зиянды тағам
ДенсаулықСаулық үшін

Зиянды тағам: Қара тізімдегі 7 өнім

Зиянды тағам дегеніміз не? Ол тек фаст-фуд қана ма? Әлде күнделікті қолданып жүрген өнімдеріміздің өзі ағзаға зиян ба?

Тәбетпен тамақтану және ағзаға зиян тигізбеу үшін дайын тағамдарды қалай таңдауға болатындығы толғандырса, бүгін сіздерге тағам құрамындағы өнімдердің қайсысы оны сатып алудан бас тартуға түрткі болатындығын айтамыз.

Заманауи өмірдегі дайын тағамдар – таптырмас амал. Бірақ мұндай тағамдардан кейін тойымдылық сезімі өте тез тарқайтынын байқаған боларсыздар. 

Ұзақ жылдар қатарынан әмбебап дүкен сөрелерінде, жылдам жеткізу қосымшаларында тұратын таныс өнімдер расымен де зиянсыз ба? Әрине, негізгі факторлардың бірі – төмен баға болып келеді. Десек те мұндай саясат адамды терең ойға қалдыратыны да рас. «Бұл дайын тағамның құрамы қаншалықты сапалы әрі сау?» деген  сұрақ мазалайды. Мүмкін олардың барлығы зиянды тағам шығар?

Қаптамада көрсетілген компоненттер тізімі көлемімен шошытса да, оған көз жүгіртіп, тағам құрамымен мұқият таныс болу керектігін ұмытпаңыздар. Бүгінгі мақалада қатты ашыққан кезде де аулақ болу керек негізгі ингредиенттер жайында баяндамақпыз. Зиянды тағамнан аулақ болайық!

№1. Өсімдік майлары

Көп жағдайда дайын тағамдардың құрамында өсімдік майларының зиянды әрі шамадан тыс мөлшері кездеседі. Мәселен, тағам құрамынан күнбағыс, жүгері, рапс, мақта майларын көзіңіз шалса, одан бас тартқаныңыз жөн. Себебі, бұл майлардың құрамында полиқанықпаған май қышқылдары көп болғандықтан зиянды тағам қатарына жатқызылған. Сол себепті олар күнделікті тұтынылса жүрек ауруының дамуына ықпал етіп, қабынуды тудыруы ықтимал.

Әмбебап дүкен сөрелерінен құрамында зәйтүн немесе кокос майы бар өнімдерді алғаныңыз дұрыс, десек те, олар дайын тағамдардың құрамында сирек кездесіп жатады. Кездестірген уақытта да тағамның бағасы әлдеқайда қымбат болып келетіндігі де жасырын емес.

№2. Натрий глутаматы (MSG, Е621 тағамдық қоспасы)

Ең көп қолданылатын тағамдық қоспалардың бірі глутамин қышқылының тұзы болып табылады. Ол тез дайындалатын тағамдар құрамына айқын әрі қанық дәм беру мақсатында пайдаланылады.

Қоспа кез-келген тағамды тіл үйіретіндей етуге бейім (мысалы, жұмыртқа кеспесі дегендей). Бірақ ол пайдалы емес, зиянды тағам қатарында екені рас. Дәмдеуіштер, ет өнімдері, құрғақ сорпалар және жедел кеспе натрий глутаматынсыз жасалынбайтындығы жасырын емес. Ол әсіресе жапон, корей әрі қытай тағамдарының құрамында көп кездеседі.

Айта кетер жайт, глутамат барлық табиғи ақуыздардың құрамдас бөлігі болып табылады, сондықтан да оның өндірілуіне тыйым салынбаған. Алайда глутаматтың адам ағзасына әсері туралы дау әлі күнге дейін тыйылар емес.

Қалыпты тұтынуға рұқсат етілетіндігі үрей туғызатыны сөзсіз, әсіресе, күнделікті өмірде жиі қолданылатын өсімдік өнімдері мен тофу ірімшігіне қосылатындығы қорқынышты-ақ.

