Қытай Нумерологиясы бойынша, адам дүниеге келген кезде қуаты бірдей Ци Мень Дун Цзя картасындағы барлық үйлер толады. Сол себепті адамның өміріндегі бір іс-әрекет қайта қайталанады. 2021 жыл – Синь-Чоу жылы. Синь жылына соңы 1-ге аяқталатын жылдар, яғни: 2011, 2001, 1991, 1981, 1971 кіреді. Ал Чоу жылына: 2009, 1997, 1985, 1973, 1961 жылдары жатады.

Өткеніңізді саралаңыз.
Осы жылдары өміріңізде қандай жағдайлар болғанын есіңізге түсіріп көріңіз. Олардың басым бөлігі сізге сәттілік әкелді ме? Әлде керісінше сәтсіздікке, қиындыққа толы болды ма? Егер қиындықтар болса, олардың туындауына не себеп болды? Сіздің іс-қимылыңыз бен ой-өрісіңізді өзгерте келе ол қиындықтардың алдын алуға болар ма еді?
Мүмкін бұл жылдары ең қымбат жандарды кездестірген боларсыз, не олимпиадада, жарыстарда жеңіске жеткен шығарсыз? Ендеше, жаңа жылда да сіздің өміріңізде жақсылықтар көп болады.
Ал егер аталған жылдар сіз үшін сәтсіз өтсе, жақыныңызды жоғалтып, сырқаттанған болсаңыз, демек өткен шағыңыз сізге ескерту жасамақ. Алдағы уақытта барынша абай болып, келеңсіз жағдайларды ақылмен шешкен абзал.
Ал,сіз бұл ықтималдылық жөнінде ойланып көрдіңіз бе?