СәнСтилист кеңесі

Коко Шанель: Шалбар әйелді ерікті етеді

Коко Шанель - сән әлеміне төңкеріс жасаған ханым. Оның Chanel №5 хош иісін армандайтын ару көп. Тіпті, әйелдерге ең алғаш шалбар кигізген де осы мадемуазель. Оның осындай төңкерістерімен қатар, өткір пікірлері талай қыздың етек-жеңін жинауға сеп болыпты. Біз бірнеше цитатасын ұсынуды жөн көрдік.

1. Шалбар әйелді ерікті етеді.

2. Жиырма жасыңызда сізде табиғат берген бет; Отыз жаста сізде өмір салып берген бет-әлпет; Елу жаста сізде өзіңізге лайық бет-әлпет.

3. Мінсіз белдемше тізені жауып тұру керек.

4. Бәрі біздің қолымызда, сондықтан оларды түсірмеу керек.

5. Алғашқы әсер қалдыру үшін сізде екінші мүмкіндік болмайды.

6. Баға жетпес әйел болу үшін үнемі өзгеріп тұру керек.

7. Иіс су – көрінбейтін, бірақ ұмытылмайтын үздік сәнді аксессуар. Ол әйелдің келгені туралы хабар беріп, ол кеткеннен кейін де оны еске түсіріп тұрады.

8. Қартаю махаббаттан сақтамайды, бірақ махаббат қартаюдан сақтайды.

9.  Әрбір әйел әдемі болып туылмайды, егер ол 30 жасқа келгенше, сұлу болмаса, онда ол жай ғана ақымақ.

10. Егер қандай да бір әйел сізді сұлулығымен таң қалдырса, бірақ сіз ол қандай киімде болғанын есіңізге түсіре алмасаңыз, – онда ол әйел киінгені еш мінсіз болған.