Нумерология

Пәтеріңіздің сандары неге жауап береді?

Біз тұратын пәтеріміздің сандары қандай да бір қасиетке ие. Нумерологтар өзінің келушілеріне пәтер нөмірі бойынша да кеңес беріп, нешінші үйде тұру керек екендіктерін анықтап жатады. Үйде нөмірлерінің қандай қасиетке ие екенін анықтап көрелік. Ол үшін өзіңіздің тұратын үй нөміріңізді есептейсіз. Мысалы, 5 пәтер болса сол сан қалады, ал 63-ші болса оны 9 деп санаймыз. Яғни, пәтер нөміріндегі сандарды қосқан кездегі нәтиже сіздің үйіңіздің коды.

Құралай Бақытқызы «Сырласу» журналының нумерологы
Құралай Бақытқызы, нумеролог

1 пәтер – адамға сенімділік береді, көшбасшылық қасиетке ие боласыз. Өзгенің ой-пікіріне құлақ аса бермей, тек өзіңізге сенуге көмектеседі, яғни интуицияға жиі жүгінетін боласыз. Бизнес ашуға ықпал етеді, мақсатыңызға жетуге ұмтылатын боласыз.

2 пәтер – қуат, энергия беретін үй, спортқа әуестік ойнайды. Бірақ эмицияға беріліп, жиі ашулануыңыз мүмкін.

3 пәтер – позитивті сан, қоғаммен қарым-қатынас жақсарады. Бұл үйде барлық жұмыс креативпен, тың идеямен жасалады. Өнеріңіз ашылып, сурет салу немесе өлең жазуға құштарлық артуы мүмкін. Сондай-ақ, той-думандар жиі болатын қоныс. Бірақ ақшаңыз жиі шашылатын болады.

4 пәтер – тазалыққа ұмтылып, шыдамдылықты артырады. Фантазияңыз дамитын, тіл үйренуге қызығушылық оянатын мекен. Дегенмен, мұндай үйдегі адамдар өтірікті жиі айтуы мүмкін, себебі әңгімені жақсы көргендіктен әсерлеп жібереді.

 

5 пәтер – үнемі қозғалыста жүресіз. Саяхатқа шығып, не болмаса жиі жұмыс ауыстыруыңыз әбден мүмкін. Мейірімділік пен бауырмалдыққа үйренесіз, патриоттық сезім оянады. Сонымен қатар, дінге жақындық, имандық келеді.

6 пәтер – гармонияға толы, туысқандар жиі бас қосатын жер. Бұл үйде тұратындар өзгеге көмек беруге ұмтылып тұрады. Сосын табысы берекелі болып, ақшасы үзілмейді.

7 пәтер – бойдақтарға жақсы жер. Бұл нөмірдегі үйлер адамға харизма беріп, көпшілікке ұнауына әсер етеді. Отбасылық бақыт болады, тұрмысқа сәтті шығуға көмектеседі.

8 пәтер – кәсіпкерлерлікке, бизнесқа жол ашатын үй. Ақша қалай жеңіл келсе, солай кетеді. Бірақ, аяқасты тосынсыйлар болады. Соған қоса, бала саны көп болатын үй.

9 пәтер – білім алып, сауат ашылып, рухани байысыз. Аян түстер көретін, армандар орындалатын үй.