ДенсаулықСаулық үшін

Оразадағы тамақтану тәртібі: 7 алтын ереже

Ораза кезінде 16-17 сағат бойы ашыққаннан кейін ауызашар дастарханындағы көл-көсір тағам тәбетті ашатыны сөзсіз. Дегенмен, Рамазандағы дұрыс тамақтану тәртібін ұмытпағаныңыз жөн. Иә, ауыз бекіту пайдалы. Алайда, оның шарттарын толық орындағанда ғана сіздің денсаулығыңызды нығайтады. Егер ережесі сақталмаса, онда тек зардабын шегуіңіз мүмкін.    

Суды көп ішіңіз.

Биылғы ораза нағыз мамыражай маусымға келіп тұр. Күн жылы болғандықтан суды да көп ішкеніңіз жөн. Ауыз бекітер кезде шөліңізді қандырып су ішіп алыңыз. Сонда күні бойы ағзаңыз құрғамай, жақсы жүресіз.

 Шөлдететін тағамдарды тұтынбауға тырысыңыз.

Тұздалған жаңғақ, тұздалған қияр, консерві, балықты пайдаланбаған жөн. Дәмдеуіші көп асты да тұтынбаған дұрыс. Ол да адамды шөлдетеді. Ағзаңыздағы судың тепе-теңдігін ұстап тұруға көмектесетін жемістер мен көкөністерді көбірек жеңіз.

Асықпай ауыз ашыңыз.

Ұзақ уақыт ашыққан соң бірден көп тамақ жеу ағзаға күш түсіреді. Әуелі, құрма жеп, одан кейін су ішіңіз. Аздап тынығыңыз. Біршама уақыттан кейін сорпа ішіп, салат жеуді бастайсыз. Содан соң ғана негізгі асқа бет бұрған жөн. Осылайша, асқазан жұмысын баяу іске қосасыз. Ауызашар кезіндегі ең пайдалы тағам – жылы сорпа. Ол ағзаға керек қоректік заттардың орнын толтырып, ішек-асқазан жолдарын негізгі асқа дайындайды.

Теңгерімді тамақтануды қадағалаңыз.

Ауызашарда протеин, көкөніс, дәнді-дақыл, жеміс және пайдалы майлар болуы тиіс, Сондықтан, барынша пайдалы асты таңдаңыз.

 Қуырылған, тұзды және майлы тағамнан бас тартыңыз.

Ет, бұршақ, жұмытқа мен сүт өнімдері протеинге бай. Осы аталғандардың ең болмағанда біреуін күніне пайдаланып тұрған жөн.

 Тәттіден бас тартыңыз.

Ауызашарға тәтті жесеңіз, ішіңізді кептіріп жіберуі мүмкін. Сонымен қатар, қандағы глюкозаны көбейтеді. Егер тәттісіз тұра алмайтын болсаңыз, онда ауыз ашып болған соң 2 сағаттан кейін жеуге болады. Ең дұрыс шешім – құрма, кепкен жеміс секілді тәттілерді пайдалану.

 Кофені ұмытыңыз!

Рамазан кезінде кофе ішпеуге тырысыңыз. Сонда басыңыз ауырып, ұйқысыздыққа тап болмай, тынығып қаласыз.