Нумерология

Нумерология: 3 санының құдіреті

Бұл нөмірде біз үш санына тоқталғымыз келеді. Қазақ халқында бұл сан қасиетті деп тәспірленеді. Мысалы, үш қуат (ақыл, жүрек, тіл) және үш жүз бен үш би деген сияқты дүниелер оған себеп бола алады. Одан кейін аптаның үшінші күні, яғни сәрсенбіні сәтті күн деп, алыс сапарларды сол күнге жоспарлаған. Бізден өзге халықтарда да үш санының қасиеті жайлы айтылады.

Бір мен екінің қосындысы ретінде қандай да бір істің бастамасы деп түсіндіріледі. Қытайларды үш саны біраз құбылыстың символикасы болып табылады. Жарықтың үш көзі – Жұлдыз, Күн, Ай. Үш бастау – Аспан, Жер, Адам. Отбасының үш элементі – еркек, әйел, ұрпақ.

Ал, 3 саны – нумерология  бойынша  талант, креатив, ерекше нәрселерді сезіне білу. Үш саны жоқ адамдар сезімге емес, логикаға жақын. Керісінше 3 саны матрицада көп болса адам ізденімпаз, ғылым зерттегенді жақсы көреді. Өзгенің айтар ойын бірден түсінеді. Одан кейін дауыстары жақсы, диапазондары кең болып келеді. Көптеген атақты әншілерде 3 саны көп екен.

 

Саныңа қарап, тәніңді сақта!

Денсаулық бойынша кеңес беру шығыс пен тибет медицинасының негізі у-син нумерологиясында жатыр деп айтуымызға дәлелдер көп. У-син ілімі – бұл өмір мен өлімнің өзара күрделі байланысын сипаттайтын бес алғашқы элемент, яғни 5 стихиямен өлшенеді. Бұл ілім заттар мен құбылыстардың негізгі даму кезеңдерін бақылау нәтижесінде қалыптасқан. Демек, әлемнің әр затын немесе құбылысын осы 5 элементтермен байланыстыруға болады деген сөз. Бүгін сіздің осы элементтеріңізді анықтап және денсаулықтарыңызда қандай қияндықтар бар екенін анықтап көрейік. Тіпті ол ағза ауырмаса да, оны сақтау керек екенін түсініңіз.

Ол үшін сіздің туған жылыңыздың соңғы саны керек. Мысалы, сіз 1989 жылы туған болсаңыз 9 санын аласыз.

✔ 0 және 1- МЕТАЛЛ. Тыныс алу жолдары, дәлірек айтқанда мұрын ауруға бейім. Аллергияның да жабысуы ғажап емес. Бұл жылы туған адамдарға түрлі-түсті өнімдерді тұтынуға болмайды. Яғни, сәбіз, қызылша, қарбыздан байқаңыз.

 ✔ 2 және 3 – СУ. Бұл жылы туғандардың бүйрек, құлақ, тыныс алу жолдары ауруға бейім келеді. Сол үшін мүмкіндігінше осы ағзаларды суықтан, судан қорғаныңыз. Мүмкіндігінше тамақтану рационына балықты көбірек қосыңыз.

✔4 және 5 – АҒАШ. Өт жолдары әлсіз келеді. Сондықтан тым майлы тағамдардан аулақ болып, көкөністер мен жемістерді молынан пайдаланыңыз.

✔6 және 7 – ОТ. Жүрек жиі мазалайды. Аллергия мен бас ауру тез жабысады. Мұндай адамдарға тауық етін жиірек жеу керек.

✔8 және 9 – ЖЕР. Тері аурулары мазалап, тоқ ішек жиі зақымданады. Тым салмақ салмағаны дұрыс. Тағамына дәнді дақылдар, күріш, қарақұмықты молынан салуына болады.

Құралай Бақытқызы

«Сырласу» журналының нумерологы  +7 708 230 5080