Ақ босаға

Жалдамалы пәтер: жалықтыратын интерьерді өзгертудің 10 тәсілі

Пәтер жалдайтын адамдар көп жағдайда өз қалауларына сай пәтер интерьерін өзгерте алмайтындығы жасырын емес. Олар үй иелерінің шектеулерін бұзуға жүрексінеді. Десек те, пәтердегі жалықтыратын дизайнды жиһаздар мен қабырғаларға зақым келтірмей-ақ, ауыстыруға әбден болады. 

Жалдамалы пәтердің дизайнын белгілі себептерге байланысты өз қалауыңызға сау жасау мүмкін емес,  дегенмен интерьерге мінез бен көңіл-күй қосқан жөн.

Айтулы мақаламызда жалға алынған пәтерлерді жабдықтау үшін дизайнерлер қолданатын 10 идеяны ұсынбақпыз. Яғни, жалдамалы тұрғын үйді ешбір жөндеусіз ыстық ұяға айналдырамыз.

 

1. Жиһазды «жабдықтаңыз» 

Пәтер немесе жер үй иелері ескі жиһаз тысқабынан құтылуға асықпайтындығы бар. Егер диванды немесе ауыр креслоны жабдықтау керек болса, ол үшін тігін машинасымен қолдануды үйренудің қажеті жоқ. Тек жиһазды жеңіл матамен жауып, артығын диван астына жібере салсаңыз болғаны.

Сонымен қатар дайын жиһаз тыстарын да қарастырып көруге болады. Су жаңа тысқаптың түсіне сай диван үстіндегі жастық пен көрпенің де тысын ауыстыруды ұмытпаңыз.

2.Қабырғаларды бояңыз

Өзіңіздің сүйікті суреттеріңіз бен картиналарыңызды ілу үшін пәтер қабырғаларын бұрғылаудан қорықсаңыз, оларды жақтауға салып, ашық сөреге қойыңыз (көзге көрінетіндей жерде тұрғаны дұрыс).

Кеңес: Қабырғаларды теспей-ақ жақтауды (немесе сурет сөресін) іліп қоюға көмектесетін Command суреттеріне арналған қысқыш-ілмектерді қолданып көріңіз.

3. «Өз» креслоңызды сатып алыңыз…

Қонақ бөлмеде отыратын орын жеткіліксіз болса, жұмсақ жиһаз бен кресло-қаптар мәселені шешуге көмектесетіні сөзсіз. Мұндай жиһаздың құны арзан тұрады, сондай-ақ оны бір пәтерден екіншісіне тасымалдау да қиынға түспейді.

 

Кеңес: Кресло-қаптардың толтырғышы уақыт өте келе «тығыздалады». Сол себепті бірден тысқабы бар креслоларды таңдаған жөн, яғни тек сыртқы ғана емес, сонымен қатар ішкі тыстары да созылғаны дұрыс. 

4. Үстел шамдарын сатып алыңыз

Жалдамалы пәтерлердің кемшілігі – жарық көздерінің жетіспеушілігінде. Тығырықтан шығуға үстел шамдары көмектесетіні даусыз, яғни классикалық үлгілерден ерекше дизайнерлік шамдарға дейін бөлмеге ерекше сән береді. Сондай-ақ, оларды үстелге ғана емес, басқа жерлерге де орналастыруға болады.

5. Перделерді ауыстырыңыз

Терезелерге қанық түсті немесе түрлі өрнекті перделерді іліңіз. Олар бөлме атмосферасын бірден өзгертеді.

 

Өзге де бонустар бар: тік жолақты перделер бөлмені биік көрсетсе, ал сары матадан тігілген шымылдық терезе сыртында күн жарқырап тұрғандай әсер қалдырады.

6. Кілемді де ауыстырған жөн

Жатын бөлменің интерьерін жаңартудың ең қарапайым тәсілі – ашық түсті кілем сатып алу. Төсек пен жастыққа немесе төсек-орын жабдықтарына жаңа жапқыш жабу да оңтайлы шешім болмақ.

7. Жапсырмаға тапсырыс беріңіз

Егер пәтер қабырғалары боялған болса, онда оларды түсқағаздармен емес, арнайы жапсырма-стикерлермен безендіруге болады. Себебі жаңа пәтерге көшкен кезде қабырғада іздер қалмайды әрі мұндай жапсырмаларды алып тастау да оңай болады.

8. Түс қосыңыз

Жалдамалы пәтерлерде жиі кездесетін мәселе – зат сақтау орындарының жетіспеушілігінде. Егер комод немесе шкаф сатып алуға бекінсеңіз, түрлі-түсті нұсқаларды қарастырып көріңіз.

Жалпы зат сақтау орны бөлменің нағыз сәніне айнала алады. Сөрелерге бірдей мөлшердегі, бірақ түрлі-түсті ашық қораптарды салыңыз.

9. Қолданыстағы жиһазды реттеңіз

Жалға алынған пәтерде аяқ киім қоятын жердің жоқтығы таң қаларлық дүние емес. Мұндай тұрғын үйлердің ішінде киім ілетін орын да болмауы мүмкін. Егер үйіңізде кітап аз, бірақ аяқ киім көп болса, кітапқа арналған сөрелерге сол аяқ киімдерді салып қоюға әбден болады.

10. Бөлшектер қосыңыз

Жалға алынған пәтерде ауыз үй үлкен мәселеге айналуы мүмкін. Сол себепті тәпішкелерді, шарфтарды және қолғаптарды сақтау үшін сым қораптар мен себеттерді пайдаланғаныңыз жөн. Олар кеңістікті жинақы ұстауға көмектеседі әрі бұл себеттерден қажет затты лезде табуға болады.