Ас мәзіріНегізгі ас

Франция дәмінен…

Кейде отбасы мүшелеріне әдеттен тыс ерекше тағамдарды ұсынғыңыз келетіні хақ. Тек мерекелі кештерде ғана емес, қарапайым күндері де дастаханыңызды түрлендіруге болады.

Ол үшін «Mila» дәмханасының су-шефы Jeremy Champagnon ұсынған тағамдарға көз жүгіртіңіз!

Алмадан жасалған татин

Француздардың сүйікті тәттілерінің бірі – алмадан жасалған татин. Бұл – кез келген адам әзірлей алатын, дәмі тіл үйіретін тағам. Ауыр кешкілік астан кейін татинмен шай ішсеңіз, ерекше күйге бөленеріңіз сөзсіз. Сондай-ақ, байқасаңыз, дайындау әдісі тіпті оңай.

Құрамы:

Ванильді балмұздақ – 50 гр

Алма – 150 гр

Карамель – 10 гр

Үгілмелі печенье – 150 гр

Лимон шырыны – 1 ас қ.

Дайындау әдісі:

  1. Печеньелерді үгітіп, тәрелкеге дөңгелек етіп орналастырамыз.
  2. Бұл уақытта қызып тұрған табаға аршылған алманы саламыз. Содан кейін лимон шырынын сеуіп, алма алтын түске боялғанша қуырып араластырамыз.
  3. Печеньнің үстіне алма мен балмұздақты қою керек. Артынша әсемдеу үшін карамельді құйып шығамыз. Ас болсын!

«Tenderloin»

Құрамы:

Сиыр еті – 200 гр

Баялды езбесі – 50 гр

Асқабақ муссы – 30 гр

Брокколи – 30 гр

Пияз – 20 гр (маринадталған)

Shitaki саңырауқұлақтары – 40 гр

Фме сорпасы – 50 гр

Дәмдеуіш шөптер – шым-шым

Зәйтүн майы – 1 ас қ.

Тұз бен бұрыш – шым-шым

Дайындау әдісі:

  1. Табаны қызып тұрған отқа қойып, зәйтүн майында етті қуырамыз. Үстінен түрлі дәмдеуіш шөптерді себеміз.
  2. Содан кейін 180°C-та қызып тұрған пеште етті тағы 7-10 мин пісіру қажет.
  3. Алдын ала дайындалған баялды езбесін тәрелкеге салымыз.
  4. Етті пештен алып, 2 минуттай суытамыз. Содан соң тұз бен бұрыш қосып, екіге бөлеміз. Кейіннен баялдыдан жасалған езбенің үстіне етті орналастырамыз.
  5. Артынша сиыр етінен әзірленген фме сорпасын еттің үстіне құю қажет.
  6. Содан кейін брокколимен, маринадталған пиязбен және асқабақ езбесімен безендіреміз.

«Buratta»

Италиялықтардың буратта ірімшігімен дайындалатын бұл тағамның әзірлену жолы бір қарағанда күрделі болып көрінуі мүмкін. Алайда нәтижесі кеткен уақытқа тұрарлық болатынына кепілдік береміз. Бұл аспен отбасы мүшелерімен қатар қонақтарды да естен тандыратыныңыз сөзсіз.

Құрамы:

Буратта – 1 д.

Інжір – 100 гр

Салат жапырағы – 30 гр

Қарағай жаңғақтары – 15 гр

Песто тұздығы – 30 гр

Дрейссинг тұздығы – 50 гр

Дрейссинг тұздығына қажетті заттар:

Зәйтүн майы – 100 мл

Лимон цедрасы – 1 д.

Лимон шырыны – 4 ас.қ.

Тұз бен бұрыш – дәміне қарай

Қызыл шарап пен портвейн – 100 мл

Дайындау әдісі:

  1. Ыдысқа үйде бар салат жапырақтарын саламыз. Үстіне дрейссинг тұздығын құямыз. Содн кейін міндетті түрді дәміне қарай тұз бен бұрыш себіледі.
  2. Қызып тұрған отқа кәстрөлді қойып, қызыл шарап пен портвейнді құямыз, артынша бал мен інжірді қосамыз. Қоспамыз қоюланғанша баяу отта бұқтыру қажет.
  3. Тәрелкеге бураттаны абайлап орналастырып, жанына туралған салат жапырағы мен інжірді әсемдеп қоямыз. Соңынан қарағай жаңғақтарымен және песто соусымен безендіреміз.

Өзге де ас мәзірлерін сайтымыздың дастархан бөлімінен таба аласыз.