бәрі де өз пайдасын тигізеді және аздап төзуге тұрарлық. Дейтұрғанмен, махаббатта жолыңыз болады. Жалғыз жандар өз жұптарын кездестіреді, ал жұбы барлардың қарым-қатынасы нығая түседі.

 

6

6 – қатал және әрқашан сақ болу керектігін білдіретін сан. Ақпаратты қайта тексеріңіз, жаңа таныстарға сене бермеңіз әрі әрқашан сақ жүріңіз. Жылдың екінші жартысында, керісінше достарыңызбен және жақындарыңызбен әңгіме-дүкен құруға көбірек уақыт бөліңіз, сүйікті істеріңізбен айналысыңыз. Жаңа хоббиіңіз күтпеген жерден байлыққа кенелтуі мүмкін.

 

7

7 саны динамизм мен тұрақты өзгерістерді уәде етеді. Егер жалығуды ұнатпайтын болсаңыз және режимнен тез шаршасаңыз «2022 жыл – сіз үшін ең бақытты жыл» болады. Күн сайын ойламаған жерден түсініксіз жайттар орын алады, оны пайдаңызға асырасыз немесе өзіңіз сол жайттан жапа шегесіз. Ал денсаулығыңызға оралатын болсақ, мұқият болған жөн. Өзіңізге қамқор болыңыз, ол үшін сізге Жолбарыс күш береді.

 

8

8 санының иелері өздерін мұқият қадағалап, басқаларға аз назар аударуы керек. Спортпен шұғылданып, зиянды тағамдарды аз тұтыныңыз, өмірдің әлеуметтік жағына назар аударыңыз және ұйқыны да жақсылап қандырған жөн. Сондай-ақ, ең маңыздысы – өміріңіздегі жағымды жаңалықтар екенін ұмытпаңыз. Олар көп болсын! Сонымен қатар сегіздік жаңа білім алуға, біліктілікті арттыруға және кез-келген емтихандарға қолайлы, сондықтан да білім саласында жоғары жетістіктерге жететініңіз анық.

 

9

9  – жариялылық пен ашық қақтығыстардан аулақ болу керектігін білдіреді. Сан иелері үшін жыл оңай болмайды, сондықтан әрқашан өзіңізді қолға алған дұрыс. Махаббатта бірқатар түсініспеушіліктер болуы мүмкін, бірақ олар тез шешілетін болады. Егер әріптестеріңіздің сыртынан әңгіме айтпасаңыз, жұмыста басқа қиындықтар тумайды. Денсаулыққа келетін болсақ, ауырсынулар мазалауы мүмкін. Жарақат алу, сыну және сіңірлердің жыртылу қаупі жоғары, сол себепті абай болған жөн.