Нумерология

Сиыр жылы – табысты жыл!

Құрметті оқырман,  назарларыңызға 2021 – Ақ Сиыр жылына арналған болжамымды ұсынамын. Ең әуелі сөзімді жылдың энергетикалық аспектісінен бастағым келеді.

Келе жатқан 2021 жыл 0, 4 және 8-ге аяқталатын жылдары туғандар үшін қолайлы болады деп болжануда. Олар жыл бойы «Мейірімді адам» жұлдызының көмегіне сене алады. Яғни, адамдар достары мен мұғалімдерінің немесе демеушілерінің тарапынан қолдау көруі мүмкін. Сондықтан, 2021 жылы олар материалдық тұрғыдан өзгелердің көмегіне батыл жүгіне алады.

Барыс жылы туғандар үшін «Қызыл Феникс» жұлдызы немесе «Махаббат сиқыршысы» жандандырылады. Бұл оларға екінші жартысының алдында тартымды болып көрінуге көмектеседі. «Феникс қуаты» Сиыр жылының соңында, яғни 2022 жылдың қаңтарында ерекше күшке ие болады. Егер жалғызбасты болсаңыз, Жаңа жыл кештерін өткізіп алмаңыз және қысқы демалыстарыңызды белсенді өткізіңіз.

Қоян жылы туғандарға хирургиялық оталардан сақ болу керек. Көктегі «ит жұлдызы» медициналық отаның нәтижесінде денеде жаралар немесе тыртықтар пайда болуы мүмкін екенін ескертеді. Тиісінше, егер бұл шұғыл ота болмаса, оны кейінге қалдырған абзал.

Алдағы жыл туған жылы 5 пен 6 сандарына аяқталатын, жұлдызнамасында ешкі мен егеуқұйрық белгілері бар адамдар үшін жаңалыққа толы болады деп сеніммен айтуға болады. 5 санына аяқталатын жылдары туғандар өз денсаулығына жыл бойы қамқорлық жасауы керек. Сонымен қатар, кейбір алаяқтардың құрығына түсіп қалмау үшін ерекше сақ жүргеніңіз жөн.

 Ешкі жылы туған адамдар жыл Ханзадасымен қақтығысуда. Одан қорқудың қажеті жоқ. Бұл жағдайда да оң өзгерістер болуы мүмкін. Бәрі Ба Цзы жеке картасының жалпы энергиясына байланысты. Дегенмен өзгерістер бәрібір болады деп күтілуде.

Ешкі жылы туғандарға 2021 жылы абай болған жөн. Олар үшін бұл жылы қарбалас көп болады. Достармен және айналадағылармен қарым-қатынаста белгілі бір динамика көрініс табуы мүмкін.

Барынша еңбек етіп, жұмыс істейтіндердің барлығы маусым айында жақсы табысқа жетеді. Бұл жыл ақша жинау үшін қолайлы болмақ. Сондай-ақ, көптеген адамдарға қаржы күтпеген жерден келеді. Материалдық жағдайды жақсарту үшін Жер энергиясын іске қосуға болады.

Ол үшін жылдам әрекет етіп, лезде шешім қабылдап, кейде тәуекелге барып, өзгелерге өзіңізді танытуыңыз қажет. Белсенді болыңыз.

Сөзімді қорыта келе алдағы 2021 жылдың жеңіл өтетінін атап кеткім келеді. Осы жылға барлығы үшін алғыс айтуды ұмытпаңыз. Жаңа жыл құтты болсын! Жаңа жыл жаңа табыстарға же­телесін!