TrendСән

Сәннен қалмайтын киім: қалай үйлестіреміз?

Қыс мезгілінде сәнді әрі жылы киінгіңіз келсе, онда пішіні қарапайым, негізгі түстен тұратын тоқыма жемпірлерді таңдаңыз. Олар жыл сайын трендте, ешқашан сән сахнасынан шығып қалмайды.

ЕҢ БАСТЫСЫ, пішіні қарапайым болуы керек. Денеге жабысып емес, кеңдеу тұратынын таңдаған жөн. Екіншіден, түсі басқа киімдеріңізбен үйлесіп тұруы тиіс. Осы екі талап орындалса, онда тоқыма жемпіріңіз сізге ұзақ жылдар бойы қызмет етеді. Сәннен шығып қалады, басқа киімдеріммен жараспайды деп бас қатырмайсыз.

ТӨМЕНДЕ ЖЕМПІРДІ ҚАЛАЙ, НЕМЕН ҮЙЛЕСТІРУГЕ БОЛАТЫНЫН ҰСЫНДЫҚ