Дайын өнімдерді өндірушілер мөлшерлеу ережелерін елемей, тұтынушылардан көбірек сұраныс алу мақсатында қауіпті ингредиентті шамадан тыс мөлшерде қолданатындығы қыңжылтады.

№3. Зәйтүндер

Егер бөлек сатылатын сапалы зәйтүндер туралы айтатын болсақ, онда олардың денсаулыққа пайдалы екендігін жоққа шығара алмаймыз. Мәселен, олар жүрек-тамыр ауруларының туындау қаупін азайтады, қан қысымын қалыпқа келтіреді және ағзаның барлық жүйелеріне әсер ететін қажетті антиоксиданттарға бай болып табылады.

Ал дайын тағамдарға бірнеше рет өңделген, нәтижесінде барлық пайдалы қасиеттерін жоғалтқан зәйтүндер қосылады. Мұны тағам құрамындағы E579 тағамдық қоспасы ретінде белгіленетін темір глюконаты растайды.

№4. Тазартылған дәнді дақылдар

Нан, күріш немесе макарон өнімдері, көбінесе, дайын тағамның құрамдас бөлігі ретінде қолданылады. Олардың құрамына тағамның дәмін жақсартатын, сондай-ақ олардың пайдалылық деңгейін төмендететін тазартылған дәндер кіруі мүмкін.

Тазартылған дәнді дақылдар дегеніміз – көпшілік жоғары холестерин, жоғары қан қысымы, артық салмақ пен қант диабеті ауруларын туғызуына байланысты ұзақ уақыт көлемінде әрі табанды түрде бас тартуға тырысып келе жатқан тазартылған өнімдер. Сол себепті тағам таңдаған уақытта өнімнің құрамын мұқият оқып шығып, бидайдың нақты түрі көрсететілгенін алуға тырысыңыз.

№5. Натрий нитриті (Е250)

Е250 негізінен ет және балық өнімдеріне қосылады. Бұл консервант өнімдерге ашық түс береді әрі бактериялардың дамуына жол бермейді (мысалы, жұқпалы ауруларға әкелуі мүмкін стафилококктар немесе ботулизм), сондай-ақ өнімнің сақталу мерзімін ұзартады.

Натрий нитритінің қауіптілігі: дайын тағам қызған кезде қоспадан әлдеқайда зиянды заттардың пайда болатындығында. Бәріңізге белгілі, барлық дайын өнімдерді, ең алдымен, микротолқынды пеште қыздырамыз. Ол тағамды одан сайын ағзаға зиянды ете түседі.

№6. Трансмайлар (қанықпаған майлар)

Трансмайлар адамның жүрегі мен оның қан айналымы жүйесіне ерекше қауіп төндіреді. Олар қаныққан майларға қарағанда әлдеқайда зиянды және асқынған жүрек ауруларын тудырады, артериялардың бітелуіне әкеліп соғады.

Трансмайларды жиі қолдану LDL холестеринін жоғарылатып, ал HDL холестеринін (артерияларды тазартатын және жүрек ауруының қаупін төмендететін «жақсы» жоғары тығыздықтағы холестерин) төмендете түседі.

№7. Жасанды тәттілендіргіштер

Кәдімгі қантты алмастырғыш ретінде қолданылатын сукралоза (E955), сахарин (E954) немесе аспартам (E951) сияқты хош иісті химиялық қоспалар кең таралған тәтті тауарға қарағанда адам ағзасына көп зиян келтіруі мүмкін.

 

 

Бұл химикаттар тудыратын басты проблема: сынақтан өтсе де, қанықтылық пен талғамға қанағаттанудың қысқа көрінісін тудырады, қанша жесеңіз де, тойымдылық сезімін сезінбейсіз. Сол себепті қоспаларды адамдар жиі тұтынады. Десек те, дене бітіміңізге зиян тигізбесе де, тәттілендіргіштерді байыппен қабылдаған жөн.

Ұқсас мақалалар:

Маркетологтар қулығы: Падалы азық таңдайық